Критерийлер дайындауында мұғалім мен оқушылардың бірігіп жасау тәртібі.
Сабақ, тарау, бөлім оқу алдында оқушыларға мақсаттар мен міндеттерін жариялаңдар.
Кез келген оқушыға жұмысты бағалау үшін бір-екі критерийлерді жазып беруді сұраңыз.
Оқушылар ұсынған критерийлерді тақтаға жазып қойыңдар.
Ұсынған критерийлер барлық оқушылар түсінікті екеніне көз жеткізіңіз.
Критерийлерді маңыздылығы бойынша орналастырыңдар.
Тиімді құрастырылған бағалау критерийлері және олардың градациясы оқушыларға ненің қалай бағаланатынын көрсетеді, және жұмысты орындау барысында оқушылар үшін жақсы нұсқаулық.
Бағалау критерийлері нақтырақ болған сайын, оқушы тапсырманы қалай сәтті орындау керектігін түсінеді.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарлату
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Практикалық маңызы
Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;
Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;
Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;
Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады
Критериалды бағалаудың маңызы: Мұғалімдер үшін:
Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
Сабақ берудің сапасын арттыруға;
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге.
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге.
Ата-аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критерийдің мазмұны:
Критерийлер
Дескрипторлар
А
Білу және түсіну
Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу
В
Қолдану
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану.Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады
С
Сыни ойлау жәнезерттеу
Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
D
Коммуникация және рефлексия
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.
Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау.
2.Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие
3.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»,55-108 бет