VI. Қорытынды: «Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес,пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді.Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:"Не істеп,не оқысам да соның бәрі,тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін",-деген екен.Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттерінің өздеріне шәкірт тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес етіпті» Я.А.Каменский. Біздердің, деңгейлік бағдарламаны меңгерген, әріптестердің іс-әрекеті(коучинг, тәлімгерлік, топтық жұмыстар, шеберлік сыныптар т.б.)осы даналар сөзінің айқын көрінісі. Өйткені курстан өтпей-ақ осы бағдарламаны қолданатын мұғалімдер күн санап артып отыр. Қазақ халқында біреуге жақсылық жасау - үлкен сауап. Бір-бірімізден жақсылығымызды аямайық, үйрете жүріп, өзіміз де үйренуден жалықпайық!