Мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны меңгеруі; оқушыларды проблемаларды қоюға және оны шешуге қатысуға түрткі болу; олардың білім алуларын күшейту мақсатында оқу материалын дайындау және хабарлаушы әңгіме өткізудің оқу қағидаттарына негізделген реттеуші ережелері жүйесі.
Негізгі функциялары: репродуктивтік сұрақтар мен арнайы жасалған проблемалық жағдаяттардың көмегімен оқу қызметінің жаңа ұғымдары мен тәсілдерін ашу; танымдық қарым-қатынасты жандандыру және оқушылардың ойлау және тәжірибелік қызметіне түрткі болу, оларда сөз сөйлей білу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру; оларға ұжыммен ойлау қызметінің тәсілдерін үйрету.

Негізгі белгілері: оқу материалы хабарлаушы әңгіме түрінде баяндалады, онда негізінен оқушыларға белгілі материал бойынша репродуктивтік сұрақтар қолданылады. Мұғалім проблемалық жағдаят тудырып, бірқатар проблемалы сұрақтар қоя алады, бірақ бұл жағдайда жаңа ұғымдар мен әрекет ету жолдарының мәнін мұғалім түсіндіреді.
Қара жәшік аталу себебі
Ұшақ немесе тікұшақ бортында орналасқан, пилоттардың әңгімелерін бастан аяқ өздігінен жазатын (тіркеуші) аспап, сенімді қорғалған жинақтаушы құрал.Бұл құрал ұшақ немесе тікұшақ жайсыз оқиғаға тап болып қалған жағдайда, кейін оның себебін анықтау кезінде борттағы пилоттардың әңгімелерінен апаттық жағдайға байланысты айғақтарды іздестіру ісінде қолданылады.
Шындығына келер болсақ, "қара жәшіктің" түсі қара емес, оны апат орын алған жерден тезірек табу үшін көбінесе қызғылт сары түске бояйды. Екіншіден, "қара жәшік" пішіні жағынан жәшікке мүлде келмейді көбінесе оны шар түрінде жасайды.