05.12.2018 жыл
|
40 минут
|
Турлибекова Каламкас Акбердиевна
|
Коучинг тақырыбы:
|
Заманауи мұғалім моделі
|
Жалпы мақсат:
|
Заманауи мұғалім моделін жасау. Сол арқылы заманауи оқушы мен мектеп бейнесін ашу.
|
Оқу нәтижесі:
|
Заманауи мектеп мұғалімінің бейнесі мектеп мәдениетінен бастау алатынын біледі.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
А-3, А-4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам, Слайд-презентация,тренингтер, маркерлер.
|
Оқыту әдістері:
|
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
|
Дерек көздері:
|
Бағдарлама мазмұны бойынша теориялық материал жазылған парақтар, слайд
|
Тапсырмалар:
|
Сұрақ-жауап, таныстырылым жасау
|
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
|
Коучтың іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
5 мин.
|
«Құбыр» тренингінің мақсатын хабарлап, 4 негізгі түстің бірін таңдауды тапсырады.
Тренинг ұжымды бірлесе жұмыс істеуге жұмылдырады. Әдемі көңіл күй сыйлайды.
|
Мұғалімдер шеңбер жасап тұрады. Түрлі түсті қағаздың бірін таңдап, көлденеңінен бүктеп құрбыр тәрізді бір-бірімен жалғастырады. Коуч сол құбырға допты тастайды. Қатысушылар допты түсірмей, құбыр арқылы домалату керек.
|
Топқа бөлу
2 мин
|
Сурет қиындылары арқылы топтастыру
|
3 түрлі сурет беріледі. Әр сурет 4 бөлікке бөлінген. Соны құрастыру арқылы топтасады.
|
Кіріспе 1.Қызығушылықты ояту
10 минут
|
Заманауи білім алу туралы ролик (АКТ)
|
Ролик бойынша сұрақ-жауап.
|
Мағынаны ашу кезеңі
15 мин
|
1-топ: Заманауи мұғалім
2-топ: Заманауи оқушы
3-топ: Заманауи мектеп
|
Үш топ берілген тапсырмалар бойынша постер қорғайды.
1-топ маркермен, 2-топ түрлі түсті қағазбен, 3-топ бояумен жұмыс істейді.
|
Мотивациялық материалдар (тест, ролик көрсету)
|
Мектеп ұжымымен жағымды атмосфера жасау
«Сіз қай алманы таңдайсыз?» психологиялық тесті.
Мотивациялық ролик тамашалау
|
Ұжым топтар жұмыс істеп жатқанда тренингтерге қатысады
|
Ой толғаныс (10 мин)
|
Мұғалімдер өз постерлерін қорғауға шақыру. Әр топ өзпостерін қорғайды.
|
Әр топ өз тапсырмаларын қорғайды.
Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
|
Рефлексия
(5 мин)
|
«Бес саусақ» әдісі. Кері байланыс парағы таратылады.
|
Кері байланыс саусақтарға жазылады.
|