әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Оқу-әдістемелік кешен бет.3 барлығы
5
үйірменің отырысында талқылай отырып, сот істеріне шолу жасау;
оқытушының тапсырмасы бойынша сот мәжілістеріне қатысу, әртүрлі
ұйымдардың заң бөлімдеріне, нотариалдық кеңселердің жұмыстарымен
танысу; үй тапсырмас түрінде заң жобаларына пікірлер дайындау;
тәжірибелік сабақтармен ұштастыра отырып, зерттелінетін тақырып
аясында құқықтық құжаттардың жобасын дайындау.
Рефераттарды дайындау – СӨЖ ұйымдастыру және бақылаудың бір
нысаны. Реферат (лат. referre – баяндау, хабарлау) – бұл ұтымды бағалау
арқылы қайнар көздің мазмұнын қысқаша баяндау немесе бірнеше қайнар
көздерді салыстыру және талдау негізінде қандай да болмасын
проблеманың жай-күйін ашу. Оқу үдерісіндегі мазмұны және қызметіне
байланысты рефераттар ғылыми-проблемалық және шолу-ақпараттық
болып бөлінеді
.
Рефератты жазу мақсаты – студенттерде әдеби және нормативтік
қайнар көздермен дербес жұмыс істеу машыты жазу мақсаты –
студенттерде әдеби және нормативтік қайнар көздермен, жарияланған сот-
тергеу тәжірибесімен дербес жұмыс істеу машығын жетілдіру. Студенттер
оларды талдау және жалпылау негізінде өзіндік негіздеу арқылы теориялық
және тәжірибелік сипаттағы қорытындылар жасай алады. Рефераттардың
тақырыптары,
ұсынылатын
әдебиеттер
тізімі
оқытушы
арқылы
анықталады. Қандай да болмасын кітаптың немесе мақаланың мазмұнын
қысқаша баяндаумен байланысты рефераттар сәйкес тақырып бойынша
дипломдық жұмысты дайындаудың алғашқы кезеңі болап қарастырылуы
мүмкін. Реферат көлемі машиналық мәтіннің 15-20 беттік түрі ретінде бола
алады. Рефераттың әдеттегі құрылымы: жоспар; тақырыптың негізделуі
және міндеттері көрсетілген кіріспе; бірнеше параграфтан тұратын негізгі
бөлім; тақырып бойынша жасалған түйіндер қарастырылған қорытынды;
библиографиялық тізім.
Достарыңызбен бөлісу: