Тергеулік қарау және куәландыру тактикасы
Тергеу қарауы — қылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, қүжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және кылмыстык істін мән-жайла-рын зерттеу максатында тергеушінін кез келген объектілерді тікелей кабылдауы мен зерттеуінен түратын тергеу әрекеті.
Кылмыстык іс жүргізу заңы бойынша карау — қылмыс ізін, өзге материалдык объектілерді аныктау, сондай-ақ іс үшін ма-нызы бар жағдайларды айқындау максатында тергеуші, ал ол жок болған жағдайда анықтаушы немесе кылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары кызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, қүжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті.
Криминалистикалык окулықта тергеу қарауының келесідей максаттары керсетілген:
- тергеушінің жеке объектіні, объектілердің жиынтығы не-месе кешенін тікелей зерттеу;
— окиғаның, кылмыстын механизмі, жері орны, кылмыс-кердің және жәбірленушінің жеке басы және де қылмыстык іс бойынша аныктауға жататын өзге де мән-жайлар туралы типтік, жалпы және жеке болжауларды ұсыну үшін бастапкы акпарат-ты алу;
— қылмыстың суымаған ізі бойынша кылмыскерді іздестіруді және қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтерді алу;
тергеу барысында кейінгі әрекеттерді (кезектегі шараларды) жоспарлау үшін мәліметтерді алу;
тергелетін қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау.
Тергеу қарауының түрлерін әр түрлі негізер бойынша жік-теуге болады: қарау объектісі бойынша, жүргізу кезектілігі бо-йынша, көлемі бойынша.
Қылмыстык іс жүргізу заңы бойынша тергеу қарауының келесі түрлері көрсетілген:
оқиға болған жерді;
заттай дәлелдемелер;
- мәйіт;
- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесін карау.
Криминалистикада тактикалық мағынасы жағынан кдрау объектілеріне:
үй-жайдағы окиға болған жер;
ашык жердегі оқиға болған жер;
мәйіт;
— қылмыстың қаруы және қүралы;
- құжаттар, фото-, бейне-жазбалар, киноқұжаттар сонымен катар, пошта-телеграфты хат-хабар;
жануарлар;
көлік кұралдары;
компьютерлер;
сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесі.
Кезектілігі бойынша тергеу қарауының екі түрін ажырата-мыз:
алғашқы;
қайталама.
Қайталама карауды жүргізу жағдайлары әр түрлі болуы мүмкін: алғашқы карауды сапасыз жүргізу (колайсыз метеоро-логиялык жағдайлар, түнгі уақыт және т.б.), кажетті техника-лық кұрал-жабдықтарды қолданбау, тергеу барысында қайта лама карауды жүргізу кажет екендігін көрсететін мәліметгердің алынуы, алғашқы карауды толық, егжей-тегжейлі жүргізілмесе және дүрыс жүргізілгендігінде күмән туындаса, сонымен катар, прокурор мен тергеу бөлімі бастығының тікелей нүсқауымен жүргізіледі.
Көлемі бойынша тергеу карауы негізгі және қосымша деп белінеді. Алғашкы қарау көп жағдайда негізгі карау болып та-былады. Сондыктан тергеуші караудың жан-жакты, толық жүргізілуіне тырысып, қосымша карау жүргізу қажеттілігін болдыртпауы кажет. Бірақ кей жағдайларда косымша карау жүргізу ситуациялары да кездеседі: негізгі кдрау кезінде жеке-ленген учаскелерге, объект элементтеріне карау жүргізілмеген жағдайларда. Мысалы, бухгалтерлік күжаттарға карау жүргізу кезінде журнал-ордерлер, ведомстер зерттелінді, бірак, №10 ведомстің болмауы себебінен қарау жүргізу мүмкін болмады. Кешірек бухгалтердін үсынуымен №10 ведомстке карау жүргі-зіліп, қосымша кдрау хаттамасында бекітілген.
Барлық объектілерге қарау жүргізуде жалпы процессуаль-дык және тактикалык талаптар қойылады.
Тергеу қарауы екі куәгердің міндетті катысуымен жүргізі-леді, ал оқиға болған жерді карау кезінде өзге жағдайлар да бо-луы мүмкін.
Куәгер болып әрекет қабілеттілігі бар, іске мүдделі емес, заң талаптарын мүлтіксіз орындайтын азаматтардын болуы кджет. Олардын міндетіне тергеушінің барлық әрекеттерін, сонымен қатар, хаттаманың толтырылуын объективті бағалауы мен куә-ландыруы жатады. Куәгерлер мақсатты түрде тергеушінің, кри-миналист-маманның барлық әрекеттеріне бакылау жүргізуі ке-рек.
Тергеуші қарау әрекетіне жәбірленушіні, сезіктіні, куәні, айыпталушыны олардың келісімімен катыстырта алады.
Кдрауға сонымен катар, тергеуші мамандарды шакыра ала-ды. Қаралатын объектініңтүріне байланысты криминалист-ма-ман, дәрігер (медицина қызметкері), экономист, инженер, хи-мик және т.б. шакыртылады.
Тергеу ситуациясына, каралатын объектіге байланысты участ-ковый, патруль, жол полиция қызметкерлері кдрауға қатысады.
Тергеу тәжірибесі қарауының бірнеше тактикалык нұскау-ларын үсынады:
1) караудың кейінге каддырылмай, дер кезінде жүргізілуі;
максатты түрде жүргізілуі, караудын барысы мен нәтижесіне талдау жасау;
криминалистикалыктехникаталаптары мен ережелерінің сақталуы;
қараудың бір бастамамен жүргізілуі;
тергеу қарауының барлык. нәтижелерін толык және объективті бекіту.
Қылмыстық істерді тергегенде әр түрлі объектілерді карауға тура келеді. Жеке заттарды, мәйітті және баскд да объектілерді қарау бірде дербес тергеу қарауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар окиға болған жерді караумен қамтылады. Егер айтылған объектілер окиға болған жерден тыс жерде карал-са, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде саналады.
Мысалы, ауыр жаракат алып, халсіз жаткдн жәбірленуші ейханаға алып барғаннан кейін кайтыс болса, оның мәйітін қарау жеке тергеу әрекеті болып саналады да, оқиға болған жерді қараумен камтылмайды.
Мұндай жағдайлар, әрине сирек кездеседі, көбінесе жоға-рьща айтылған объектілер окиға болған жерде қаралады.
Окиға болған жерді карау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмыстык іс козғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Көп кылмыс-тардың тергеуі окиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тер-геу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда қыл-мысты ашуға керекті, өте кұнды дәлелдемелер жинап алуға бо-лады. Қылмыстық оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдар-дың белгілі бір әрекет-кимылдарынан тұратывдықтан ол айна-ладағы ортаға әсер етіп, сол кылмыс жасалған жерде көптеген іздер калдырады. Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада колда-нылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (колдың ізі, аяккиімнің ізі, т. б.). Ал, жалпы кен ма-ғынада кылмыс іздері деген ұғымға окиға болған жерде калған заттар, кираған, сынған нәрселер және кылмысқа байланысты айналада болған езгерістердің бәрі жатады. Осы өзгерістердін бәрін негізге ала отырып, оқиға болған жерді карау үстінде тергеуші окиғаның қалай болғанын, айталық, оньщ механизмі жөнінде белгілі бір болжаулар жасай алады. Окиға болған жерді караудын манызы, әрине мүнымен шектелмейді. Себебі, карау үстінде тергеуші осы кылмыска байланысты іздерді, заттай дәлелдемелерді, өте күнды деректерді тауып алып, оларды дәлел-деме есебінде пайдаланады.
Оқиға болған жерді караудын тергеу әрекеті есебіндегі ма-ңызын дүрыс үғу үшін алдымен оның түсінігіне токталайык. Біріншіден, оқиға болған жер дегенге не жатады, оның ұғымын талдайык. Окиға болған жер деген түсінікке окиға болған жер және осы кылмыстың іздері табылған жерлер жатады. Сондык,-тан бұл үғымға тек кана кылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мүнымен катар бүл ұғымға қылмыс жасауға дайындык. жүмыс-тарын жүргізген жер, кылмыс жасауға қолданған кару және баска да заттай дәлелдемелер тапкан жер де жатады. Ол - жеке үй, пәтер, ашык алан, су айдыны, вагон, тағы баска да объектілер болуы мүмкін. Бір кылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін. Айталық, адамды өлтіріп, оны баска жерге апа-рып бөлшектеп, ол бөлшектерді әр жерге көмсе, адамды өлтірген жер де, мәйітті белшектеген жер де, ол бөлшектерді көмген жер де окиға болған жер деп саналады. Сонымен бір жасалған кыл-мыс бойынша бірнеше оқиға болған жерді кдрауға тура келеді. Айта кететін бір жай, окиға болған жер деген түсінік пен кыл-мыстын болған жері деген түсінікті ажырата білу керек. Соңғы түсінікке тергеліп отырған кылмыстың нактылы болған жері жатады. Ол — оқиға болған жер деген түсініктің қүрамдас бір элементі.
Айтылғандарды тұжырымдайтын болсак, окиға болған жер дегеніміз қылмыстын жасалған жері және де сол қылмыстың іздері табылған ашық алан, пәтер, жеке үй және баска да объектілер.
Енді тергеу әрекетінің оқиға болған жерді карау деген түсінігіне талдау жасайык.
Криминалистикалык оқулыктарда бұл тергеу әрекетінін ма-ғынасына әр түрлі түсінік, үғым беріледі. Авторлардың берген түсініктеріне талдау жасасак, бүларда негізінен тек редакция-лык айырмашылыктары бар екендігі байкалады. Негізінен берілген түсініктерде бүл тергеу әрекетінін мағынасы, онын міндеттері және маңызы, сонымен катар тергеу әрекетін жүргізу үстінде колданылатын әдістер сипатталады. Кейбір авторлар бұл тергеу әрекетін қылмысты кім және кандай максатпен жаса ғандығын анықтау міндеттері ретінде түсіндіреді. Қылмыстык. іс бойынша тергеу жүргізгенде бұл мәселелерді аныктау керек екендігі, әрине түсінікті. Бірақ бұл тергеу әрекетіне мұндай күрделі мәселелерді шешуді міндеттеу орынсыз. Бұл мәселе-лер жалпы тергеудін алдында түрған міндет, олар бірнеше тер-геу әрекеттерін жүргізу аркылы шешіледі. Сондыктан бүл мәселелерді шешуді бір тергеу әрекетіне, яғни окиға болған жерді карауға жүктеуге, әрине болмайды.
Кейбір авторлар оқиға болған жерді қарауға катысты түсініктерінде оның міндетіне, атап айтканда, жүргізілетін жүмыстар катарына жедел-іздестіру жұмыстарын да жаткыза-ды. Жедел-іздестіру жұмыстары процессуальды әрекеттер қата-рына жатпайды, оны аныктаушы органдар жүргізеді. Мұндай жұмыстар тергеудін бастапқы кезеңінен тергеу біткенше жал-ғасады. Сондықтан мүны тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау үғымына кіргізу орынсыз. Әрине, окиға болған жерді карау үстінде жедел-іздестіру жүмыстары да жүргізіледі, бірак бұл іздестіру жұмыстары окиға болған жерді қараумен шектел-мейді, ол тергеу біткенше, кейін де жүргізіле береді.
Айтылғандарды тұжырымдай келіп, бұл тергеу әрекетіне төмендегідей түсінік беруге болады: окига болған жерді қарау дегеніміз іздерді, заттай дәлелдемелерді іздеп табуға, оларды бекітуге, алуға және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жа-салган қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей жүргізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.
Осы түсінікте окиға болған жерді қараудың міндеттері де көрсетілген. Атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау үстівде іздер, заттай дәлелдемелер белгілі криминалистикалык әдістер мен тәсілдер, арнайы кұрал-саймандарды пайдалану аркылы ізделіп, бекітілуі зерттелуі керек. Сонымен қатар қарау үстінде объектілердін орналасуы және жалпы жағдайы бойынша қыл-мыстын мән-жайы жөнінде деректі мәліметтер алу қажет, оқиға болған жерді карауда бүл мәліметтердің маңызы зор. Окиға бол-ған жерді карау тергеудің ен бастапқы кезенінде, кылмыс бол-ғаннан кейін іле-шала жүргізілетіндіктен, бұл тергеу әрекетін жүргізу аркылы ете кұнды деректер, дәлелдемелер жинап алуға болады. Кдрау мезгілінде табылған заттай дәлелдемелер, іздер аркылы қылмыстың механизмін, қылмыс жасау әдісін анык-тауға, кылмысты жасауға катынасқан адамдар жөнінде және істің баска да мән-жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады. Бұған тек кана оқиға болған жерді кідіртпей, тез арада караған жағдайда ғана мол мүмкіндік туады. Егер оқиға болған жерді қарау кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, заттай дәлелде-мелер ауа райы және баскд да жағдайларға байланысты өзгеріп, бүлініп калуы мүмкін, тіпті олардын жойылып кетуі де ыкти-мал. Міне, осыған байланысты тергеуші хабар алысымен, тез арада кылмыстың болған жеріне баруға, оны кешіктірмей қарауға әрекет жасауы тиіс. Окиға болған жер түнде де карала-ды. Егер мұндай кезде жарык, нашар болып, окиға болған жерді егжей-тегжейлі үкыпты карап шығуға мүмкіндік болмаса, бұл жер жарык түскеннен кейін каралуы керек. Жасалған кылмыстың түрлеріне орай окиға болған жерді караудын өзіндік ерекшеліктері бар. Бүл ерекшеліктер жеке кылмыстарды тергеу әдістемесінде карастырылады.
Оқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты.
Тергеушініңдайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең — тергеушінің окиға болған жерге шыкпай түрып, окиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындык, жұмыстары. Бұл ' бірінші кезенде тергеуші мына төмендегі дайындык жұмыста-рын атқарады:
өзі келгенше оқиға болған жерді өзгеріссіз сактап калу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтканда, полиция қызметкерлеріне нұскду береді;
окиға болған жерді карауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жүмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың оқиға болған жерге кешікпей келуіне керекті шара қолданады;
окиға болған жерді қарағанда қолданатын криминалистикалык күрал-саймандарды және басқа да кажетті жабдыктарды дайындайды.
Тергеуші оқиға болған жерге өзі келгенше оны өзгеріссіз сақтап калу жөнінде нұскду берумен қатар полиция кызмет-керлеріне кылмыстың басында болып, оны көрген адамдарды аныктау және баска да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді. Окиға болған жерді карайтын тергеу тобын кұрғанда тергеу-ші қарауға кандай мамандар қатынасуы керек екендігін алдын ала анықтайды. Егер оқиға болған жерде мәйіт бар болса, онда қарауға міндетті түрде сот-медициналық эксперт немесе арнайы медициналық білімі бар адам кдтыстырылуы керек. Іздерді және баска да заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерт-теу үшін қарауға маман-криминалист қатыстырылады. Кдрала-тын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты басқа да маман-дардың қатысуы мүмкін.
Карауға пайдаланылатын кұрал-саймандарды дайындау үстінде тергеуші тергеу чемоданының ішіндегі жабдықтардың толық болуын, жарамдылығын тексереді. Осындай дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін тергеуші жедел оқиға болған жерге шығуы кажет.
Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына төмендегі да-йындык жұмыстарын жүргізеді:
жәбірленушінің хал-жағдайы аныкталып, керек болса оған жедел медициналық жәрдем көрсетіледі;
оқиға болған жердің шекарасын анықтайды;
полиция қызметкерлерінің және баска да лауазымды адамдардың баяндауынан окиға болған жерде қандай өзгерістер болғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың кандай себептен болғанын аныктайды;
қылмысты көзімен керген куә адамдарды сұрау аркылы, окиға жөнінде деректі мәліметтер алады;
керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде полицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне нүсқау береді;
қарауға катынасатын куәгерлерді анықтап, оларды занда көрсетілген кұкыктары және міндеттерімен таныстырады, арнайы нүсқау береді;
тергеу әрекетін карауға катысы жок бөтен адамдардын бүл жерден кетуін талап етеді;
жедел-іздестіру органдарының кызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану аркылы қылмыскердің ізіне түсіп, оны үстауға нүскау береді.
Жоғарьща көрсетілген және де оқиғаның ерекшелігінен туын-дайтын баска да дайындык жұмыстарын бітіріп, тергеуші окиға болған жерді карауға кіріседі.
Достарыңызбен бөлісу: |