Коучинг сабағының тақырыбы «Ақпараттық- коммуникациялық технологияны / акт/ пайдалану арқылы топтық жұмысты дамыту»



Дата21.04.2017
өлшемі10,16 Kb.
#14309

Коучинг сабағының тақырыбы «Ақпараттық- коммуникациялық технологияны / АКТ/ пайдалану арқылы топтық жұмысты дамыту»

  • Коучинг сабағының басты мақсаттары:  - Мұғалімдерге оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету.  - Мұғалімдерге оқытуды жетілдіру мақсатында АКТ-ны қолдану бойынша көмек көрсету.
  • -оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, заман талабына сай инновациялық бағытта жұмыс жасауда мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану
  • Коучинг сабағынан күтілетін нәтижелер.
  • Білім беру жүйесіндегі үнемі жаңарулар мен өзгерістер неліктен жасалынып жатыр? Бұл өзгерістер кімге қажет? «Мектептің тірегі де, тіреуі де мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай мұғалімге де, оқушыға да, қоғам талабына сай міндеттер жүктелуде. Соның ішінде мұғалімге қойылатын талап ерекше. Ұстаздың бүгінгі бейнесі білімділік, парасаттылықпен қатар заман талабына сай мұғалім болуымен ерекшеленеді. Олай болса, білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет-ақ.  АКТ оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Сабақ беру әдісіне компьютерлік технологияның жаңаша өзгерістер мен идеяларды қосатынына сенімім мол. АКТ – ның көмегімен оқушының оқуға қызығушылықтары артып, өзіндік баға беруі, өзін-өзі бағдарлауы да дами бастайды.

Сергіту сәті,топқа бөлу

  • Сергіту сәті,топқа бөлу.

1-кезең.Интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін көру мақсатында «Қазақстан туралы презентация» видеоролик тамашалаймыз.

  • ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімді ұштастыру үшін АКТ – ның мүмкіндіктерін пайдалану оқушылардың білім сапасын арттыруға көмектеседі. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа аудио қондырғыларды, теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай оң нәтиже береді. Кез-келген сабақта электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыспен айналысуына жағдай жасайды. 

1-тапсырма. Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру А4 парақтарына өздерін «кімге? неге?» теңейтіні туралы сурет салу керек.

  • Сіздер ойланып отырып параққа әр түрлі бейнелерді салуларыңыз керек. Әрқайсысы өздерін қалай бағалайтынын, салған суреттеріне қарап сипаттама беріп, қорғап шығулары керек.

2-тапсырма. Топтық жұмыс

  • «Білікті - жаңашыл мұғалімнің сабағы қандай болу керек?».  Топтағы мұғалімдер осы сұрақ бойынша постер жасау керек.Оны топ спикері қорғайды.
  • АКТ–ның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы өте көп екендігін ортаға салып талқылаңдар. 

2-кезең .АКТ-ны сабақта пайдалану әдістерін көрсету

  • АКТ-ны пайдаланып өтілген ашық сабақтардың жоспарымен таныстыру.
  • Ашық сабақтардың бейне жазбаларынан үзінділер көрсету.
  • Ашық сабақтарға талдау жасау.

3-кезең Сергіту сәті Мұғалімдердің көңіл-күйін көтеру мақсатында «Сергіту сәтін» өткіземіз.

4-кезең Қорытындылау.

  • Коучинг сабағы – мұғалімге бағыт-бағдар беріп, оның шеберлігін шыңдап, әрі қарай өсуіне ықпал етеді. Қандайда бір нақты бір мәселелерді шешуге итермелейді. Коучинг сабағын тыңдаушыға қандайда бір ережелер жүйесін ұсынушы болып табылады. Коуч өткізушісі – жаттықтырушы, бапкер. Коучингті өткізу үшін тиянақты дайындық, білім дағды қажет. Мектепте коучинг жургізу арқылы әріптестерім мәлімет жинақтап, өз тәжірибелерінде қолдана алдым деп ойлаймын.  Қорыта келгенде «Ақпараттық- коммуникациялық технологияны / АКТ/ пайдалану арқылы топтық жұмысты дамыту» тақырыбындағы коучинг сабағымның өз әріптестеріме әдістемелік көмегі болды деп ойлаймын. АКТ-ны қолдану арқылы болашақта өз пәндері бойынша көрнекіліктерді,тақырыптық тесттерді компьютерде жасау, электрондық оқулықтарды күнделікті сабақта пайдалануға, ғылыми терминдерді жинақтау ,оқушыларды сын тұрғысынан ойландыратын бейне көріністерді,сергіту сәттерін өткізуге септігін тигізеді деп ойлаймын. АКТ-ны пайдаланудағы сауаттылықтарын көтеруді ,меңгертуді жоспарлап отырмын. 

7-кезең Рефлексия жазу

  • Құрметті әріптестер рефлексия жасауда коучинг сабағынан алған әсерлеріңізді, сабақтың түсініксіз тұстарын, келешекте не істеу керек екендігін және нелерді үйренгіңіз келетінін жазыңдар.
  • “Екі жұлдыз,бір тілек”

Коучинг сабағына қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет! Сіздердің шығармашылық жұмыстарыңызға үлкен табыстар тілейміз.

  • Коучинг сабағына қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет! Сіздердің шығармашылық жұмыстарыңызға үлкен табыстар тілейміз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет