Көз жағар майлары - Unquenta ophthalmіcaе (oculenta). Көз жағар майлары көз конъюнктивасына жағуға белгіленеді. Көздің конъюнктиві өте нәзік қабық, сондықтан көз жағар майларын бөлек топқа жатқызады және оларға келесі талаптар қойылады:
- көз конъюнктивін жарақаттайтын, өткір ұштары бар қатты бөлшектер болмауы;
- ылғал кілегей қабатта жеңіл және өз бетінше таралуы қажет;
- жағар майдың рН мәні көз жасы сұйықтығының рН мәніне сай болуы, басқа жағдайда жас ағып, дәрі тез жуылып кетеді;
- көз жағар майлары өте жоғары сапалы негізде дайындалуы және қатты фазасы өте майда дисперсиялы болуы керек.
Көз жағар майларында негіз ретінде «көз жағар майы үшін» сортындағы вазелин және әр түрлі қатынастағы вазелин мен ланолин балқымасы қолданылады. Егер жазылымда негіз көрсетілмесе, онда МФ ХІ басылымы «Жағар майлар» мақаласына сәйкес 10 бөлік сусыз ланолин мен 90 бөлік вазелин балқымасы қолданылады. Қоспаны балқытып, фильтрлейді, содан соң стерильденген құрғақ банкіге салып, пергамент қағазбен жауып, кептіргіш шкафтарда 180 0С 30 минут немесе 200 0С 15 минут стерильдейді. Дайын негіз жарықтан қорғалған жерде 25 0С температурада 2 тәулік немесе 3-5 0С 30 тәуліктей сақталады.
Егер көз жағар майына арналған вазелин болмаса, онда кәдімгі вазелинді арнайы өңдеуден өткізеді. Ол үшін вазелинді эмаль ыдысқа салып 2% белсендірілген көмір қосып, үнемі араластыра отырып 150 0С 1 сағат қыздырады. Қабатты фильтр арқылы стерильденген вазелинді фильтрлеп, тығындап жабылатын ыдыста сақтайды. Көз жағар майы негіз ретінде физиологиялық индифферентті гидрофильді негіздер де: метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы қолданылады.
Көз жағар майы асептикалық жағдайда дайындалады. Барлық көмекші материалдар алдын-ала стерильденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |