Жай сөйлемнің күрделену жолдары
«Күрделенген сөйлемдер» деген атау бұрын тілімізде болғанымен де, осы ұғымды қамтитын сөйлемдер әр түрлі синтаксистік категориялардың қарамағынан орын алып еді. Олар өздерінің атқарып отырған функциясына орай, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасына қарай сол жердегі мәніне байланысты аталып қалыптасты. Кейбір күрделенген сөйлемдердің ішінен өз алдына жеке бір «сөйлемдер» бөлініп шығып жатады. Мұндай сөйлемдер оқшаулана атылғанымен, олардың бойында субьект-предикаттық қатынас болмайды. Сондықтан да олар әдеттегідей дербес сөйлемдер мағынасында түсінілмейді. Бұлар тек субьектінің түрліше көзқарастары мен сезімдерін не болмаса саралау бғытында айтылады. Осыған орай мұндай мәндегілер сөйлемнің негізін құрамай, тек онда көмекшілік қызметте жұмсалады. Сөйлем құрылысынан көмекшілік мәніндегі сөз топтарын алып тастасақ, жалпы ой мазмұны, сөйлем іргесі бұзылмайды. Мысалы: ...Әйгерімнің де «күнім» деп айтқан сөзінде, анық өз аспанындағы күнін сезгендей, илану бар еді (М.Әуезов). Мұндағы курсивпен терілген оғашаланған айқындауышты мүшелерді айтпасақ та, сөйлем өз құрылысын, өз іргесін сақтай алады: Әйгерімнің де «күнім» деп айтқан сөзінде... илану бар ед. Сөйлемдегі негізгі ой да –осы.
Күрделенген сөйлемдер тіл білімінде ертеден танылды. Алайда, бұл сөйлемдер біздің түсінігімізден басқаша, басқа синтаксистік категориялардың аясында қарастырылды. Қазіргі ілімге сәйкестендіре айтсақ, осы жайында алғашқы мәліметтер, түрліше көзқарастар Н.И.Греч, А.Х.Востоков, Ф.И.Буслаевтардың еңбектрінде сөз бола бастады. Бұл аталған ғалымдар өз еңбектерінде синтаксистік категорияны бағыныңқы сөйлемнің қатарынан қарап, соның қысқарған бір түрі деп көрсетеді.
Соңғы кездерде проф. А.Г.Руднев күрделенген сөйлемдерді өз алдына жеке синтаксистік категория ретінде танып, арнайы зерттейді. Автор оңашаланған мүшелер, бірыңғай мүшелер, қаратпа және қыстырма сөздер мен сөйлемдердің басын қосып бір жерге жинақтайды да, оларды күрделенген сөйлем синтксисінің негізгі обьектісі етіп алады.
Жай сөйлемнің құрылысы кейде күрделеніп келетініне, мұндайда оңашаланған, біраңғай сөйлем мүшелерінің өзіндік әсері болғандығын акад. В.В.Виноградов те ескерген.
Күрделенген сөйлемдердің табиғатына соңғы кездерде тюркологияда да арнайы көңіл бөліне бастады. Проф. Ғ.А.Абдурахманов А.Г.Руднев сияқты, күрделенген сөйлемдердің құрамында тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден басқа оңашаланған мүшелер немесе қаратпа, қыстырма сөздердің бірі қатынасып отыратындығын айтады. Автор оңашаланған сөйлем мүшелерінің қатарына синтаксистік оралымдарды да жатқызады.
Проф. М.Б.Балақаев қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисін зерттеу барысында оның құрамында синтаксистердің комплекстердің (шумақ) де кездесетінін айтады. Автордың синтаксистік шумақ деп отырғаны – мына тәрізді конструкциялар: Таудан төмен қарай түскен шаңғышылар колхоз клубының алдына тоқтады.
Күрделенген сөйлемдер деп отырған синтаксистік категорияның қайсыбір түрлерін (есімшелі қабыспалы оралымдар) өз кезінде С.Жиенбаев үйірлі мүшелі сөйлемдер деп атаған болатын.
Біраз жылдардан бері сабақтас құрмалас сөйлем мәселелерін зерттеу үстінде қазақ тіл білімінде күрделенген сөйлемдерді жекеше топтастырып, оны арнайы қарастырудың қажеттігіне біздің әбден көзіміз жетті. Өйткені көп жағдайда сабақтас сөйлем мен күрделеген сөйлемдердің ара қатынасы жақындасып, бір-бірімен астарласып жатады. Тілдк құбылыстардың мұндай ерекшеліктері жете ескерілмегендіктен де, соңғы кездерге дейін сабақтас сөйлем проблемасы даулы мәселелерден арыла алмай келеді. Мұның басты себебінің бірі осы күрделенген сөйлемдердің табиғаты мен грамматикалық сипатын өз алдына талдап, топшылап алмағандықтан болып отыр. Әсіресе есімше, көсемше т.б. синтаксистік оралымдармен келген конструкцияларды кейде сабақтас құрмалас сөйлемдерден ажырата білуде қиындық туады. Синтаксистік оралымды сөйлемдер мен сабақтас құрмалас сөйлемдер екеуі – тепе-тең бірдей емес, екеуі екі басқа синтаксистік категория.
Шындығында, күрдленген сөйлемдерді өз алдына жекеше топтау аса қажет-ақ. Өйткені бұлар - әдеттегі жай сөйлемдер емес, құрмаласпен екі аралықтағы өзіндік ерекше синтаксистік категория. Күрделенген сөйлемдердің мұндай ерекшелігі олардың өздеріне тән болып келетін құрылыстық өзгешелігімен байланысты келеді. Мәселен, мына тәріздес сөйлемдерді бір грамматикалық категорияның аясында қарастыруға болмайды.
Сөйтіп, күрделенген сөйлемдер өз бойында жартылай предикатты айқындауыштық конструкцияларға ие болуларымен жай сөйлемнен ажыратыла алады. Осындай ерекшелктеріне қарамастан күрделенген сөйлемнің бойынан әрі жай, әрі құрмалас сөйлемдерге тән болып келетін кейбір заңдылықтарды да кездестіреміз. Күрделенген сөйлемдер де, жай сөйлемдердегідей, бір субьек-предикаттық қатынастың негізіне құрылса, алоның тәуелді бөлшегінің байланысу жолдары сабақтас құрмаластың модельдерімен де астарласып жатады. Мұндай ұқсастық тек сырттай жай ұқсастық қана. Тап осындай жерде күрделенген сөйлемдер мен сабақтас құрмаластың бір-бірінен ажырасар шегі олардың тәуелді конструкциялардың бойында предикаттық қатынастың болу, болмауымен айқындалады.
Қазақ тілінің күрделенген сөйлемдері, басқа тілдердегі тәріздес, коммуникативтік қызметі мен құрылыстары жағынан біркелкі болып келе бермейді. Біреулері ішінара сөйлем мүшелері жағынан біркелкі болып қайталанса, енді біреулерінде баяндалған оқиғаларға байланысты айтушы адамның түрліше көзқарастары білінеді. Енді бірде сөйлемнің негізгі желісі түрлі жақтардан сипатталып, қосымша мәндермен үстемеленіп отырады. Қайсысында болса да сөйлем құрылысы күрделеніп, мазмұны жағынан да күрделі ой туғызады. Бұлар бір-бірінен синтаксистік тәсілдері және іштей құрылыстары жағынан ажыратылады. Мына сөйлемдердің құрылысына назар аударсақ:
1. Бұл жағынан қарағанда, бұл колхозда егінді жырту, жию, соғуда болсын, канал не арық қазуда болсын, қоғамдық істерде болсын, мінез-құлқымен көпшілікке жағуда болсын Айбаршадан алға ұстарлары жоқ. 2. Еміс-еміс естуімізше, қыздың бір дұшпаны қызға мен жіберетін өлеңдердің біреуін қолына түсіріп алады да, мінезі ақатал ағасының қолына тигізеді... (С.Мұқанов). 3. Жас баланың жұдырығындай сүйкімді сол бір жұдырықты жұтып қояр ма еді деп, мен оған да қызыға қарадым (Ә.Нұршайықов). 4. Магазиннің тұсынан өте бергенде, терезеден жайнап тұрған нәрсені көрді (Б.Майлин).
Біз мұның барлығын да күрделенген сөйлемдер деп қараймыз. Сонда бұлардың қайсыбіреулері әдеттегідй жайылма сөйлем не болмаса бағыныңқы сөйлем ретінде танылмайтын болады. Саралай айтатын болсақ, бірінші күрделенген сөйлемнің құрылысында әрі қыстырма сөз тіркестері, әрі бірыңғай сөйлем мүшелері бар да, екіншісінде екі қыстырма, әрі қыстырынды сөйлемдер қатыстырылған. Ал үшінші және төртінші сөйлемдер құрылысынан көсемше, есімшелі оралымдар орын алған. Міне, күрделенген сөйлемдер өзара осындай ішікі құрылыстарының әр алуан болып келуімен сараланып отырады. Осыған орай қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдерді жалпы екі үлкен топқа жіктейміз:
I. Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер.
II. Синтаксистік оралымды сөйлемдер.
Алғашқысына оңашаланған айқындауышты, қыстырма, қыстырынды және бірыңғай мүшелі сөйлемдер жатады да, екіншісіне көсемше, есімше, шартты рай тұлғалы және қимыл есіміді оралымды сөйлемдер кіреді. Сөйтіп, біз синтаксистік оралымы бар сөйлемдерді оңашаланған мүшелі сөйлемдерден ажыратып қараймыз.
Тіліміздегі кейбір сөзйдер бір-бірінен айқындап, анықтап отыратыны сияқты кей уақыттарда бүтіндей сөйлем құрылыстары да мазмұны жағынан өзін дәлелдей, нақтылай түсуді қажет етіп отырады. Сөйлем дегеніміздің өзі айтушының түрлі көзқарасын білдірсе, мұндай қасиет көп жағдайларда бас мүшелер мен тұрлаусыз мүшелердің өз бойына сыя бермейді. Осынадй жағдайда сол сөйлемде оңашаланған мүшелі сөздер немесе сөйлемдер қабатастырыла айтылып, негізгі хабарланған ойдың мазмұнын әр түрлі жақтардан толықтырып отырады. Осыдан барып сөйлемнің құрылысы да күрделенеді, ой білдіру мазмұны да күрделене түседі. Бұл ретте сөйлемді күрделендіріп тұратындар – оңашаланған мүшелер мен түрліше оқшау сөйлемдер. Сонымен қатар бірыңғай мүшелі сөздер де күрделенген сөйлемдердің басты элементтерінің бірі болып табылады. Осы аталған конструкциялық топтар сөйлем ішінде бірге, қосақтала айтылып, ой желісінің мазмұнын одан сайын толығырақ ашып отырады. Сондықтан да осындай құрылыстағы сөйлемді кейде тіпті қосалқы күрделенген сөйлемдер деп те атауға болады. «Қосалқы» деп отырғанымыз – сөйлем мазмұнындағы кейбір жайттарды дәлелдей де анықтай түсуде де, қосарлана, қабаттаса айтылған көмекші мәніндегі екінші дәрежедегі конструкциялық топтар. Бұлардың кейбіреуі сөйлем мәнінде жұмсалса, енді қайсыберулері оған жете алмайды. Қайсысы болса да негізгі сөйлемге қосалқы ретінде жұмсалады. Осылайша жұмсалған конструкциялардың сөйлем ішіндегі негізгі қызметі оқиға барысын айқындау, дәлдей түсу болып табылады. Оңашаланған айқындауыш, қыстырма, қыстырынды және бірыңғай мүшелі сөйлемдерді айқындауыштық қосалқы сөйлемдер деп атаймыз.Осындай сөйлемдердің кейбіреулері кейде сабақтас құрмаласқа да ұқсап жатады.
Қазақ тілінде жалпы айқындауыштардың өзі үш түрге бөлінеді: қосалқыайқындауыш, қосарлы айқындауыш және оңашаланған айқындауыш. Оңашаланған айқындауыш өзатына сай айқындалатын сөзбен тығыз байланысты келді. Айқындалатын сөзді не сөздер тіркесін негізгі сөз, негізгі сөз тіркестері деп қарап, айқындаушы бөлшекті тәуелді, бағынышты топ деп қарауымыз керек.
Сөйтіп оңашаланған айқындауышты сөйлемдер дегеніміз белгілі бір сөйлем мүшесін түрлі жақтардан айқындап дәлдей түсу жағдайында қалыптасып отырады. Осыған орай да мұндай сөйлемдер не болмаса осыған ұқсаса конструкциялар өздері айқындайтын сөзден кейін жұмсалады. Оңашаланған сөйлемдер мен бағыныңқы сөйлемдердің кейде жақындасып келетіндігі кейбір түркі тілдерінің әдебиеттерінде де сөз болады. Мәселен осы жайды башқұрт тілінің маманы К.З.Ахметов нақтылы сөйлемдерді талдай көрсетеді.
1. Без, йәйләүгә килеп еткәс, аттарзы тұғарып, һалқын алдырырға була, ағас күләгәһенә бәйләп күйзык (М.Ғ.).
2. Тау араһы һалкынсарак хәлгә кергәс,йылкылар әкренләп тау араһына ашарға тарала башланылар (М.Ғ.)
Автор осы сөйлемдердің алғашқысын оңашаланған пысықтауыш, екіншісіндегіні – бағыныңқылы сөйлем деп таниды.
Оңашаланған айқындауыштың кейбр түрлері тілімізде бұрыннан да болды. Әйтсе де оның кеңінен етек алып, белгілі бір жүйеде жиі қолдана бастауы, М.Б.Балақаев айтқандай, соңғы жылдардың жемесімен, орыс тілінің игілікті әсерімен тығыз байланысты.
Кейбір оңашаланған айқындауыштар сабақтас құрмаластың құрылысын еске түсіреді әсіресе оның мына тәріздес түрлерін айтамыз: «Полкан, ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр... (Ы.Алтынсарин). Міне, осы сөйлемдегі ит те болса сөзі аз алдына оңашаланып, өзінен бұрынғы қимыл иесі Полканның не екенідігін білдіруде айқындауыш мәнінде жұмсалған. Бұлайша жұмсалуда ол сөйлемдік ұрылысқада ие болған, алайда бұл жердегі сөйлем – жеке өз алдына сөйлем емес, бастауышты айқындау барысына байланысты айтылған тәуелді конструкция. Сөйтіп, осындай құрылыстағы сөйлемдердің ішінен сөйлем шығып жатады, алайда олар бағыныңқы болып танылмай, айқындауыштық мәнінде көрінеді.
А.Жапаров оңашаланған мүшелерді өз атқаратын қызметіне сай сөйлемнің «түсіндірме мүшелері» деп атайды. Оңашаланған айқындауыштың негізгі қызметі өзінен бұрынғы сөйлем мүшесінің мән-жайн толықтырып, соны айқындау болып табылады. Осыған орай айқындауыш мүшелер оңашадан айтылады да, өз алдына интонациялық жікке ие болады. Ал айқындалатын сөздер сөйлемнің барлық мүшесі де болып келе береді. Осындай құрылыста келетін оңашаланған айқындауышты сөйлемдерді өзара саралағанда, олардың қолданысы төмендігіше болады.
1. Бастауышты айқындай қолданылған оңашаланған мүшелер. Мұның өзінде оңашаланған мүшелер бір сапада қолданыла бермейді. Бірде оңашаланған мүшелер айқындайтын бастауыш сөзмен үйлесе айтылып, сол қимыл иесінің сапалық қасиетін әр түрлі дәрежеде білдіріп тұрса, енді бірде оның амалдық, қимылдық жағдайын көрсетіп тұрады. Кей уақытта оңашаланған айқындауыштар өз бастауышының салыстырмасы ретінде де жұмсалады. Бұл жайлар мына тәріздес сөйлемдертабиғатынан анық байқалады.
Бастауыштың сапалық қасиетін айқындау: Жас ет, үйіткен қойдың еті болғанада да, мынатабаққа тағы да өзгеше дәм бітіріп нәр берді. Бірақ осындай шат шадыман думанның тап ортасында боларлық кісі қалыңдық болса, Ділдә болса, ол әлі көрінбейді (М.Әуезов). Үстінде жасыл плащ, басында қызыл орамал – үйден кеткендегі киімі - әлде не айтпақ еді? (Д.Досжанов). Міне, осы оңашаланған мүшелер өзінен бұрынғы бастауыш сөздерінің мазмұнын түрлі жақтарда айқындап, оның бойындағы қасиеттерді саралай көрсетіп тұр.
Ал мына төмендегі сөйлемдерде оңашаланған айқындауышты мүшелер бастауыш сөзінің амалдық, қимылдық қасиетін білідіре жұмсаған. Мұндайда оңашаланған мүшелер баяндауыш сөзінің тиянақсыз формасымен аяқталады да, бағыныңқы сөйле құрылысын еске түсіреді. Алайда бұл жердегі оңашаланған конструкция бастауыш сөзіне тікелей байланысты айтылып, соның қимылдық әрекетін не болмаса амалдық қасиетін білдіріп тұрады. Осыған орай ол айқындауыш мәнде жұмсалып, сөйлем мазмұнын ашуға селбесіп отырады. Оңашаланған мұндай айқындауыштардың түрлерін бағыныңқы сөйлемдерден ажыратып отыруымыз керек. Бастауыштың амалы, қимылдық әрекетін білдіретін мұндай оңашаланған айқындауышты сөйлемдер мына тәріздес болып келеді.
Азын аулағы болса, осы қыстау маңын қысы-жазы жесе де, Бөктер шөбінің тұмсығын сындыра алмайды. Барлық жастар, саят қызығына қызумен берілсе де, Абайдың ендігі ақындық бұйрығын ынталай тосты. Біздей сусағанға қай ғалым олса да, соңына түссе, алтынасыл қазынадай (М.Әуезов).
Осы тәріздес сөйлемдердегі оңашаланған айқындауыштарды бастауыш сөзімен қиыстыра айтсақ, олар айқын белгілі болып тұрады: Барлық жастар, саят қызығына қызумен берілген жастар, Абайдың ендігі ақындық бұйрығын ынталай тосты.
Енді бірде оңашаланған айқындауыштар өз бастаушымен салыстырыла айтылады. Бұл ретте айқындайтын сөздер айқындалатын сөзді екінші жағынан алып көрсетеді: Жаралыларды кешегі киім тіккен әйелдер – бүгінгі сестралар – батырдың қажырлы әйелі Рәш, Теңге, Бәтима, Күмісбас, Ива және біраз қыз дамыл таппай күтуде еді (М.Жұмағұлов).
Оңашаланған айқындауыш кейде өз субьектсіндегі іс-әрекетің қашан орындалудағы мезгілдік мөлшерін де білдіріп тұрады: Жастарды күттірген той, Абайлар келген соң, үшінші күнде болды (М.Әуезов).
Айқындауыштар кейде толық сөйлем ретінде де оңашаланып келеді. Мұндайда олар қыстырынды сөйлем құрылысымен астарласып келіп, онымен жақындасып жатады. Сондықтан бұларды да өзара ажыратып отырғанымыз жөн. Егер қыстырынды сөйлемдер жалпы оқиға барысына қосақтала айтылса, айқындауыштар негізгі бір сөйлем мүшесіне байланысты жетектеле жұмсалады. Ал мұның өзі сөйлем мүшесін айқвндау функциясына әкеп соғады. Оңашаланған айқындауыш сөйлемдердің құрылысы төмендегіше болып келеді.
2. Баяндауышты айқындай қолданылған оңашаланған мүшелер. Кейде оңашаланған сөйлем мүшелері баяндауышқа қатынасты айтылады да, сондағы сөздің мән-жайын айқындап тұрады. Мұндайда да олар көбінесе жеке өз алдына сөйлем ретінде жұмсалады: Қыстауымыз – Шу өзенінің төменгі жағындағы Қамқалы (Қазір Мойынқұм совхозы орналасқан жер).
3. Толықтауышты айқындай қолданылған оңашаланған мүшелер. Оңашаланған айқындауыш сөздер негізгі сөйлемдегі толықтауыштың мән-жайын ашуда онымен іргелес болып та, алшақ келіп те өз функциясын атқара береді. Іргелес келген айқындауыштар айқындалатын обьектісімен көбінесе тұлғалас болып, бірыңғай ізде келеді: Бұл қалада қызмет атқаратын республика басшыларының әрқайсысын да көргім келеді, солардың ішінде әсіресе Сәкен Сейфуллинді көргімкеледі... («Қызыл сұңқар»).
Толықтауыш сөздерді алшақтау немесе алшақ келіп айқындайтын оңашаланған сөйлемдеріміз мынадай: Жоламанның ойы: ең алдымен қоржынды Қара Бура, ақкөз Жәбірәйіл, Маңқа Әлексалдыға қарсы үш жүз сарбазымен айқаспақ (оның жүзі ортадағы сай бойында), содан кейін екі жақ әбден қалжырады-ау деген кезінде артында тығулы ұщқыр атты екі жүз жігітін жауып жібермек! (І.Есенберлин).
4. Анықтауышты ақындай қолданылатын оңашаланған мүшелер. Сөйлемнің осындай түрін әдеби тілімізден аз кездестіреміз. Демек, анықтауыштың айқындалып отыруы тіліміздің стильдік заңдылығына өте сирек құбылыс болса керек.Дегенмен де ол оқта-ткте болса да кездесіп қалады. Мысалы: Кәлен сараң шалдың «жоғары шық, дәм тат» деп айтпасын біліп, есік жақтан кеткісі кеп самуыр құйып отырған жас келіншектің жанына, тері тулаққа тізе бүкті (Ә.Нұршайықов).
5. Пысықтауышты айқындай қолданылатын оңашаланған мүшелер. Мұндай оңашаланған мүшелер тілімізде көптеп кездеседі. Пысықтауышты айқындауыштардың оңашалануы әсіресе айқындалатын сөздердің мезгіл, мекен пысықтауыш түрлерінде жиі ұшырап отырады. Мезгілдік айқындауыштар өзінен бұрынғы пысықтауыштардың мезгіл мәндегі үстеу сөздерінің бірімен берілуіне байланысты оңашаланып келеді. Мұндай үстеу сөздерді әдеби тілімізде әр алуан. Мезгілдік жайға байланысты оңашаланған мүшелер өзінің айқындайтын сөзімен үйлесіп тұлғалас болып та, әр түрлі құрылыста да жұмсала береді. Қайсысында болса де негізгі пысықтауыш сөздің мезгілдік ұғымы екінші жағынан дәлденіп ашылып отырады. Өйткені оңашаланған айқындауыштар айқындайтын сөзінің мәндік ыңғайына қарай бейімделеді. Мезгілдік ұғымға байланысты айқындайтын сөздердің қосарлана жұмсалуы айқындалатын пысықтауыштардың мәнімен астарласып жатады. Ал айқындалатын пысықтауыш сөздер жалпы мезгілдік мәнде жұмсалғанымен, бұлардың өзі мезгіл мөлшері жағынан іштей сараланып отырады. Мәселен, бір мезгілдік оңашаланған мүшелер пысықтауыштардың қазіргі енмесе жуық маңдағы мезгіл мәндерімен үйлесе жұмсалса, енді біреулері – күндік, айлық немесе жылдық ұғымдардың мезгіл мөлшерін айқындай қолданылады.
Оңашаланған айқындауыш мүшелер мезгілдік жағынан жуық араны білдіретін пысықтауыш сөздердің мән-жайын ашу бағытында болады. Мұндайда пысықтауыштар қазір осы кезде, сол сәтте, кейде, т.б. мезгіл мәнді үстеу сөздерімен беріледі. Мысалы: Қазір, Құнанбай алдында, жастан бергі дағдысы бойынша үндемей отырғанымен, бұл – ерен бүлік, сотқар адам (М.Әуезов).
Оңашаланған айқындауыштың енді бір қолданыстары ай, жыл мезгіліне байланысты пысықтауыш сөздердің мазмұнын ашу ыңғайында жұмсалады. Мұнда да олар өзі жетектеле айтылатын негізгі тірек сөзге байланысты оқиғаның қашан, қай мезгілде орындалатынын саралай көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |