Критериалды бағалау жүйесі мектеп сабақтарында



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі0,51 Mb.
#26769
  1   2
Критериалды бағалау жүйесі мектеп сабақтарында
Кобдикова Жанартай Уажитовна,

«Жоғарғы оқу орнынан

кейінгі білім беру «ҮӘЖ» орталығы»

жекеменшік мекемесінің директоры,

педагогика ғылымдарының докторы

www.pttmso.info zhuk53@mail.ru

Казахстан Республикасы, Астана қ.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде оқыту процесін технологияландыру– педагогикалық ғылым мен практиканың келешегі бар бағыты болып отыр. Отандық технологиялардың ішінен жоғары сұранысқа ие болып жүрген технологиялардың бірі – «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі». Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатысындағы оқыту үрдісіне енгізу арқылы білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту Мемлекеттік Тұжырымдамасы мен 2010-2020 жылдарға дейінгі Бағдарламаларын жүзеге асыру барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болады, яғни: 1) нәтижеге бағытталған бәсекеге қабілетті сапалы білім алуға жағдай жасалады; 2) білім беру жүйесінің дамуын болжауға және қадағалауға (мониторинг жүргізуге) қолайлы жағдай туады; 3) білім беру жүйесінің сапасын әділ бағалайтын Ұлттық бағалау жүйесі құрылады.

«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» негізінде құрылған оқыту арқылы ғана Қазақстанның жаңа үлгідегі Ұлттық мектебін құруға мүмкіндік туатыны ғылыми түрде дәлелденген. Мұндай мектепте оқушы әр пәннің стандарт талабына сәйкес анықталған мазмұнын интерактивті және зерттеушілік әдістер арқылы өз бетімен меңгеруге үйренеді және әр тақырып бойынша құрылған үшдеңгейлік тапсырмаларды 12 жыл бойы біртіндеп орындап отыру арқылы сапалы да берік білім алады. Сонымен қатар, бұл мектеп: лицей, гимназияларда тереңдетіліп берілетін оқу мазмұнын; олимпиадалық тапсырмаларды; ғылыми жобалардың, факультативтік сабақтардың, үйірмелердің мазмұнын қамтитын 4-шығармашылық деңгей тапсырмаларын (әр оқушының жеке қабілетіне сәйкес бағыттағы пәндер бойынша) орындатуға жағдай жасайтын универсалды мектеп бола алады. Мектеп іргесінде жеке оқушының үздіксіз даму траекториясын көрсететін мониторинг құрылады және электронды журнал, оқушының электронды күнделігі жүргізіледі.



Қорыта айтқанда, әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға, кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл, құзыретті тұлғаны (оқушыны, студентті) қалыптастыруда үшөлшемді әдістемелік жүйені қолданудың маңызы зор екені байқалды.

«Оқыту технологиясы» – негізінде, тоғыз компоненттен тұратын ұғым: 1) үрдістің мақсаты; 2) мазмұны; 3), әдіс-тәсілдері немесе методы и приемы (әдіс-тәсілдер жиынтығы =әдістеме, яғни: методиканы құрайды), 4) оқыту формасы (жекеше, жұптық, топтық, фронтальды, ұжымдық); 5) құралы, соның ішінде ақпараттық коммуникациялық технологиялар (e-learning және онлайн оқытулары). Аталған бес компонент кез келген үрдіс ЖОСПАРының құрылымына кіреді (өндірісте, мысалы нан пісіріру технологиясы, сондай-ақ оқытуда болсын).

Жоспарды тиімді түрде жүзеге асыру үшін: 6) үрдісті басқарушы (мұғалім) мен орындаушы (оқушының) қызығушылығын тудыратын әрекеттер қолданылады; 7) орындаушының (оқушының) өз бетімен танымдық қызметінің әрекеттері (қадамдары) орындалады; 8) басқарушының (мұғалімнің) басқару функциялары жүзеге асырылады); 9) НӘТИЖЕ (әр тақырып бойынша әр оқушы баға алса, сабақ технологиялық амал негізінде өткізілген болып саналады).

Дәстүрлі оқытуда да, инновациялық технологиялар, соның ішінде «Сыни тұрғысынан жазу мен оқыту» стратегияларын қолдануда да, сабақ барысында қарапайым немесе күрделі тапсырма болсын, мысалы олимпиадалық тапсырмалар, олар тек дұрыс орындалса болды – «4» пен «5» қойыла береді және әр тақырып бойынша бірнеше ғана оқушы бағаланады.

Осыған орай, туындайтын мәселе: біріншіден, дұрыс орындалған тапсырмалар, олардың күрделілік дәрежесіне сәйкес бағалану қажет, яғни тапсырманың сапасы өлшенеді (квалиметриялық амал негізінде: квали – сапа, метрия – өлшеу); екіншіден, гуманистік көзқарас (парадигма) аясында оқушының оқу жетістіктері оның тек алған білім сапасымен ғана өлшенбейді. Оқушының білім, біліктілігі және оларды күнделікті өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шешуде қолдана білу құзіреттілік дәрежесі өлшенеді. Яғни, оқушының оқу жетістігін әділ бағалаубілім беру саласындағы басты өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Бұл мәселенің шешімі бар. Оның шешу жолдарын профессор Ж.А.Караевтың оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)» технологиясы бойынша 2000 жылдан бері Республика көлемінде ББЖ КБАРИ тарапынан ұйымдастырылған арнайы курстардан өткен еліміздің мыңдаған мектеп ұстаздары өз тәжірибесінде жүзеге асырып, тиімді нәтиже алуда.

ҮӘЖ технологиясының негізгі мәні (квинтэссенциясы) мен айрықша ерекшелігі – әр тақырып бойынша әр оқушының оқу жетістігі бағаланады. Ол үшін міндетті түрде барлық тақырып бойынша әр оқушымен сабақтың соңында кері байланыс (ІІІ кезең – нәтижеге бағытталған бөлімде) жүргізіледі. Оқушылардың оқу жетістігі әділ бағаланып, мониторингке тіркеліп отырылады. Мұндай амал дәстүрлі оқытуда да, инновациялық технологиялар, соның ішінде «Сыни тұрғысынан жазу мен оқыту» стратегияларын қолдану барысында да қарастырылмайды.

Сабақтың бірінші кезеңінде ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Екінші кезең – синектикалық бөлімде топтық жұмыс барысында түрлі интерактивті әдістер немесе зерттеушілік әдіс арқылы тақырыпты өз бетімен меңгерту жұмыстары ұйымдастырылады. Зерттеушілік әдістің қадамдарының (тәсілдерінің) орындалу реті Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» негізіндегі аралық мақсаттардың (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, баға беру, яғни рефлексия жасау) орындалу ретімен сәйкес келеді. Бірақ мақала авторының докторлық диссертациясында дәлелденгендей, бұл жерде олардың реті ауыстырылып жүзеге асырылады: білу, түсіну, талдау, жинақтау, қолдану, баға беру. Бұған негіздеме: алдымен мақсаттар тізбегіндегі алғашқы төрт қадам арқылы тақырыптың теориялық бөлімін меңгерту, содан кейін оны практикада бекіту көзделеді. Мысал ретінде Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №2 мектеп-гимназия география пәнінің мұғалімі Тайлыбекова Құралайдың 8 сынып география пәнінен «Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары» тақырыбы бойынша құрастырылған І, ІІ және ІІІ кезең тапсырмаларының сапасына назар аударайық.


(Оқушы дәптерінде асты сызылған курсив сөздердің орнына бос орын қалдырылады).


Оң жақ бағанадағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келед. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) « Көпір» тапсырмаларын тексереді.

«Көпір»тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

  1. Ең жоғарғы лауазым иесі?

Ж: Қазақстан Республикасындағы ең жоғары лауазым иесі Президент болып табылады

  1. Қазақстан қай жылы құрылды және алғашқы кезде қалай аталды?

Ж. Қазақстан 1920 жылы 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталған.

3. Тәуелсіздік алған жыл?

Ж: Қазақстан тәуелсіздігін 1991жылы 21 желтоқсанда алды.


ІІ кезең ( топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», « Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теория бойынша: « Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім? Не? Қандай? қалай? Нені? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)



Бос орынға қажетті сөздерді құулықтан тауып жазыңдар (топтық жұмыс):

1. Қазақстанның құрлықтағы орны: Еуразия материгі.

2. Жер бедерінің басым бөлігі: Жазық, үстіртті.

3. Сумен шектесетін шекарасы: Каспий маңы ойпаты.

4. Қазақстанның ең биік нүктесі: Хан-тәңірі шыңы.

5. Қазақстанның ең төмен нүктесі: Қарақия ойысы.

6. Климаттық белдеу: Қоңыржай белдеу.

7.Қазақстан аумағы 2724,9 мың км2.

8. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан 9 орынды иемденеді.

10. Республикадағы халық саны 15 млн.

11. Қазақстан халқының 1 шаршы шақырым жерге орналасу тығыздығы 5,4 адамнан.

12. Қазақстанның кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр.

13. Қазақстан төрт мұхитта бірдей ара қашықтықта орналасқан.

14. Қазақстан қоңыржай белдеуде орналасқан

15. Қазақстан климаты қоңыржай континенттілігімен ерекшеленеді.

16. Солтүстіктен оңтүстікке 1600 км, батыстан шығысқа қарай 3000 км созылған.

17. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала , дала, шөлейт, шөл зоналары қалыптасқан.

18. Қазақстан Ресей , Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан елдерімен шектеседі.

19. Ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары Қазақстанның оңтүстік-шығыс, шығыс таулы өлкелерінде байқалады.

20. Еліміздің көп бөлігі жазықты, үстіртті болып келеді.

21. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000 километр.

22. Қазақстан оңтүстігінде Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстанмен шектеседі.

23.Белдеулік уақыт- бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты айтамыз.

24.Жергілікті уақыт- солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейін аралықта бірдей болатын уақытты айтамыз.

24.Жер 24 сағатта өз осін толық айналып шығады.

26.Жер 365 күнде күнді толық айналады.

27.1800 меридианнан батысқа қарай күнтізбенің жаңа датасы басталады.

28.Жер көлемі жағынан рет-ретімен жазылған алдыңғы 9 ел:



Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина, Қазақстан

29.Астана, Алматы, Санк-Петербург төмендегі сағаттық белдеуде орналасқан: 4, 5, 7.

30. Каспий теңізі арқылы Қазақстан Иран,Әзербайжан елдерне шыға алады.


Теория бойынша : «Түсіну» неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады.

Себебін анықтаңдар:

  1. Неліктен Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі?

Ж: Себебі, Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан

2. Неліктен барлық өңірлерде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады?

Ж. Қазақстанның географиялық орнына байланысты.

3. Неліктен Қазақстан екі дүние бөлігін қамтиды?

Ж: Еуразия материгінің ортасында орналасқандықтан

4.Даталардың ауысу сызығы неліктен тағайындалды?



Ж. Жылдың тәуліктерін ауыстырмас үшін

Теория бойынша : «Талдау»

  1. Салыстыр

  2. Айырмашылығы неде?

  3. Ұқсастығы неде?

  4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады

1.Венн диаграммасы арқылы Қазақстанның солтүстігі мен батысын және оңтүстігі мен шығысын салыстырыңдар.

Солтүстігі Ұқсастығы Оңтүстігі

мен батысы мен шығысы

2.Тақырыптың басты идеясы неде?

Барлығына ортақ қасиет: Қазақстан құрлық арқылы 5 мемелекетпен шекаралас. Еуразия материгінің ортасында : қоңыржай климаттық белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Шекарасының ұзындығы: 15000 км. Солтүстіктен оңтүстікке 1600 км, батыстан шығысқа қарай 3000 км созылған.

Солтүстігі мен батысының ерекшелігі: Ресеймен шекаралас, жері: жазық, орманды дала, дала, Каспий теңізімен шектеседі

Оңтүстігі мен шығысының ерекшелігі: Түрікменстан, Өзбекстан,

Қырғызстан,Қытаймен шекаралас. Жері: таулы, шөлді.


Теория бойынша: «Жинақтау»

( Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.сбасқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)



  1. Тақырыптың басты идеясын схема түрінде беріп, толтырыңдар.


Батыс

Сібір





Ресей

6467 км

Шығыс

Еуропа





Алтай




С

Әзербайжан



Қазақстан: -15000 км; -Еуразияда, Қоңыржай

белдеуде




Қытай

1460 км

Сауыр-Тарбағатай




Каспий теңізі




Б

Ш




Иран

Жетісу Алатауы




Түрікменстан 380 км






О

Қырғызстан

980 км




Өзбекстан

2300 км




Тянь-Шань

Үстүрт




Қызылқұм, Тянь-Шань



Оқулықпен жұмыс (5 минут) төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады.


Практикада: «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі.)


Кескін картамен жұмыс

  1. Қазақстан Республикасымен шекаралас елдердің аттарын жазыңдар.

  2. Шеткі нүктелерін, төрт мұхитқа дейінгі аралықты өлшеңдер.




Практикада: «Баға беру» (сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады (топтық жұмыс)

  1. Қалай ойлайсыңдар?

Болашақта Қазақстанның шекаралас елдерінің саны өзгеруі мүмкін бе?

Ж: Мүмкін. Себебі, Ресей Федерациясының құрамындағы Республикалар өз Тәуелсіздігін жарияласа болашақта шекаралас елдердің саны өзгеруі мүмкін.

2.Болашақта Қазақстан Республикасының даму деңгейі қандай болады деп ойлайсың? Өз ойыңды жаз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет