О. С. Ахманова Шындығында, ұлттық дәуірдегі әдеби тіл мен ұлтқа дейінгі кезеңдегі әдеби тіл арасында олардың құрылымы жағынан болсын, қоғамдық қызметі жағынан болсын, сапалы айырма болады. Әдеби тілдің жоғарыда біз



бет1/3
Дата09.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#171585
  1   2   3
Байланысты:
Босын Балнұр
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университет
«Педагогика және филология» факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы
Әдеби тіл-тілдік норма
Орындаған:Босын Балнұр
Қабылдаған: Мұса Нұрбала
Әдеби тіл деп нені түсінеміз?
Әдеби тілдің өмір сүру формасы қандай?
Әдеби тілге не енеді?
Әдеби тілге жалпы сипаттама
Әдеби тілдің мәнін айқындап, өзіндік белгілерін саралап, оның тарихына қатысты негізгі мәселелердің басын ашып, ғылыми тұжырым жасау үшін әдеби тілдің өзін, оның өзіндік ерекшеліктері қандай екенін дұрыс анықтап алу қажет. Яғни әдеби тіл деп нені түсінеміз? Әдеби тілдің тарихы қай кезден басталады? Әр кезеңдегі әдеби тілдің дамуының, нормалануының тілдік көрсеткішіне қандай әдебиет нұсқалары жатқызылуға тиіс және олардың мазмұны мен сипаты қандай болмақ деген сұрақтардың нақты жауабы әдеби тілдің анықтамасымен тікелей байланысты. Ал әдеби тіл деген ұғымды әр түрлі түсінудің салдарынан зерттеулерде оған қатысты проблемалық мәселелер әрқалайша баяндалып жүр.
«Әдеби тіл дегеніміз белі ілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпыға бірдей міндетті және "дұрыс" деп қабылданған нормасы бар тіл»

О.С.Ахманова
«Шындығында, ұлттық дәуірдегі әдеби тіл мен ұлтқа дейінгі кезеңдегі әдеби тіл арасында олардың құрылымы жағынан болсын, қоғамдық қызметі жағынан болсын, сапалы айырма болады. Әдеби тілдің жоғарыда біз көрсеткен бслгілері тұтастай алғанда көне орыс әдеби тіліне және басқа да ертедегі тілдерге сай келе бермейді»

Ф.П.Филин
Әдеби тіл дегеніміз не? деген сұраққа бірқатар қазақ тілі мамандары орыс әдеби тілінің ұлттық немесе қазіргі дәуіріне сай келетін анықтама мен белгілерді келтіріп жауап беріп келді. Мәселен, "Қазақ әдеби тілі тарихы" атты 1968 жылғы оқулық авторлары "Әдеби тіл дегеніміз - жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл" деген анықтама береді де, тілдің әдеби болуы үшін төмендегі белгілердің болуын міндетті деп санайды:
1) Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады;
2) Әдеби тіл нормалан ған тіл болуы керек;
3) Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек "тілдің стильдік жүйелерінің саралануы - тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі";
4) "Әдеби тіл - қоғамдық қызметі ерекше тіл". "Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі", "тілге орамды, жүрекке жылы тиетін" элементтері ұштала түседі.
Әдеби тілдің жүйелілік, нормалық, сымбаттылық қасиеттері, өмір сүру формалары мен стильдік сипаты, қоғамдық қызметі оның мәнінен, басты қасиетінен туындап, нақтылы қалыптасу жолы мен кезеңдері арқылы әдеби тілдің даму процесі айқындалады.
Дүние жүзіндегі барлық әдеби тіл атаулыға бірдей, сондай-ақ әдеби тілдің барлық кезеңіне ортақ әмбебап анықтама болмайды. Ал белгілі бір ке-зеңдегі әдеби тілдің анықтамасын түзіп, негізгі белгілерін айқындағанда, әр дәуірдегі әдеби тілдің нақтылы мүмкіндігі, қызмет ету сферасы, оған жүктелетін міндет, өмір сүру формасы ескерілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет