Коучинг тақырыбы «Мәтін арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»



Дата26.06.2018
өлшемі135,4 Kb.
#44241

Коучинг

22.12.2016

Коучинг тақырыбы


«Мәтін арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Мақсаты

Мұғалімдердің   мәтін арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал  ету,  жаңалыққа құштарлығын ояту.

Өзінің  тәжірибесі туралы ойлану.

Mұғалімдерге оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оларды оқу мен тәрбие жұмыстарында қалай қолдануға  болатындығы жайлы, ол әдіс-тәсілдердің тиімділігі  туралы тәжірибе алмасу.


Әдебиет

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Нәтиже

-Мұғалімдермәтін арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағыжаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді.

-Оқу процесінде жұмысты түрлендіру  арқылы оқушылардың дарындылықтарын айқындай біледі.

-Жұмыс жасау   тиімділігі жайлы мағлұмат алады, оны өз тәжірибелерінде қолданады.


Коучердің әрекеті

Уақыты

Қатысушылардың әрекеті

Ресурстар

1. Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Өздерін таныстыру



Слайд

2. Топқа бөліну суреттер бойынша

От, су, күн болып топтарға бөлінеді



3 мин

Әр топ өздерін таныстырады және ереже құрады.

Топтық жұмыс

  • 3. Қолданып жүрген әдістермен таныстыру.

«Ой жалғау» әдісі.

Мұғалім мәтінді жартылай оқиды ары қарай   Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді.   

4. Тірек сөздер арқылы мәтін құру.

«Аквариум» әдісі

Әркім өз тобында талдаған соң, топтар үнсіз ақылдасып, қай топ айтсын деген кезде барлығы үнсіз қолмен сілтеп көрсетеді. Бұл әдіс тыныштық орнату, кезекпен сөйлеуге тиімді.

5. «Галерея шарлау» әдісі. Алдын-ала балалардың салған суреттері ілініп қойылады.

«Қарабатыр» мәтінін бөлімге бөліп тарату.

6. «Ой қозғау» әдісі.  Өздері мәтін құрайды.


7. «Жақсы деген немене, жаман деген немене» мәтіні





5мин

5 мин

5 мин
5мин

5мин

1топ – қайғылы.

2топ – көңілді.     

3топ – юмормен  жалғау, аяқтауға тапсырма.

Спикер шығып оқиды.

1-топ Әңгімелеу

2-топ Пайымдау

3-топ Сипаттау

1 топ Басы

2 топ Ортасы

3 топ Соңы



Мәтінді оқып, түсініп өзіне сәйкес келетін  суреттерді табуға тапсырма.

1 топ

2топ



3топ

1 топ жақсы қылықты оқушы сахналау

2 топ жаман қылықты оқушының суретін салу

3топ« 6 неге?» әдісін яғни басқа топтарға 6 сұрақ дайындауға тапсырма берілді.

Спикер шығып қорғауға болады немесе сахналап топ түгел шығуға да болады.


Слайд «Өзім туралы»

Ол – аяулы ана

ол -жанашыр туыс,

ол - белсенді мұғалім,

ол - сүйікті мұғалім,

ол - көшбасшы

фотолары шығып тұрады.

Суреттер


Суреттер таратылып береді

8. « » видеороликті ұсынамын

5 мин

Фильмді көреді

АКТ

Видеоролик



9. Сауалнама алу

«Жаттығу 3 мин тест»



3 мин

Сауалнама толтыру

Бағалау

10. Рефлексия


5 мин




Кері байланыс

11. Пікірлер ағашын толтыру. 3:2:1 әдісі


2 мин

Пікірлер ағашын толтырады.

Пікірлер ағашы






         Слайдтан

  • Өз еркіне салу . Тек көрермен болам деушілер орында қалады, белсеніп жұмыс жасаймын дегендер ортаға шығады.(адам көп келсе)

  • Шаттық шеңбері. (Шаңырақ) 3 топқа бөлу



  1. «Авторға сұрақ», «Ыстық орындық» «Таңғы студияда» әдістері.

Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студияда» бағдарламасының желісінде өткізілді. Қонаққа Бердібек Соқпақбаев келді.Залдан сұрақтар ,телефоннан сұрақтар қойылады. Сұхбаттан соң ойындар ғылымының докторы Жадыра Бейсенованы шақырып ойын ойнатты.





  1. Сөздік жұмыс арқылы жұмыс.

Сөздік кітабын жасап мәтіннен таныс емес сөздіктерді «Өз сөздік» кітабына жазады.

  1. Видеоролик  көрсету. Жаман бала болмайды ,жаман орта, жаман тәрбие әсер етеді.Балаға мейіріммен қарау керек деп ой қорыту.

  2. Рефлексия. «Ең белсенді», «Ең шығармашыл», «Ең құнды ой айтқан» адамдарды анықтату.

  3. «2 жұлдыз,  1 тілек» әдісі. Қатысушылар 2 жақсы,ұнағанын және 1көңілі толмаған не нұсқау айтады.

«Бес саусақ» әдісі.

Тақтамен жұмыс.



Мектеп ұжымына ,мұғалімге тілек , парақтың астында қатысушыларға тілек жазылган.






Қарабатыр

Қарабатырды бала кезінде басқа елдің жолаушылары ұрлап кетеді. Қой бақтырып, аш, жалаңаш, тамақ бермей ұстайды. Қойдың сүтін сауып, күнін көріпті.

Бір күні елі есіне түсіп, жылап отырады. Бір қарға келіп қонады. Бала көмек сұрайды, қарға қарқылдап ұшып кетеді. Сауысқан келіп қонады. Бала көмек сұрайды, бірақ сауысқан шық- шық етіп, ұшып кетеді. Тырна келіп қонады. Бала көмек сұрайды, бірақ тырна да тыру- тыру дейді де, ұшып кетеді. Одан кейін қаз келеді. Бала көмек сұрайды, қаз қаңқ етеді  де, ұшып кетеді. Аққу келеді. Бала көмек сұрайды, аққу тоқталынқырап көлденеңдеп тұрады да, ұшып кетеді.

Біраздан соң қарлығаш ұшып келеді. Бала көмек сұрайды. Қарлығаш олай бір ұшады, былай бір ұшады да, баланы қимай, қолына қонады. Бала көйлегінің етегін жыртып, қарлығаштың мойнына байлайды. Қолын инемен шаншып қанатады да, сол елдің таңбасын салып жібереді. Қарлығаш баланың елін іздеп отызыншы күні бір ауылға келіп қонады. Әр үйдің шатырына қонып, адамдарды байқап жүреді. Сөйтіп шаршап қалғып отырғанда, біреудің жылаған даусын естіп қояды.

Анасының зарлап жылауы:

Ау, шырағым, құлыным, маңдайымда тұлымым, көлге біткен құрағым, жалғыз ұлым, шырағым. Жау алды ма, білмедім, су алды ма, білмедім, аң алды ма, білмедім. Жиырма төрт ай болды сені көрмегеніме.

Әкесінің зарлауы: - Жалғыз біткен тал - шыбық, келбетің келген қарағым, бір хабарын білуге, дүниені кезіп қарадым, аш бурадай жарадым, он екі мүшем сөгілді, аш күзендей бүгілді, берік-ақ еді сүйегім,  өрт шалғандай егілді. Қайда кеттің, сұңқарым,үміт еткен, тұлпарым.

Қарындасының зарлауы: Асыл еді негізі, бірге туған егізім, сен туғанда ойлаушы ем: арғымақ ат мінермін, асыл киім киермін, тең құрбымнан ілгері мен жарқырап жүрермін, биіктен талап етермін, ойын- күлкі сауықпен, қызық дәурен сүрермін. Егізімнен  айрылып, ақша беттен қан кетті, көңілімнен жан кетті.



Түс көрдім, түсімде бір іс көрдім: қолдан ұшқан сұңқарым қайта қонып жүр екен. Үйірден шыққан тұлпарым қайта келіп жүр екен. Бірге туған құлыным үйге келіп жүр екен. Қарлығаш осының бәрін естіп, сол үйге келіп қонған екен. Баласының белгісі арқылы Қарабатырды тауып, еліне алып келеді екен.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет