бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
1. Берілген мәтінді мұқият тыңдаңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.
Мен Қарағанды қаласында тұрамын. Қарағанды қаласы Орталық Қазақстанда орналасқан. Қала үлкен, әрі әдемі. Біздің қаламызда сәулетті ғимараттар, кең көшелер, қонақүйлер, мейрамханалар, жаңа сауда үйлері көп. Сауда үйлерінің қасында әртүрлі дәмханалар орналасқан. Дәмхананың алдында балаларға арналған ойын алаңы бар. Алаңның іші кең, әрі әдемі. Біз демалыс күндері отбасымызбен алаңға жиі барып тұрамыз. Қаланың орталығында үлкен қонақүй орналасқан. Қонақүйдің сол жағында Отан соғысының батыры Нүркен Әбдіровқа арналған ескерткіш бар. Қала күннен-күнге өзгеріп келеді. Біздің қаламыз – кеншілер қаласы. Мен өз қаламды жақсы көремін.
1. Сәйкестендіріңіз.
2. Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықта.
А) Демалыс күндері киноға жиі барып тұрамыз.
В) Қарағанды қаласы Шығыс қазақстанда орналасқан.
С) Нүркен Әбдіровқа арналған ескерткіш бар.
D) Орталықта үлкен саудаүйі орналасқан.
Айтылым
2. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Менің досым» тақырыбында жоспар бойынша сөйлесіңіз.
Тірек сөздер: нағыз дос, адал, оқиды, мейірімді, екеуіміз, бірге, жақсы көреді, жақсы, мақтан етемін, еңбекқор, жомарт.
Достарыңызбен бөлісу: |