Заттың бейнесі көз арқылы қалай қалыптасады және қабылданады? Нәрседен таралатын жарық сәулелері көзге еніп, қасаң қабықта, линза мен шыны тәрізді денеде сынады, соның нәтижесінде көздің тор қабығында заттың нақты кішірейтілген және төңкерілген бейнесі қалыптасады . Тор қабықтың жарық сезгіш элементтері кескінді жүйке импульсіне айналдырады, ол көру нерві арқылы миға беріледі, онда кескін төңкерілмеген түрде қалыптасады. Линзаның қисаюын өзгерту арқылы біз көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттарды анық көре аламыз. Көздің алыстан да, жақыннан да көруге бейімделу қабілетін көздің аккомодациясы (латынша accomodatio – «бейімделу») деп атайды. Қалыпты көз үшін ең жақсы көру қашықтығы 25 см деп есептеледі Көз ақаулары Көз аккомодациясы. Әртүрлі қашықтықтан қарағанда көз бұршағының өзінің қисықтығын өзгертіп,көз торламасында нәрсенің анық кескін беретін қасиетін аккомадация деп атайды.Аккомодация циллиарлық бұлшық еттердің сығылуы немесе созылуы нәтижесінде жүзеге асады. Циллиарлық (кірпік) бұлшық еттерінің босаңдық кезінде көздің көретін нүктесі алыстағы нүкте деп аталады. Циллиарлық бұлшық еттерінің ең үлкен күш салуы кезінде көздің анық көретін нүктесі жақындағы нүкте деп аталады. Сау көздіӊ алыстағы нүктесі шексіздікте, ал жақындағы нүктесі 15-20 см қашықтықта орналасқан.
Көз ақаулары.
а) сау көз
б) жақыннан көргіштік
в) алыстан көргіштік
Көз ақаулары Жақыннан көргіштік – көздің алыстағы нүктесі шекті қашықтықта орналасады және күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның алдында пайда болады. Көздің бұл ақауы жақыннан көргіштік деп аталады. Осы ақауды түзету үшін шашыратқыш линзалары (D<0) бар көзілдірік киеміз. Жақыннан көргіштік және оны көзілдірікпен түзету.Жақыннан көргіштер алыстағы нәрселерді анық көре алмайды. Жақыннан көргіштер үшін еӊ жақсы көру аралығы 25 см ден кіші.
Алыстан көргіштік– көздің жақындағы нүктесі алыстап кетуіне алып келетін көздің ақауы. Күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның сыртында пайда болады. Осы ақауды түзету үшін жинағыш линзалары (D>0) бар көзілдірік киемізАлыстан көргіштік және оны көзілдірікпен түзету.Алыстан көргіштер жақын тұрған нәрселерді дұрыс көрмейді. Алыстан көргіштер үшін еӊ жақсы көру аралығы 25 см ден үлкен.