әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Оқу-әдістемелік кешен бет.1 барлығы
5
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ
КРИМИНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ
6B04205 ҚҰҚЫҚТАНУ, 6В12301 – «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ »
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША
студенттердің өзіндік жұмыстарын жүргізуге
арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
АЛМАТЫ 2023 ж.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Оқу-әдістемелік кешен бет.2 барлығы
5
Студенттердің өзіндік жұмысы
2.1. Жұмыс түрлері. Олардың жалпы сипаттамасы. Жазуға қойылатын
талаптар
1. Өзіндік жұмысты жазудың мақсаттары
Өзіндік жұмыс – оқытушының тапсырмасы бойынша және әдістемелік
жетекшілігімен студенттердің танымдық қабілеттерін дамыту және өзіндік
үздіксіз білім көтеруге бағытталған студенттердің жоспарланған жұмысы.
Оқу және ғылыми материалдың күрт өсуіне байланысты,
пәнді оқуға
арналған аудиториялық сағаттардың жетіспеушілігі барысында оқу үдерісі
шеңберінде СӨЖ маңызды рөл атқарады. Жоғары оқу орнының кез келген
бітірушісі студенттердің өзіндік жұмысы барысында қалыптасатын іргелі
білімге,
кәсіби қызметтің дағды, машықтарына,
шығармашылық және
зерттеу қызметінің тәжірибесіне, әлеуметтік
және коммуникативті
хұзыреттерге ие болуы қажет.
СӨЖ-дің дидактикалық міндеттері: аудиториялық сабақ барысында
алған
білімді бекіту, тереңдету, ұлғайту, жүйелеу;
жаңа оқу матеиалын
дербес түрде меңгеру; кәсіби машықты сондай-ақ дербес ойлау қызметінің
дағдысын дамыту; дербес ойлау қабілетін, заңи әдебиетке, тәжірибелік заңи
қызметке, құқық шығармашылық үдерісіне қызығушылықты жетілдіру.
СӨЖ-дің негізгі нысандары: үй жұмысы;
жекелеген тақырыптар
бойынша рефераттар дайындау; ғылыми студенттік үйірмелердің және
ғылыми
конференциялардың
жұмысына
қатысуды
білдіретін,
студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстары (студенттердің
оқу-зерттеу жұмыстары - СОЗЖ және студенттердің және ғылыми-зерттеу
жұмыстары - СҒЗЖ); аудиториядан тыс
уақытта іскерлік ойындар
ұйымдастыру және өткізу.