Критериалды бағалау жүйесі мектеп сабақтарында



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#26769
1   2

Келесі кері байланыс – үшінші кезеңде Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» негізіндегі аралық мақсаттарға (білу – түсіну – қолдану – талдау – жинақтау – рефлексия жасау) сәйкес біртіндеп тереңдетілген және күрделендірілген, сондықтан сапасы әр түрлі үш деңгейлік тапсырмалар іріктелінеді. Олардың ішінде білім сапасын және біліктілік дәрежесін өлшеуші-тапсырмалар ұсынылады. Бұл тапсырмалар төмендегі критерийлер бойынша үш деңгейге іріктелініп, оқушылардың жеке жұмыс барысында қайта орындатылып, балл жинатылады:




ІІІ кезең (кері байланыс- бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп ( әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзыреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды +3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаладыр үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.




І деңгей ( 5 балл). Әр тапсырманың бағасы – 1 балл.

Теория бойынша:

«Білу» (тақырып мазмұны бойынша кім? Не? Қандай?, қалай? Нені? Қашан? не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)


Тест (дұрыс жауаптың астын сыз).

1-тапсырма:

1)Қазақстан қай материкте орналасқан?

А)Солтүстік Америкада Ә)Еуропада Б)Еуразияда В)Азияда

2)Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша?



А)2,7 млн км 2 Ә)1,7 млн км 2 Б)4,7 млн км 2 В)0,7 млн км 2

3)Қазақстан жер аумағы жөніен дүние жүзінде нешінші орын алады?

А)1-орында Ә)9-орында Б)5-орында В)4-орында

2-тапсырма:

4)Қазақстан шекарасының ұзындығы анықтаңдар?

А)25 км Ә)2500 км Б)15000 км В)17000 км

5)Қазақстан Республикасының жері батыстан шығысқа дейінқанша км созылып жатыр?

А)2000 км Ә)1500 км Б)3000 км В)500 км

6)Қазақстан Республикасының жері оңтүстіктен солтүстікке дейін қанша км созылып жатыр?

А)500 км Ә)1000 км Б)2000 км В)1600 км

3-тапсырма:

7)Қазақстан құрлықта қандай мемелекеттермен шекаралас?

А)Түркия,Ауғанстан,Өзбекстан,Иран

Ә)Ресей,Қытай,Қырғызстан,Өзбекстан,Монғолия

Б)Ресей,Қытай,Қырғызстан,Өзбекстан,Түрікменстан

В)Қырғызстан,Тәжікстан,Иран,Пәкістан



4-тапсырма:

8)Жер өз осін қанша сағатта айналып шығады?



А)24 Ә)12 Б)48 В)22

9)Қазақстандағы ең биік тау шыңы?

А)Талғар шыңы Ә)Боқтыбай Б)Ұлытау В)Хан Тәңірі

10)Қазақстандағы теңіз денгейінен төмен жатқан жер?

А)Қауынды Ә)Қарақия Б)Каспий маңы В)Тұран ойпаты


Практикада: «Қолдану» (ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)


5-тапсырма:

Kескін картамен жұмыс.



  1. Қазақстан қандай сағаттық белдеуде орналасқанын көрсет

  2. Орал мен Алматы қаласының уақыт айырмашылығы қанша?




ІІ деңгей (5 балл+4 балл=9 балл). Әр тапсырманың бағасы – 1 балл.

Теория бойынша:

«Түсіну» неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады.)

Себебін анықта

1-тапсырма:

  1. 1. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқандықтан, шұғыл континенттік климатымен көзге түседі.

2. Қазақстанның географиялық орнына байланысты, оның барлық өңірлерінде де жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады.

3. Қазақстан Еуразия материгінің ортасында орналасқандықтан, ол екі дүние бөлігін қамтиды.

4. Жылдың тәуліктерін ауыстырмас үшін, даталардың ауысу сызығы тағайындалды.


Теория бойынша:

«Талдау»

  1. Салыстыр

  2. Айырмашылығы неде?

  3. Ұқсастығы неде?

Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады

2-тапсырма:

Кестені толтыру арқылы Қазақстанның солтүстігі мен батысын және оңтүстігі мен шығысын салыстыр.





Ерекшеліктері

Ұқсастығы

солтүстігі

Орманды дала зонасы,жер бедері жазық

Жылдың төрт мезгілі айқын байқалады. Қоңыржай климаттық белдеуде жатыр.

батысы

Каспий теңізімен шектеседі

оңтүстігі

Таулы,шөл зонасында жатыр

шығысы

Биік таулы

3-тапсырма: Тақырыптың басты идеясы неде?

Барлығына ортақ қасиет: Қазақстан құрлық арқылы 5 мемелекетпен шекаралас. Еуразия материгінің ортасында : қоңыржай климаттық белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан . Шекарасының ұзындығы: 15000 км. Солтүстіктен оңтүстікке 1600 км, батыстан шығысқа қарай 3000 км созылған.



Солтүстігінің ерекшелігі: Орманды дала зонасы, жер бедері жазық. Батысының ерекшелігі: Каспий теңізімен шектеседі. Оңтүстігінің ерекшелігі: Таулы, шөл зонасында жатыр. Шығысының ерекшелігі: Биік таулы.

Практикада:

«Қолдану»

(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқасы орындалады)



4-тапсырма:

Тест (дұрыс жауаптың астын сыз).

1.Жер қанша уақытта өз осінің айналасында толық айналым жасайды?

А.24 сағат ә.365күн б.12 ай

2.Жер қанша уақытта күнді толық айналып шығады?

А.12 ай ә.365 күн б. 24 сағат

3.ТМД елдері қандай сағаттық белдеуде орналасқан?

А. 3,13 ә.4,14 б.2,12

4.Декреттік уақыт қай жылы енгізілді?



А.1930 ә.1932 б.1939

5. Жер шары неше сағаттық белдеуге бөлінеді?



А.12 ә. 24 б.36

ІІІ деңгей (9 балл+3 балл=12 балл) Әр тапсырманың бағасы – 1,5 балл.

Теория бойынша:

«Жинақтау (қорытындышығаруғабағытталған мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба, ребус шеш деген сөздер тапсырма шартында болу керек)

Сөзжұмбақты шеш. ( Мұғалімдерге ескерту: Жоғарыдағы сызба немесе басты

идеядағы мазмұн толық қамтылған жөн).

1

2
3


4
5

6
8
8




ы

9

1. Қазақстанның оңтүстігіндегі шөл?



2. Еліміз қандай теңіз арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне шыға алады?

3. Жерінің ауданы жағынан 5 орынды иемденетін ел?

4. Қазақстан жер көлемі жағынан қай елден 9 есе үлкен?

5. Дүние жүзіндегі халқы ең көп ел?

6. Қазақстанмен әрі шекаралас, әрі жер көлемі жөнінен 1 орынды иемденетін ел?

7. Қазақстанның шығыс шекарасындағы жота?

8. Еуразия материгінің оңтүстік батысындағы материк?

9. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит?



Практикада: « Баға беру» (сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

2-тапсырма:

а) Сен қалай ойлайсың? Болашақта Қазақстанның шекаралас елдерінің саны өзгеруі мүмкін бе? ______________________________________________________________

б) Болашақта Қазақстан Республикасының даму деңгейі қандай болады деп ойлайсың?

Өз ойыңды жаз._________________________________________________________




Бірінші деңгей (В.П. Беспалько бойынша) – оқушылық (өнімсіз – репродуктивтік деңгей: мемлекеттік стандартта анықталған мазмұнның ең аз қажетті көлемін қамтиды). Бұл деңгейде оқушылар Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс алғашқы «Білу» қадамына сәйкес репродуктивтік әрекеттер жасайды. Сабақтың екінші кезеңінде қарастырылған ұғымдарды, түсініктерді, аксиомаларды, даталарды, т.б. фактілер, ақпараттарды білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: не? қашан? қайда? қалай? ... құрылымы қандай?, аяқта, толықтырып жаз. т.с.с. Мысалы, тапсырмалар шарты: Бос орынға қажетті сөздерді жаз . (Асты сызылып курсивпен жазылған жауаптардың орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады. Шартты түрде әр деңгейдің бір тапсырмасы бір баллмен бағаланады).

Демек, оқушының 1-4 теориялық тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады. Бірінші деңгейде қалыптасқан біліктілікті анықтау үшін үлгісі бойынша берілген клесі 5-практикалық тапсырма орындалады.

Мұндай тапсырмалар сабақтың екінші кезеңінде бекіту тапсырмалары ретінде орындалған. Бұл үшінші кезеңдегі бірінші деңгейдің барлық тапсырмасы дұрыс орындалған жағдайда «сынақ» тапсырылған болып саналады. Тәжірибе дәлелдегендей, «сынақ» арқылы үлгерімі төмен оқушылар мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін меңгеріп, екіліксіз оқуға кепілдік (мүмкіндік) алады. Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады. Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.

Екінші деңгейде меңгерілетін мазмұн критерийлері Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс екінші «Түсіну» қадамына сәйкес тапсырмалар: а) бірінші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарын анықтайтын тапсырмалар. Қолданылатын сұрақтар түрі: оқушының бірінші деңгейде берген әр жауабына: неге? неліктен? себебі неде?, түсіндір сияқты сөздер қатыстырылған тапсырмалар беріледі.

б) екінші деңгейде меңгерілетін мазмұнға қойылатын тағы бір талап (критерий) – оқушының «Талдау» жұмысын жасауға арналған тапсырмалар: 1)салыстыр, 2)айырмашылығы неде? 3)ұқсастығы неде? 4)тақырыптың басты идеясын жаз. Мұнда: салыстыруға алынатын объектілер тақырып аясынан шықпау керек және жоғарыда «Себебі неде?» деп берілген сұрақтардың жауаптары ішінен таңдалады.

Екінші деңгейде қалыптасқан біліктілікті анықтап бағалау үшін оқу материалын түрлі өзгертілген жағдайда қолдана білуге арналған практикалық тапсырма беріледі.

Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі): – оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылдық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі – алғашқы жинаған бес баллға + 4 балл = 9 балл = «4» , яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады, егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмаса.

Үшінші деңгейде Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс бесінші «Жинақтау» қадамына сәйкес білімді қорытындылауға бағытталған тапсырмалар беріледі: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, тақырыптың басты идеясын кесте, тірек-сызба, сөзжұмбақ түрінде бер, ребус шеш сияқты сөздер тапсырмалар шартында болу керек. Егер үшінші деңгейде екі ғана тапсырма болса, онда әр тапсырмаға 1,5 балл 1,5 балл берледі (жоғарыдағы 3-деңгей тапсырмаларын қара).

Үшінші деңгейде қалыптасқан біліктілікті анықтап, бағалау үшін Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша орындалуға тиіс соңғы алтыншы қадам: «Баға беруге», рефлексия жасауға бағытталған, яғни, күнделікті өмірде кездесетін проблемлық жағдаяттарды шешуге арналған тапсырмалар беріледі. Мұндай тапсырмалар 12-жылдық мектеп мазмұнында «құзырлылық тапсырмалары» деп анықталған. Тапсырмалар шартында «Сен қалай ойлайсың?», «....не істер едің?» сияқты сөзтіркестер болу керек.

Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).

Үш деңгейлік тапсырмалар жүйесі стандарт анықтаған мазмұнды ғана қамтиды және оларды орындау барысында оқушылар зерттеушілік әдісті меңгеретін болады, егер тапсырмалар Б.Блум теориясының негізінде іріктелген болса. В.П. Беспалько ұсынған төртінші меңгеру деңгейінің тапсырмаларын оқушылар жоғарыда меңгерген зерттеу әдісін пайдаланып, қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайда өз бетімен орындайды (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау, үйірме, селективті курстар, факультатив сабақтар мазмұны, т.б.). Олар стандарттан жоғары мазмұнда болғандықтан, өздері бөлек 12 балдық жүйемен бағаланады.

Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұратын «Ашық журналға «+» белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады (1-кесте).

«А Ш Ы Қ Ж У Р Н А Л » 1-кесте

(«+» - класта , «V» - үйде орындалған тапсырмалар)

Оқушылардың

аты-жөні


1- деңгей

Барлығы 5 балл



2- деңгей

Барлығы 4 балл


3- деңгей

Барлығы 3 балл

Сыныпта жинаған балы

Үйде

Барлық балл

Баға

1

2

3

4

5

1

2

3

4

1

2













Алиев

+

+

+

+

+

v

-

-

-

-

-

5

1

6

3

Омарханов

+

+

+

+

+

v

v

v

v

-

-

5

4

9

4

Өмірбаев

+

+

+

+

+

v

v

v

v

-

-

5

4

9

4

Сейтжапар

+

+

+

+

+

+

+

+

+

v

v

9

3

12

5

Нағашығали

+

+

+

+

+

v

v

v

v

v

-

5

5,5

10,5

4

1-сурет. Сынып оқушыларының білім сапасының көрсеткіштер МОНИТОРИНГІСІ



Үшінші кезеңнің мұндай үш деңгейлік тапсырмаларын оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15-20 минуттың 12-17 минут аралығында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

Дәстүрлі журналға қосымша мұғалім өзіне де жеке журнал (немесе мектеп сайтында электрондық журнал) арнайды. Не үшін? Ол үнемі қол астында болады және әрбір оқушы жетістігінің көрсеткішін қадағалау арқылы үлгермей жатқан оқушыларға дер кезінде көмек көрсету үшін қажет. Бұл журнал «Ашық журналдың» толық көшірмесі болып табылады. Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі жұмыс дәптерінің соңына тігілетін бағалау парағына (күнделік орнына) және “Оқушының даму мониторингісіне” белгілеп отырады (1-сурет).



Қорытынды: Бағалау критерийлері мазмұнның күрделілік дәрежесіне тікелей бағынышты және тапсырмалардың күрделілігіне сәйкес квалиметриялық амал (сапаны өлшеу амалы) негізінде қойылған баға ғана білім сапасының нағыз әділ көрсеткіші бола алады: егер оқушы үш деңгей тапсырмаларын біртіндеп: толық және 75 пайыздан төмен емес көрсеткішпен дұрыс орындаса «өте жақсы», алғашқы екі деңгей тапсырмаларын ғана дұрыс орындаса – «жақсы», тек бірінші деңгей тапсырмаларымен шектелсе – «қанағаттандырарлық» деп бағаланады (төмендегі 2-кестеге назар аударыңыз):

2-кесте

Әр пән бойынша оқушының оқу жетістігін өлшейтін бағалау критерийлері




Критерийлер

Оқу жетістіктерінің ең жоғарғы өлшемі

1-деңгей

Білімі: тек ақпараттық сипаттағы мазмұнды «біледі», қайтадан айтып бере алады.

Біліктілігі: үлгі бойынша «қолданады».

5 балл, немесе

«сынақтан өтті»



2-деңгей

Білімі: а) ақпараттың себеп-салдарын «түсінеді», б) «талдау» жұмыстарын жасай алады.

Біліктілігі: өзгертілген жағдайда «қолданады».

+4 балл = 9балл

3-деңгей

Білімі: алған білімін «жинақтай» алады.

Біліктілігі: өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шеше алады (рефлексия жасай біледі).

+3 балл = 12 балл

Барлығы




12 балл

Баллды бағаға айналдыру шкаласы:



  • 11-12 балл – багасы «5» (92%-100%);

  • 7-10 балл - «4» (58%-83%);

  • 5-6 балл - «3» (42%-50%);

  • 5 баллдан төмен – «сынан өтпеді» (ешқашан «2» қойылмайды, себебі сынақтан өтуге міндетті).

Мұндай мазмұнның күрделілігіне сәйкес бағалау бойынша ұйымдастырылған жаңа сипаттағы оқыту үлгісін барлық типтегі мектептерге енгізу арқылы ауылдың да, қаланың да жалпыға бірдей орта білім беретін мектептері мен элитарлы мектептердің арасындағы айырмашылықтарды жою мәселесі шешімін табады: барлық оқушы барлық пәндерден бірінші деңгейдің тапсырмаларын толық орындап, «сынақтан өтуге міндетті» болғандықтан жүз пайыздық үлгерімге қол жеткізеді. Яғни, ҰБТ тапсырмалары көбіне ақпараттық мазмұнда болатындықтан, оқушылар ең жоғары балл жинауға кепілдік алады; жеке басының қабілетіне сәйкес бағыттағы пәндерді толық және терең меңгеріп жүйелі түрдегі берік білім алуына қолайлы жағдай туады. Дарынды оқушылар барлық пәндерден төртінші шығармашылық деңгейден көрінетін болады. Сонымен қатар, біріктірілген сыныптары бар шағын комплектілі мектептердің де өзекті мәселелері шешімін табады.

ҮӘЖ технологиясын қолдану жағдайында ішкі саралау (внутренняя дифференциация), яғни мазмұнды деңгейлік тапсырмалаға іріктеу арқылы сыртқы саралау (внешняя дифференциация) жүзеге асады: бір сыныпта гимназияның оқушысы да, лицейдің оқушысы да және дарынды оқушылар да бір-бірімен гармоникалық үйлесімде жеке басының қабілетіне сәйкес бағытта терең де берік білім алады. Ең бастысы: әр оқушының, аз дегенде, бір пәнге болса да, қызығушылығы оянады. Қабілетсіз бала болмайды, сондықтан оқушының «ұйықтап» жатқан қабілетін «оятып» дамыту, және 5-6 сыныптан бастап барлық оқушыларды ерте кәсіби бағдарлау мәселелері шешімін табады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару (рефлексивті амал негізінде) арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айналады және өмір бойы өз бетімен білім алып, проблемалық ситуацияларды шешуде қолдана білу дағдысы қалыптасады. Оқушылары өз бетімен дамуын өзі басқара алатын мұндай сынып синергатикалық амал негізінде өзін-өзі басқаратын ұжымға айналады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет