Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің «Қара жәшік ішінде» атты көпке танымал мақаласында қалыптастырушы бағалауды жақсарту оқушылардың үлгерімін артыратынын көрсетті. Төменде олар әріптестерімен бірлесіп мұғалімдерге өздерінің жұмыс әдістерін өзгертуге, ал оқушыларға өздерінің мінез-құлықтарын өзгертуге көмектескен, сол арқылы әр тарап оқу үшін өз жауапкершілігін түсінген жоба туралы әңгімелейді.
1998 жылы «Қара жәшік ішінде» атты мақала журнал бетінде пайда болды. Содан бері біз «Сыныпта бағалау арқылы оқытудың стандарттарын арттыру» атты мақалада берілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті практикалық кезеңдер туралы көп нәрсе білдік.
1998 жылы «Қара жәшік ішінде» атты мақала журнал бетінде пайда болды. Содан бері біз «Сыныпта бағалау арқылы оқытудың стандарттарын арттыру» атты мақалада берілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті практикалық кезеңдер туралы көп нәрсе білдік.
Пол Блэк
Пол Блэк – Лондон Патшалық колледжінің Кәсіби оқыту және білім департаментінің еңбек сіңірген профессоры, Кристина Хэррисон сонда жаратылыстану ғылымдарының мұғалімі болып істейді. Клэр Ли – Уоркшир графтығы мұғалімдер кеңесінің кеңесшісі. Бетан Маршалл – Лондон Патшалық колледжі Педагогикалық факультеті Кәсіби оқыту және білім департаментінің ағылшын тілі мұғалімі.
Дилан Уильям
Дилан Уильям – Білім саласындағы тестілеу қызметі Оқыту мен оқуды зерттеу орталығының (Принстон, Нью Джерси) директоры. Олар Медуэй мен Оксфордшир графтығының жергілікті білім беру органдарына, осы жобаға тікелей қатысқан мектептерге, әсіресе өздеріне сондай зор жауапкершілік артқан мұғалімдерге алғыстарын білдіреді. Бұл мақалаға негіз болған жұмыс Нафилад Қоры мен АҚШ-тың Ұлттық Ғылым Қорының қолдауымен оқыту мен оқуды жақсарту мақсатында Стэнфорд университеті жанында өткізілген Сыныптағы бағалау жобасының аясында өткізілген. Бірақ осы мақалада айтылған пікір авторларға тиесілі. 2004 жыл, Дилан Уильям.