Креативтілікті қалыптастыру басты бағдар ә. Т. Жолдыбекова, «Педагогика және психология»



Дата25.01.2017
өлшемі103,06 Kb.
#7766
КРЕАТИВТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ - БАСТЫ БАҒДАР

Ә.Т.Жолдыбекова, «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (Семей қ.)
Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты – ізгілік және тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту» - деп атап көрсетті. Осыған орай бүгінгі бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік – жігерін, яғни жан – жақты, азат, шығармашылық дамыту міндеттері де тұр.

Оқушының шығармашылық әрекетін педагогикалық және психологиялық тұрғысынан жан – жақты зерттеулер көбеюде. Өйткені, қоғамның тәжірибесі шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, психология – педагогикалық ойлардың осы мәселелеге назар аударуына мәжбүр етті..

Отандық педагогика мен психологияда ерекше жаңа шешімдерге әкелетін «шығармашылық» термині кең қолданылған. Шетел психологиясында шығармашылықтың қалыптасуына ықпал ететін тұлғалық және ойлау қасиеттерінің жиынтығы «креативтілік» терминімен белгілі.

Шығармашылық психологиядағы креативтілік атауымен белгілі болған бағытты Э.Г.Юдин, С.М.Бернштейн, А.Н.Лук, Дж. Гилфорд, С.Медник, В.Смит, К.Тейлор, Е.Торренс, Н.В. Кипиани, А.М.Матюшкин және тағы басқа ғалымдар зерттеді.

Көптеген ғалымдар әр баланың туа біткен шығармашылық мүмкіндіктері бар, ол кретивтілік дамыту тек шығармашылық әрекетте жүзеге асады деген пікірде. Демек, шығармашылық даралықты қалыптастыру әлеуметтік орта шарттарына тәуелді. Мектеп білім беру әдістерін қолданып, танымдық процесті ұйымдастыру тәсілдері арқылы баланың креативтілігін дамытуды ынталандырады. Креативтілік туралы айтқанда шығармашылық ойлау ғана емес, тұлғаның қасиеті мен дамуы да ескерілуі керек.

Қазіргі білім беру тұжырымдамасының бағытының өзгергеніне қарамастан, мектептерде оқу бағдарламасын оқушы тұлғасынан жоғары қою әлі күнге дейін кездеседі. Оқытуда білім беруді меңгеруге, баланың интеллектісін ғана дамытуға бағыттайды. Оқушының тұлғалық және психологиялық шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған жұмыстар тең дәрежеге өтілуі тиіс. Білім беру жүйесінің тиімді көрсеткіші баланың дамуы болуы керек. Зерттеушілердің пікірі бойынша, білім беруде дамытудың тиімді және маңыздысы тұлғаға бағытталған оқыту. Бұндай оқыту тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, ең алдымен оқушылардың танымдық шығармашылық күштерін қалыптастырады. Зерттеушілердің бұл пікірмен келіспеу мүмкін емес. Өйткені, креативтілік дамыту тұлғалық дамудың басты көрсеткіштерінің бірі, тек қана креативтілікті дамыту тұлғалық дамудың басты көрсеткіштерінің бірі, тек қана креативтілік адамның өзінің даралығы мен бірегейлігін көрсетеді.

Философия мен психологияда «креативтілік» категориясын зерттеу мен анықтауда негізгі төрт бағыт анықталды:


  1. Креативтілік – шығармашылық процесс.

  2. Креативтілік – жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім;

  3. Креативтілік – интеллектуалдық немесе шығармашылық қабілет.

  4. Креативлік – тұлғалық категория, мінез- құлық ерекшелігі.

Осы төрт бағыт өзара байланысты : креативті тұлға креативті процеспен айналыса отырып, креативті нәтиже береді.

Оқу мен тәрбие процесін басқару тек қана оқушыларға белгілі бір білім жүйесін меңгертіп қана қоймайды, сонымен қатар ол тұлға шығармашылық әрекет дағдысын меңгеретін прцестің әрект формасын ұйымдастыруды да көздейді. Әрекетті басқару объектісі креативті білім беру тәрбиелеу процесі. Шығармашылық процесті тікелей қадағалау үнемі көздеген мақсатқа жеткізе бермейтінін тәжірибелер көрсетті. Когнитівті және эмоцианалды қызығушылықты тудыратын инновациялық технологиялар қолдана отырып, шығармашылық ахуал құру үшін жағдай жасау керек.

Ғалымдар, зерттеушілер, психологтер мен педагогтер өздерінін зерттеулеріне креативтілік ұғымына әртүрлі анықтамалар береді. Е.Торренс бойынша креативтілік - білім игетэуде кездесетін қиындықтарды, кейбір кемшіліктерді шешудегі қабілеттілік. Е.Торренс үш факторлы креативтіліктің моделін ұсынады:

- ой ұшқырлығы (продуктивтілігі-өнімділігі);

- икемділік;

- ерекшелік, өзіндік.

Бұл тәсілде шығармашылық өлшемі нәтиже сапасы емес, шығармашылық өнімділікті белсендіріп, жандандыратын сипаттар мен үрдістер ретінде көрінеді. Д.Богоявленская креативтілікті жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығы" ретінде қарастыра келе, шығармашылықты талдау бірлігі - интеллектуалдық белсенділікті (шығармашыл тұлғаның танымдық және мотивациялық сипаттарын олардың бірлігінде бейнелеп көрсетеді) және интеллектуалдық белсенділіктің үш деңгейін: стимулдық - өнімді, эвристикалық және креативтілік деп ажыратады. Алғашқы деңгейге жеке тұлғаның интеллектуалдық белсенділігі танымдық ынта және жігерлілікпен жұмыс жасау барысында да бастапқы берілген тәсіл шеңберінде қалатын адамдар жатқызылады, олардың іс-әрекеті сыртқы стимулмен анықталады. Эвристикалық деңгейдегі адамдарға өз іс-әрекетінің құрамы мен құрылымын талдау, түрлі міндеттерді өзара салыстыру тән, бұл жаңа шешімдерге, ой-қорытындыларға, жаңалық ашуга жетелейді. Интеллектуалдық белсенділіктің креативтілік деңгейіндегі адамдар құбылыстардың себептерін түсінуге тырысады, ал бұл өз кезегінде зерттеудің жаңа мақсаттарына айналады, талдау үрдісін тереңдетеді.

Көптеген зерттеулерде ғалымдар "креативтілік" ұғымына анықтама беруде креативтіліктің бір сипаты ретінде жеке тұлғаның жағдаяттардан шыға білу қабілеті мен өзіндік мақсатты нақты қоя білу қабілеттілігіне тоқталады.

Л.Ермолаева-Томина шетел зерттеушілерінің тәжірибесін жалпылай келе, креативтілікті әртүрлі қабілеттердің жиынтығы ретінде анықтайды, қабілеттер әр адамда жеке-дара әр сапада көрінетініне тоқталып, келесі белгілерін көрсетеді:

- тәжірибеге ұмтылушылық - жаңа проблемаларға икемді, мәселені шешуге бейімділік;

- талкылауға икемділік - тапсырманың шегіне шыға алу;

- ой ұшқырлығы - тез арада, кенеттен шешім шығару тәсілдерін өзгерте алу қабілеттілігі;

- ойлау ерекшелігінің болуы - өзбеттілік, даралық ерекшелік, ерекше шешім шығару

Креативтілікті қалыптастыру мәселесіне сәйкес жазылған еңбектерді саралай келе креативтіліктің құрылымдық бөліктерін бөліп көрсетуге болады: аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой-пікірлерде тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисынды ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру, т.б.

Креативтілік арқылы адам өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылып, ізденеді, өзінің істеріне есеп беріп, кемшіліктеріне сын көзбен қарай алады.

Жеке тұлғаның креативтілігін, шығармашылық дербестігін қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін қабілеттер мен шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделуге апаратын әрбір жеке тұлғаға тән интеллектуалдық үрдіс ретінде сипатталады.

В.С.Шубинский шығармашылық процесті үш сатыға бөліп, ондағы көрінетін қабілет- қасиеттерді көрсеткен;

1. Жаңаны, өзгеше, тың дүниені сезе білу, қарама- қайшылықтарды түсіне білуде сезімталдық, сындарлылық, шығармашылық ой – талдауға бейімділік, жан дүниесіне ішкі тартысты оята білу қабілеті, танымдық қызығушылық, яғни шығармашылық көңіл күйдің туу кезеңі;

2. Интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіәне білу, сөз ұшқырлығы, қайшылықтарды түсіну, ой қызметінің ерекшелігі, батылдық, шығармашылыққа деген ішкі құштарлық, яғни оқиға, лбраз жасаудың бағдар ұстанар кезеңі;

3. Өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме, дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу, яғни сын, дәлелдеме сатысы.

Педагогика, психология саласындағы ғалымдардың зерттеулерін басшылыққа ала отырып, бастауыш сынып оқушыларының креативтілігін дамытуда бір – бірімен тығыз байланысты болатын төмендегідей қағидаларды айқындауға болады:



  • оқушының жеке психологиялық ерешелігін ескерту;

  • оқу – тәрбие процесінде оқушының танымдық әрекетінің басым болуы;

  • - оқушылардың ішкі сезімдерінің, яғни оқуға деген жағымды көзқарасының оянуын белсендіруге бағытталған іс - әрекеттерді ұйымдастыру;

  • Тұлғаның адамгершілік, интеллектуалдық т.б. қасиеттерін дамыту;

  • Сабақтардағы оқу – тәрбие құралдарының, формаларының, әдістерінің нақты бір мақсатқа бағытталып, түрленіп отыруы.

Осы қағидалардың жүзеге асырылуы оқушының даму деңгейінің өсіп, ой еңбегін өзіндік ұйымдастыра білуіне жетелейді.

Әрекеттің біркелкі, сыңар жақты қайталана беруін шығармашылық әрекет деп айта алиаймыз. Шығармашылық пен эмоция бір – бірімен ұштаса, үйлесе отырып, баланың әрекетін ынталандырады. Әрекеттің нәтижелі болуы шығармашылықтың дамуы үшін қажетті шарттардың бірі. Оқу – тәрбие процесінде «шығармашылық» терминін интеллект, қабілет, даму, дарындылық сияқты терминдермен тығыз байланысты. Балаларды мектеп жасында дарынды, дарынсыз деп бөлу педагогиканың адамгершілік негізіне қайшы келеді. Оның үстіне педагогика мен психология ғылымында әрбір баланың дарындылығын анықтайтын дәл өлшем әлі табылған жоқ.

Қ,Әбдібекқызы бастауыш сынып оқушыларының бала бойындағы қасиеттерінің шығармашылық үшін тиімсіз жақтарын анықтайды:

- Төменгі сынып оқушылары небір дүниені қиялында қиыстыра алғанымен, олардың қиялы тұрақтап, бір образды, сюжетті ұстап тұра алмайды, алдын ала ой, идея мақсат тумайды. Ой – қиялы тұрақсыз болғандықтан, оны әлдебір тапсырма – міндет төңірегінде тұрақтандыру өте қиын.

-Төменгі сынып шығармашылыққа өте белсенділік көрсеткенімен, оны тек ойын ретінде қабылдайды.

- Төменгі сынып оқушылары бастағын ісін аяғына дейін жеткізуге шыдамсыз.

Бастауыш сынып оқушылары бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге шыдамсыз. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа тәрбиелеу үшін қиын кезең екеніне қарамастан балалардың бойына жауапкершілік сезімін сіңіру керек. Оларды шығармашылыққа бағыттап, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге дағдыландыру керек.

Бастауыш сынып баласының бойындағы шығармашылық үшін тиімсіз осы қасиеттерді ескере отырып, оқу – тәрбие процесінде педагог өз әрекетін қайта қарастырғаны жөн.

Біріншіден, мұғалім өзінің инновациялық іс - әрекетін жетілдіруі;

Екіншіден, оқытудың озық технологияларын меңгеру;

Үшіншіден, құрал – жабдықтар мен ақпараттық технологияларын қолдауда өзгерістер еңгізу;

Төртінші, оқушыларға жеткізетін оқу материалдарының мазмұны мен түр сипатын өзгерту.

Осы аталған қасиеттерді бастауыш сынып оқушыларының бойына сіңіре білу үшін оқушы креативтілігін дамытудың мазмұны, формасы, әдіс – тәсілдерін анықтау қажет.

Төмендегідей жұмыс түрлері бастауыш сынып оқушыларының креативтілігін дамыту мақсатында пайдаланады:



  1. Мектепке келеген алғашқы күннен бастап халық ауыз әдебиетінің үлгілерін белсенді енгізу, яғни тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылпаш жаттау. Бұндай тапсырмалар баланың еске сақтау қабілетін дамытып, өз тілін құрметтеуге баулиды.

  2. Лингвистикалық әдіс. Бастауыш сынып оқушылары заттардың атын, сөздердің мағынасын түгел біле бермейді. Бұл арада құбылыстың, заттың суретін немесе түпнұсқасын көрсете отыры, атауын үйрету.

  3. Оқушының сөйлемді байланыстыра сөйлеуін және өз ойын анық жеткізе білуге, сұраққа нақты жауап беруге дағдыландыру.

  4. Оқушының сөздік қорын есту қабілеті арқылы молайту. Бастауыш сынып оқушылары сурет салуды жақсы көреді. Алдымен белгілі бір тақырып бойынша сурет салғызып, артынан өзі салған суреті бойынша әңгіме, ертегі құрастыру болады. Бұл жағдайда әр түрлі тақырыпқа арналған сөздер, мәтіндер бойынша сурет салдыру баланың құлшынысын арттыра түседі.

  5. Жазбаша тілін дамыту кезінде әртүрлі тақырыптар бойынша шығарма, мазмұндама, эссе, әңгіме жаздыру.

Бастауыш сыныптағы шығармашылық әрекет жүйесін М.Р.Львов үшке бөледі:

    1. Оқушыда шығармашылық әрекет үшін алғы – шарт болатын қасиеттерді тәрбиелеу. Оған байқампаздық, қарым – қатынасқа түсуге даярлығы, тілдік және жалпы белсенділігі, еске сақтауға даярлығы, ойлау ерекшелігі жатады. Бұл қасиеттер дәстүрлі танымдық, оқу әрекеті үшін өте пайдалы. Шығармашылық үшін кездескен қиындықтарды және өз жалқаулығын жеңе білу қажет. Шығармашылық эмоция танымдық қызығушылық, қиял мен тығыз байланысты. Шығармашылық әрекет адамгершілік, ой және дене дамуы жылдам дамыған оқушыларда сәтті жүреді.

    2. Тұлғаның ерекшелігі, өзіндік түр - әлпеті шығармашылық әрекет түруне жатады. Шығарма, әңгіме, эссе жазу кезінде адамның тұлғалық ерекшелігі көрінеді. Шығарма ретінде оқушының өз өмірінен, сурет бойынша, көркем фильм, қойылымдар, табиғатты немесе ауа райын бақылау, салт – дәстүрдің бір көрінісін сипаттауға болады. Жазбаша жұмыстармен қатар, оқушы суреттерінде тұлғалық ерекшелігі көрінеді. Оқушы диалог, оқу ырғағы, тіпті жазуы арқылы өзінің тұлғалық ерекшелігін көрсетеді.

    3. Оқушылардың танымдық процесте зертеушілік, құрастырушылық әрекеттері.

Бастауыш сынып оқушыларының креативтілігін дамыту жолдарын қарастыра отырып, педагогикалық инновациялық процесте оқытушының түрткісі мен шығармашылығының қатынастары инновациялық әрекеттің тиімділігін қамтамасыз етеді. Өткізілген зерттеулер өз кезегінде болашақтағы инновациялық әрекетті болжау деңгейін мен сипатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Д.Б. Богоявленская. Псяхология усвоения знаний в школе. М., 1959. 244 с.



2. А.В. Морозов, Д.В. Чернилевский. Креативная педагогика и психология. М., Академический проект, 2004. 560 б.

3.Қ.Әбдібекқызы Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту. Алматы: Рауан, 1994. -80 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет