Тақырыбы : «Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері»
Бастауыш класс мұғалімі: Н.А.Макуова
Ақтөбе-2017
Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.
Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек.
Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек.
Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Қазіргі заманда оқушылардың белсенді танымдық және шығармашылық қызметі сұранысқа ие болу керек. Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуда екі альтернативтік мәселені шешіп алу керек:
1) «Ұйқыдағы» оқушыларды ояту керек, яғни ортақ мақсатқа жету үшін белсенділігі жоғары оқушылардың арқасында белсенділігі төмен оқушыларды оқу процесіне тарту керек.
2) Заманауи қоғамның шынайы проблемаларын шешуге тарту арқылы дарынды оқушылардың әлеуетін барынша ашу керек.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын педагогикалық технологияларды қолдану әдістері:
«Қорғаныс парағы»
«Сенім кредиті»
«Білім беру стратегиясы»
«Ризамын-риза емеспін»
«Зияткерлік сергіту»
«Кездейсоқтық ойыны»
«Мені сипатта»
«Өрмекші торы»
Бұл әдіс-тәсілдерді барлық сабақта тиімді қолдануға болады.
Менің бүгінгі тоқталғым келіп отырған тақырыбым — сабақта критериалды бағалаудың тиімділігі.
Мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну, олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуларының ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыны белгілі бір сыныпқа бөлу кезінде мектеп басшысына көмек көрсетуде; оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда көмек көрсетуде; сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда; оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылуы орынды.
Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын барлық тұстарды бағалауды талап етеді.
Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің пікірі маңызды болып табылады, әрі дәлел ретінде кеңінен қолданылады. Түптеп келгенде, бұл мектептен тыс агенттіктер әзірлеген қандай да бір бағалаудың әдістеріне қарағанда, мұғалімнің оқушылар жұмысын айтарлықтай мұқият бағалау қабілеттілігімен түсіндіріледі. Бұл бағалау сенімділігін (бағалаудың сырттай әзірлеген әдістеріне қарағанда, айтарлықтай көп ақпарат ұсынады), бағалаудың дұрыстылығын да (дәлелдеудің жеткілікті ауқымын ) қамтамасыз етеді.
Ақпарат дұрыстығының сапасы мен оңтайлы сенімділігі бірігіп, бағалау үрдісіне кепілдік беріп, сенімділігін арттырады.
Бағалау сенімділігі әділетсіз немесе бір жақты бағалауды, мұғалімдер қолданатын үлгілердің алуандығын, түсіну мен машықтардың маңызды аспектілері туралы ойлау қабілетсіздігі сынды мәселелерді жоюға мүмкіндік береді.
Сыныпта жиынтық бағалау жүйесін әзірлеуде, бағалау нәтижелерін пайдалану әдістерін ескергені өте маңызды: мақсатты түрде пайдалану немесе фактілерге негізделген бағалау (кейде мақсатсыз) ретінде пайдалану.
Критериалды бағалау жүйесі:
әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау;
оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру;
оқыту сапасын жақсарту;
оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын сапалы меңгеруін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу.
Критериалдық бағалаудың мәнін түсіндіру үшін келесі практикалық әдіс-тәсілдерін қолдануын тиімді деп ойлаймын:
мұғалімнің сабақ басында оқытудың мақсаттарын түсіндіруі- тақтада жазып қою немесе қойылған оқу мақсаттарды ауызша жеткізу;
мұғалімнің сабақтың тиісті бағалау критерияларын белгілеу (тым көп болмау тиіс) және оны оқушыларға жеткізу. Оны тұжырымдап жеткізудің сапасы Сізге байланысты, бірақ оқушыларға түсінікті болатын тілді пайдалану қажет. Бұл критериалар оқушылармен сабақтың басында талқыланып, оқытудың мақсатына жету үшін және «табысқа қадамдарын» көрсететін ең басты мақсаты және негізгі білімдерді бектіту үшін барлық сабақ бойы қолданылады;
оқыту туралы сөйлесуде қолданатын негізгі сөздері бар карточкалар мен плакаттар әзірлеу – ол нақты пәнге байланысты арнайы сөздер немесе мәнмәтінге байланысты әртүрлі түсіндірілген жалпы сөздер болуы мүмкін, мысалы сипаттаңдар, түсіндіріңдер, бағалаңдар;
оқушылардың жұмысына көмек көрсету үшін жоспарлау/жазу үшін шеңбер әзірлеу;
бағалаудың әртүрлі критерияларын көрсету үшін;
оқушылардың өздері әзірлеген тест/тапсырмаларын жобалау үшін мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
оқушыларды бағалау рубрикалармен жұмыс істеуге үйрету.