Бекітемін:
Мектеп-гимназия директоры: Ж.Қ.Нұрқұл
Сабақтың тақырыбы
|
Диалогтік оқытуда топтық жұмысты пайдалану.
|
Өткізілген уақыты
|
21.09.2015ж.
|
Сабақтың мақсаты
|
Мұғалімдерге диалогтік оқыту қызығушылығын дамыту жолдарын үйрету. Диалогтік оқытудың сөйлеу дағдыларына тиімділігіне мұғалімдердің көзін жеткізу.
|
Сабақтың нәтижесі
|
Диалогтік оқыту сабақта басым екенін түсінеді, оқушының сабақта өз ойын еркін жеткізіп, сөйлеуіне көбірек мән береді. Диалогтік оқыту туралы түсінік алады.
|
Коучингті өткізу әдістері
|
Миға шабуыл «Сағат» әдісі
|
Ұсынылған ресурстар
|
Үлестірмелі материал, АКТ, Плакаттар, сызбалар маркерлер, кеспе қағаздар
|
Коучинг барысы
Уақы-ты
|
Сабақтың кезеңдері
|
Коучтың іс-әрекеті
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Қолданыла-тын ресурстар
|
5мин
|
Кіріспе
|
Сәлемдесу.
Жағымды ахуал құру. «Қос шеңбер» ойыны өткізіледі.Ойын шарты:екі шеңберге бөлінеді,бір- біріне қарап жақсы тілектер айтады.
Cұрақтар:
- Сіздер қазір өздеріңізді қандай күйде сезініп тұрсыздар?
- Қалай ойлайсыздар, мұндай жаттығуларды сабақта қолданған дұрыс па?
– Өз тәжірибеңізде жағымды ахуал құру үшін не істеген болар едіңіз?
|
Сәлемдеседі. Көңілдері көтеріліп қалады. Сұраққа жауап береді.
|
Белсенді мұғалімдерді мадақтау
|
|
7 мин
|
Таныстырылым
|
Топқа бөлу. Топтық ереже құру.
Нұсқау.
-Қандай гүлдерді білесіздер? Гүлдердің атаулары бойынша топқа бөлінеді.
Миға шабуыл.
Бейне -ролик «Диалог попугаев».
Мұғалімдерге сұрақ қою арқылы диалогқа түсіру
-Бұл жерден не түсіндіңіздер? Не айта аласыз?
-Не ой түйдіңіз?
- Диалог дегеніміз не?
-Диалог барысында не жүзеге асырылады?
-Өз тәжірибеңізде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін
пайдаланасыз ба?
|
Гүл жапырақтарының түстері арқылы үш топқа бөлу.
Мұғалімдер видеороликке байланысты өз ойларын айтады.
|
|
Гүл күлтешелері.
видеоролик
|
8мин
25 мин
|
Негізгі бөлім
|
1.Таныстырылым «Диалогтік оқыту»
«Диалог» сөзіннің мағынасын тоқталу (слайд талдау) Теориялық бөлім-МАН-3 ДЕҢГЕЙ,ГЛОССАРИИ
«Мұғалім-оқушы», сондай-ақ «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдістерін «диалогтік оқыту» деп атаймыз. ДИАЛОГ - оқушы үшін қызықты және түсінікті сабақ
ДИАЛОГ - мұғалім үшін табыстылық пен шығармашылық кілті
ДИАЛОГ - мұғалім үшін әмбебап педагогикалық техника
ДИАЛОГ - басшы үшін ұжымның бәсекелестікке қабілеті
ДИАЛОГ - білім беру жүйесі үшін жүйелі дамыта оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2.«Сағат» әдісі
Барлық топқа бірдей (әңгіменің үш түрі) кеспе қағаздарда материалдар беріледі. Мәтінмен танысып болған соң, қағазға сағаттың суретін салып, әр уақытқа мәтінді талқылау үшін әр топтағы адамдардың аттарын жазып, сағат
-12.00 әңгіме-дебат
-15.00 кумулятивтік әңгіме
-18.00 зерттеушілік әңгіме
кездесіп, диалог жүргізеді.
|
Диалогтік оқыту жайлы түсіндіріп өту.
Мәтінмен жұмыс істеп, өз ойларын айтады, жұпта талқылайды, сұрақтарға жауап береді.
|
Идея қалай бағаланады,
бағалау қай деңгейдде жүргізіледі?
Қатысушылардың іс-әрекеті қандай?
Қатысушылардың ой-мүддесінің бірігуі қай дәрежеде?
Сұрақты
ұстап ал
|
Слайд.
плакат, түрлі-түсті қағаздар, маркер
|
5 мин
|
Бейне-ролик «Сұхбат»
|
Видеоны көріп, бұл жерде әңгіменің қандай түрлері барын анықтайды, талқылайды.
|
АКТ, видео
|
2 мин
|
Сергіту сәті
"Жел тұрады" "жасырын жүргізуші"
|
Бір мұғалім ортаға шығады. Қалған мұғалімдер айнала орындыққа отырады. Ортадағы мұғалім "жел соғады ақ түсті киімге" деп оларды ауыстырып, біреуінің орнына өзі жайғасады. Орынсыз қалғаны тақырыпқа сай бір сұраққа жауап бере отырып, ойынды ары қарай жалғастырады.
|
|
18 мин
|
Тапсырма. Әңгіменің түрлерін пайдаланып көрініс қою.
Нұсқау: Әрбір топ дебат, кумулятивті және зерттеуші әңгіменің түрлерін айқындаушы диалог құрады.
|
Әр топ өз көзқарастарын қорғап, жарнама жасайды.
|
Плакат. Маркер. Смайликтер
Мәтін
|
10 мин
|
Бағалау. «Сұрақты ұстап ал»
Нұсқау: Мұғалім сұрақ қойған кезде допты лақтырады. Бұл оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен допты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
-Дебат-әңгіме жайлы не түсіндіңіз?
-Кумулятивтік әңгіме дегеніміз не?
-Зерттеушілік әңгіменің ерекшелігі неде?
Сұрақтар.
-Жасалған жұмыстардан кейін қандай ойға келдіңіздер?
-Диалогтік оқытудың маңызы неде екен?
-Диалогтік оқыту оқушылардың білімін, ойлау қабілетін арттыра алады ма?
-Пәндеріңізде қалай қолданатындықтарыңызға мысал келтіріп бере аласыздар ма?
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
|
10 мин
|
Қорытынды
|
Рефлексия.
Нұсқау: Бас бармақ – Бүгін мен жаңадан нені үйрендім (дағдыландым)?
Балан үйрек - Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім?
Ортан терек – Менің көңіл-күйім?
Шылдыр шүмек – Бүгін кімге көмектесе алдым?
Кішкене бөбек – Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба?
|
|
Рефлексия
«Бес саусақ»»
|
|
Бастауыш сынып мұғалімі: Байжарқынова Шарипа Абдешқызы
|
Рефлексиялық есеп
Коучинг барысында тақырыбымның мақсаты мен күтілетін нәтижесін толықтай аша білдім. Психологиялық ахуал орнатып болған соң,гүл түсімен топқа бөлдім.Топтық ережені өздеріне құрғыздым. «Диалог попугаев»бейнероликті көрсеттім. . «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алуға тырыстым. Мұғалімдерге төмендегідей ашық сұрақтар қойдым.
- Диалог дегеніміз не?
-Диалог барысында не жүзеге асырылады?
-Өз тәжірибеңізде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланасыз ба?
-Сіз сабағыңызда диалогтің қай түрін қолданасыз?
-Оқушылардан рефлексия аласыз ба?
Берілген сұраққа жауап алып,бүгінгі коучингіміздің тақырыбы «Оқушылардың белсенділігін арттыруда топтық жұмыстағы диалогтік оқытуды дамыту.» Сәтті жақтары мұғалімдерге тақырып мұқият түсіндірілді. Әріптестерімнен алынған ашық сұрақтарды талдай отырып, диалогтің түрін ажырату кезінде қиналатындықтары байқалды. Коучинг нәтижелі болуы үшін мен алдыма мынадай мәселерді жоспарладым. Тапсырмалар бере отырып, қатысушылар өзара талдау жасай отырып диалогтің түрлерін ажырата алды.Қатысушыларға қолдау жасай отырып, әңгіменің түрлерін сабақтарында тиімді қолдануды үйреттім.
Коучингімдегі сәтсіз жақтары кейбіреуі әңгіменің түрлерінің осы күнге дейін ажырата алмай келгендігі бүгін терең түсінгенін айта кеткен. Мектеп үшін білім сапасын көтеруге бұл әдістің тиімділігі басым. Оқушылардың қабілетін диалогтік қарым қатынасқа түсіре отырып, дарынды және таланты оқушыларды анықтайды, оқушылардың сыни тұрғыдан өзінөзі бағалауға, өзара бағалауға сенімін арттырады. Мұғалімдерге келесі берген тапсырма «Өкіл»әдісі арқылы әңгіменің түрлерін үш топқа бөліп бердім.Олар постерге түсіріп,басқа топтан келген елшіге топ ішінде талқылап, топтың бір мүшесіне қорғаттым. Постер қағазындағы тапсырманы бағалау критерийлеріне сүйене отырып, бірінші топ ішінде, сосын топ топты бағалады. Әр топ өзгелердің және өзінің жұмыстарын бағалау арқылы бағалау өлшемдері туралы мағлұмат алады. Мұнда бүгінгі өткен тақырыбымызды білулеріне, түсінулеріне күш салып, өмірде, сабақ процесінде қалай қолдануға, пайдалануға болатынын үйреттім. Қорытындысында: диалогтік оқытудың тиімділігі ,соның ішінде зерттеушілік әңгіменің әлдеқайда тиімді екендігіне көз жеткізді, сонымен бірге әрбір істеген ісіңе диалогтік оқытуды дұрыс қоя білу кемшіліктеріңді жоюдың, жақсартудың жолы екендігіне көз жеткізу .Мұғалімдер тыңдады, тиімді әдістерді жазып алды. Оқушылардың алға қойған мақсатқа жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс әдісімен өз білімін қадағалауға және диалогтік оқыту үшін әңгіменің маңызды рөл атқаратынын мұғалімдер түсінді. Мұғалімдерге оқушының оқуға ынтасын, қабілетін ашу мақсатында бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасауда Блум таксономиясын қолдана отырып, диалогтік оқытудың тиімділігін үйреттім. Презентациясы арқылы тақырыпты аштым..Коучинг барысында стикерге бүгінгі өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергенін көрсетіп, өз пікірлерін жазды. Сәтті тұсы- мұғалімдер бір-бірінің жұмысын бағалауда сыни көзқарастарын нақты айта білген, кері байланысты сабақ үдерісінде тиімді пайдалана алу жолын толық түсінгенін стикерге жазған рефлексиядан білдім және мұғалімдер коучингтің ұнағандығын жазған. . Бұл сессиядан үйренген әдісті өз сабақтарында тиімді пайдаланатынын да айтып өтті. Бұл тақырып мектептің маңызды мәселелерінің бірі болғандықтан, келешекте үздіксіз өз жалғасын табатынына сенімдімін. Коучигтің сәтті өткен тұстары мұғалімдердің іс-әрекетіне бақылау жасай отырып үйренуіне жол ашуы,ой қозғау жасауы нақты жауап беруі мен түйінді ой айтуға үйренуі берілген тапсырмаға құрылымдық талдау жасай білуі.Ата-ана мен мұғалім арасындағы көріністі жақсы бейнелей алуы.Ғалымдар арасындағы зерттеушілік әңгімені көрсете білуі.Мұғалімдердің диалогтық оқыту туралы берген түсініктемелері және пицца әдісі өте жақсы өтті,сәтсіз тұстары топ мүшелері бірін-бірі бағалауда артық бағалап жатты.Коучингтен кейін тәлім алушым Айдарованың сабағына ендім.Сабақ барысында топтық жұмыста диалогтік оқыту сәтті шықты.Тәлім алушымнан сұхбат алып,оқушы үніне зер салдым.Оқушылар сабақтың осылай өткенін құптап жатыр.Біз сыныпта үш деңгейдегі оқушылардың сабағын зерделеуді жөн көрдік.Сөйтіп,келесі коучинг тақырыбына осы Lesson study тәсілінің демократиялық ерекшеліктерін үйретуді жөн деп санадым.
|
Бекітемін
Мектеп-гимназия директоры Нұрқұл Ж.Қ.
Коучингтің тақырыбы
|
«Lesson study тәсілінің демократиялық ерекшеліктері»
|
Өткізілген уақыты
|
05.10.2015ж.
|
Мақсаты
|
Оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study тәсілінің ерекшелігін ұғындыру.
|
Күтілетін нәтижесі
|
Lesson Study тобы біріге отырып, жұмыс нәтижесін айқындайды.
|
Коучингті өткізу әдістері
|
«Миға шабуыл», «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі
|
Ұсынылған ресурстар
|
Плакат,түрлі-түсті қағаздар,маркер,АКТ,сурет қималары
|
Коучинг барысы
Уақыты
|
Сабақтың кезеңдері
|
Коучтың іс-әрекеті
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Қолданылатын ресурстар
|
5 мин
|
Кіріспе
Жағымды ахуал.
|
Коуч нұсқауы:
-Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер.
Сұрақтар
1.Сіздер осы монологты тыңдағанда қандай сезімде болдыңыз?
2.Сабақты бастауға көңіл -күйлеріңіз қандай?
3.Өз тәжірибеңізде осы ахуал құруға көңіл бөлесіз бе?
4.Жасаған болсаңыз осы ахуалды сабақтарыңызда басқаша қалай жоспарлар едіңіз?
|
Мұғалімдер шаттық шеңберін жасайды.
Мұғалімдер коуч сұрақтарына өз пікірлерімен бөлісіп,өз идеяларын ұсынады.
|
|
Маркер,плакат,түрлі-түсті қа-ғаздар , МАН, АКТ, постер
|
5 мин
|
Топқа бөлу.
|
Коуч нұсқауы:
-Құрметті әріптестер
мозайка құастырып,топқа бөлінеміз.
Сұрақтар:
1.Топқа бөлінудің тағы қандай түрлерін білесіздер?
2.Бұл әдісті өз тәжірибеңізде қалай пайдалана алар едіңіз?
3.Топқа бөлудің оқу үдерісіне тиімділігі бар ма?Қандай?
|
Қатысушылар өзіне ұнаған мозайканы таңдап алып,топтарға бөлінеді.
Мұғалімдер сұрақтарға белсенді жауап береді.
|
|
Стикер, Суреттер
|
10мин
|
Таныстыры-лым
|
"Миға шабуыл".
Бейнетаспа көрсету арқылы ойларын түйіндеу мақсатында сұрақтар қойылады:
1.Құрметті әріптестер осы бейне жазбаны көре отырып қандай ой түйіндедіңіздер?
2.Кейіпкердің орнында болғаныңызда қандай әрекет жасар едіңіз?Неліктен?
3.Өз тәжірибеңізде осы ахуалды құруға көңіл бөлесіз бе?
4.Оқушының ойын жинақтау,түйіндеу үшін тағы қандай әдістер колданар едіңіз?
|
Бейнетаспаны мұғалімдер көре отырып сұрақтарға жауап береді,өз ойларымен бөліседі.
|
Өзін-өзі
бағалау критерилері:
1.Өз ойын еркін жеткізу.
2.Топпен бірлесе тапсырманы орындау.
3.Өз тәжірибесі-мен еркін бөлісу.
|
Интертақта, маркер,плакат,
қалам,ручка.
Суреттер.
|
10мин
|
Презентация
|
Мұғалімдерге "Lesson study"сабақты зерттеу және зерделеу әдісі туралы таныстырылым көрсету.
|
Мұғалімдер "Lesson study"сабақты зерттеу және зерделеу әдісі туралы мағлұмат алады.
|
|
Интертақта ,слайд
|
35мин
|
Негізгі бөлім
|
Мұғалімдерге үлестірме материал беру.
"Кемпірқосақ"әдісі бойынша топ ішінен топ түзе отырып әр топ өз таныстырылымын қорғайды.
Ой салу сұрақтары
1."Lesson study" мектепте қолданудың тиімділігі бар ма?
Қандай?
2.Дәстүрлі сабақтан
қандай ерекшелігі
бар?
3Оқыту мақсаты мен оқу мақсаты бірдей ме?
4.Мақсат қоя білу нәтижеге қалай әсер етеді.
|
Өз ойларын , тұжырымдамала-рын плакатқа түсіреді де әр топ өз таныстырылым-дарын қорғайды.
Мұғалімдер бірлесе отырып сұрақтарға жауап береді.
|
Топтық бағалау критерилері:
1.”Lesson study” шығу тарихы,зерттеген ғалым еңбектерін сипаттау.
2.”Lesson study”қандай мақсатта жүргізіледі.
3.”Lesson study”жүргізу
4. .”Lesson study”жоспар-лау және “бақылаудағыоқушыларды анықтау.
5 .”Lesson study”оқушы пікірін білу және талқылау.
|
Плакаттар,маркер,стикерлер,
түрлі-түсті қағаздар.
|
10мин
|
|
Құрметті әріптестер, мына конвертте жеке мұғалімге бүгінгі тақырып бойынша бір сұрақ берілген. Әр топ өзара сұрқпен алмаса отырып жауап береміз.
Коуч әр топтың бір конвертінің жауабын оқып көпшілікпен бөлісіп пікір алмасады.
Ой түйіндеу мақсатында сұрақтар қойылады:
1.Сабақты зерттеу мақсатында тағы қандай әдістер қолдануға болады?
2.Өз тәжірибеңізден қандай әдістер ұсына аласыз?
3. Зерттеу сабағы оқыту әдісі мен стратегияны жазып коюы керек пе?
4.Қандай стратегиялар оқушылардың ой өрісін нақты көрсете алады?
5.Болып кеткен сабақты қолдануға болады ма ?
6.Сабақтың жоспары қаншалықты толық болуы керек?
|
Мұғалімдер конверттегі сұрақтарға стикерге жазу арқылы жауап береді және топ ішінде өзара алмасып жауап береді.
Коучсұрағына мұғалімдер топ мүшелерімен бірлесе отырып жауап береді. -Сыныптағы іс-әрекетті зерттеу қандай өзгеріс әкеледі?
2-топ:-Сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеудің мақсаты неде? 3-топ:Іс-әрекеттегі зерттеудің қандай әдістері мен түрлері бар? 4-топ:Өзіңіздің сыныбыңыздағы н/е мектептегі жағдайларды назар аудара отырып,...
4. «Көбелек» суреті.
-Осы бейне фильімді көріп,қандай ойда болдыңыздар? –Біз оқушылардың еркін әрі өзін-өзі реттеуіне қандай көмек бере аламыз?
5.Әрбір қатысушыға сұрақтар беріледі.
1.Сізге коучинг сабақтарының мақсаты белгілі болды ма?
2.Бұл мақсаттардың сіздің қажеттілігіңізге сәйкес келетінімен келісесіз бе?
|
|
Конверт,стикерлер,қалам,интертақта.
|
5мин
|
Қорытынды
|
Кері байланыс .
|
Мұғалімдер берілген парақшаға өз ойларын жазады.
|
|
Стикерлер,плакат.
|
Рефлексиялық есеп
Коучинг өте сәтті шықты.Мұғалімдерге сабақты зерттеу әдісі түсінікті әрі қызықты өткенін рефлексия алғанда білдім. Әрбір кезеңде әріптестерім белсенділік танытты.Сәтсіз жағы теорияны түсіндіргенде байқадым.Сабақты зерделеу кейбір мұғалімдерге қиындық тудыратынын айтты.Ынтымақтастықта жұмыс іске асатынын түсіндіріп отырдым.
Дәстүрлі сабаққа қарағанда бұл сабақтарда барлық оқушының сабаққа белсене қатысатынын айтты. «Lesson study» мектепте қолданудың тиімділігі бар ма? деген сұраққа мұғалімдер әрине бар деп жауап берді, оқушының пікірін білуге болатынын,олардың қандай деңгейде екенің анықтауда маңызды екенін айтып өтті.
Коучингтен кейін тәлім алушыларым біріге отырып,жоспар түздік.Кейіннен жеребе тастап,қай мұғалімге түссе сол мұғалім өтті.Құлыбаева Ханзада,Шушбай Назира,Айдарова Лаззат,Қазыбекова Гүлжан сабақ барысында туындаған кедергілерге өте мұхият қарап,келесі өтілетін сабақ жоспарында басымдықты жойып отырды.Осылай тізбектелген сабақтар топтамасында үлкен жетістікке жетіп отырдық.Білім сапаның артып отырғанын тоқсан қорытындысында анық көріне байқалды.Мектебімізде бірнеше сыныптар зерттеуге алынып,сапа өскені байқалды.Мектебіміздің басшысы бізге үлкен қолдау көрсетті.Ай сайын сабақты зерттеу нәтижесі топпен талқыланып отырдық.
Достарыңызбен бөлісу: |