Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы
Тоқсандық жиынтық бағалау жиынтық бағалаудың әдістемелік ұсынысында берілген үлгідегі балл қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Аталған кестеге сәйкес мұғалімдер балдарды қояды.
Мұғалім әр жауапқа қойылған балдардың, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізуі тиіс.
Бағалау нәтижелерін мұғалім, білім алушының оқудағы ілгерілеуін бағамдау үшін қолдануына болады. Ол үшін мұғалім нәтижелерді, кері байланысты білім алушыны оқуға ынталандыратындай түсінікті етіп, өзінің нәтижесі бойынша ойлануына мүмкіндік беру қажет.
Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын қаншалықты тиімді меңгергенін, қандай дағдыларды игергенін талдау үшін қолдануына болады. Сонымен бірге мұғалім үшін аталған ақпараттың келешекте қалыптастырушы бағалау кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
«Менің Отаным» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлім/Тақырып: «Менің Отаным»
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Тыңдалған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру.
4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру.
Бағалау критерийі Білім алушы
Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды.
Берілген тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп әңгімелейді.
Ойлау Білу және түсіну
дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тыңдалым
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.
Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Респуликасының мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Гимн.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында және Туында сары және көк түс бар. Елтаңбаның пішіні дөңгелек. Бұл мәңгілік өмірді бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының пішіні төртбұрышты. Тудың ортасында қыран мен күн бейнеленген. Күн – бейбітшіліктің символы, қыран құс – еркіндіктің символы дейміз. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің дәлелі.
• Дұрыс жауабын табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |