Критерий-лері Дескрип-торлар



Дата28.06.2017
өлшемі151,04 Kb.
#20322
түріСабақ

Критерий-лері

Дескрип-торлар

Деңгейлердің сипаттамасы

Пәнді терең және нақты білуі

ҮЛГІЛІ

Сабақ беретін пәнін терең, ғылыми, энциклопедиялық тұрғыда біледі. Осы саладағы жаңалықтармен, фактілермен және оқиғалармен жедел байланыстырады. Пәнаралық байланысты ұйымдастыруда өзінің білімін қолданады. Тақырып бойынша берілген сұрақтарға толық жауап бере алады. Пікірталасты ұйымдастырып, қолдап және жалғастыра біледі. Сөйлеу мәдениеті жоғары.

ЖАҚСЫ

Оқу бағдарламасының көлемі аясында білімі бар. Осы саладағы жаңалықтармен, фактілермен және оқиғалармен жедел байланыстырады. Тақырыпқа қойылған сұраққа жауап бере алады. Пікірталасты ұйымдастыра біледі. Сөйлеу мәдениеті жоғары.

ОРТАША

Оқу бағдарламасының көлемі аясында білімі бар. Негізгі ақпарат көзі – оқулық. Кейде тақырып бойынша қосымша материал пайдаланады. Материалды түсіндіру барысында тілдік қиындықтарға кездеседі.

ТӨМЕН

Сабақ тақырыбындағы материал көлемімен ғана шектеледі. Негізгі ақпарат көзі – оқулық. Нақты материалдың білуінде қателіктер жібереді, түсіндіру және термин анықтамалары нақты емес. Материалды түсіндіру барысында тілдік қиындықтарға кездеседі.

Оқыту әдістемесін білуі

ҮЛГІЛІ

Оқушылардың оқыту іс-әрекетін ұйымдастыруы жоғары деңгейде.Сабақтың кезеңдері логикалық тізбектелген және аяқталған .Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ынталандыратын техникасын жетік біледі.Сабақта суырыпсалмалық қасиетін көрсетеді.Сабақта жхоғары қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.Ынтымақтастық атмосферасын туғызады.Сабақ процесінде әрбір оқушының жеке қабілетін біледі және ескереді.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін сұрақтар қояды.Жүйелі кері байланыс ұйымдастыра біледі.Үнемі обьективті бағалайды және мониторинг жүргізеді.

ЖАҚСЫ

Оқушылардың оқыту әрекетін ұйымдастыра алады.Сабақтың кезеңдері логикалық тізбектелген және аяқталған .Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ынталандыратын әдістерін және тәсілдерін жетік біледі.Сабақты бір қалыпты қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.Сабақ процесінде әрбір оқушының жеке қабілетін ескереді.Сабақтағы жағдайға қарай сабақ жоспарына өзгеріс енгізе алады.Стандартты сұрақтар қояды,сонымен қатар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін сұрақтар да қояды.Кері байланыс ұйымдастыра біледі.Үнемі обьективті бағалайды және мониторинг жүргізеді.

ОРТАША

Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра алады.Сабақтың кезеңдері логикалық тізбектелмеген және аяқталмаған .

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ынталандыратын әдістерін және тәсілдерін нашар біледі.Сабақтың орташа қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.Сабақ процесінде әрбір оқушының жеке қабілетін ескермейді.Сабақты текғана жоспар бойынша жүргізіледі .Стандартты сұрақтар қояды.Кері байланыс әлсіз.Оқушылардың білімін бағалайды. Мониторинг жасағанда қиыншылықтар кездеседі.



ТӨМЕН

Оқушылардың оқыту әрекетін ұйымдастырғанда қиыншылықтарға кездеседі.Сабақтың кезеңдері логикалық тізбектелмеген және аяқталмаған.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ынталандыратын әдістерін және тәсілдерін нашар біледі.Сабақтың төмен қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.Сабақ процесінде әрбір оқушының жеке қабілетін ескермейді.Сабақты текғана жоспар бойынша жүргізеді.Стандартты сұрақтар қояды.Кері байланыс әлсіз .Оқушылардың білімін бағалағанда және мониторинг жүргізгенде қиындықтарға кездеседі.

Оқушыларды қызықтыра

және уәжге тарта білуі

ҮЛГІЛІ

Мұғалім сыныптың мүмкіншілігін және оқушылардың жеке қабілеттерін біліп,оларды ескереді.Оқушылардың белсенді іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастырады.Ынталандыратын және уәжге әр түрлі әдістерді және тәсілдерді қолданады,соның ішінде жеке тәсілдерді.Бүкіл сабақ бойы оқушылардың танымдық қызығушылығын қолдайды.Верболды және вербалды емес коомунакациялық тәсілдерін белсене қолданады.

Оқушыларды жетістіктерге жетуге бағыттайды.Салауатты бәсекелістік рухты қалыптастырады.



ЖАҚСЫ

Мұғалім сыныптың мүмкіншілігін және оқушылардың жеке қабілеттерін біліп,оларды ескереді.Оқушылардың белсенді іс-әрекетін жақсы деңгейде ұйымдастырады .Ынталандыратын және уәжге тартатын әр түрлі әдістерді және тәсілдерді қолданады.Бүкіл сабақ бойы оқушылардың танымдық қызығушылығын қолдайды.Вербалды және вербалды емес коммуникацияларын қолданады.Оқушыларды жетістіктерге жетуге бағыттайды.Салауатты бәсекелістік рухты қалыптастырады.

ОРТАША

Мұғалім сыныптың мүмкіншілігін және жеке оқушылардың қабілеттерін толық білмейді.оларды ескермейді.Оқушылардың белсенді іс-әрекетін төмен деңгейде ұйымдастырады .Ынталандыратын және уәжге тартатын әр түрлі әдістерді және тәсілдерді қолданады.Кейбір сабақ кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қолдайды.Вербалды және вербалды емес коомуникацияларын қолданады.Оқушыларды жетістіктерге жетуге әлсіз бағыттайды.

ТӨМЕН

Мұғалім сыныптың мүмкіншілігін және жеке оқушылардың қабілеттерін ескермейді.Оқушылардың белсенді іс-әрекетіне жеткізуі төмен деңгейде.Ынталандыратын және уәжге тартатын әдістерді және тәсілдерді білмейді.Сабақ барысында үнемі танымдық қызығушылығын қолдайды.Оқушыларды жетістіктерге жетуге бағыттайды.

Сабақтағы қолайлы психологиялық ахуал

ҮЛГІЛІ

Мұғалім ақжарқын,өз ойларын еркін айту үшін шығармашылық ахуал қалыптастырады.ешкімді бөлмейді.Оқушылардың арасында достық қарым-қатынас пен сауатты бәсекелестік байқалады.Оқушылар сабақ процесінде толық қатысады.

ЖАҚСЫ

Мұғалім ақжарқын,өз ойларын еркін айту үшін шығармашылық ахуал қалыптастырады.Оқушылар бір –біріне достық қарым-қатынас.Мұғалім тарапынан оқушыға психологиялық қысым жасалмайды.Оқушылар сабақ процесіне қатысады.

ОРТАША

Мұғалім ақжарқын болуға тырысады.Оқушылар өздеріне сенімсіз,берілген сұрақтарға сенімсіз жауап береді,салауатты емес бәсекелестік рух байқалады.Оқу процесіне барлық оқушылар қатыспайды.

ТӨМЕН

Оқушылар тұйық,жауап беруге қорқады,ауызбіршілік жок,мұғалім «жақсы көретін »оқушылары бар.Оқу процесіне барлық оқушылар қатыспайды.

Сабақты сапалы жоспарлау

ҮЛГІЛІ

Сабақ жоспарының сауатты құрылуы.Оқытудың әр түрлі әдістерін тиімді қолдану.Оқушылардың өзіндік жұмысын сауатты ұйымдастыру.Сабақтағы жағдайға қарай сабақ жоспарына азғана түзетулер енгізу.

ЖАҚСЫ

Сабақ жоспарының сауатты құрылуы.Сабақ жоспарында оқушылардың жеке қабілеттері де ескерілген.Сабақтағы жағдайға қарай сабақ жоспарына сабақ үстінде түзетулер енгізу.

ОРТАША

Сабақтың мазмұнын жоспарлауда қателіктер кездеседі.Сабақтың мазмұнында барлық оқушылардың жеке қабілеттері ескерілмейді .Оқушылардың өзіндік жұмысы әлсіз ұйымдастырылған .Жағдайға қарай сабақ үстінде түзетулер енгізілмейді.

ТӨМЕН

Сабақ жоспарын тиімсіз құрастыру.Сабақ жоспарында оқушылардың жеке қабілеттері ескерілмеген.Оқушылардың өзіндік жұмысы сауаттыз ұйымдастырылған .Жағдайға қарай сабақ үстінде түзетулер енгізілмейді.

Кері байланысты

орната білуі

ҮЛГІЛІ

Мұғалім оқушылардың назарын дұрыс топтастыра алады.Оқушылар мұғалімнің олардан нені сұрайтынын жақсы түсінеді,тапсырманы уақытында және дұрыс орындайды және жауабын дәлелдей алады.Оқушылардың жауабы негізінде түзетулер енгізіледі және білімдерін тереңдету үшін ұсыныстар мен бағыттар беріледі.Оқушылар бірін-бірі обьективті бағалайды және үйге тапсырманы өздері анықтайды.

ЖАҚСЫ

Мұғалім оқушылардың назарын дұрыс топтастыра алады.Оқушылар жауабын дәлелдеу барысында қиындықтарға кездеседі немесе өз жауабын дәлелдей алалмайды.Бірін-бірі обьективті бағалау барлық кезде бола бермейді.Оқушылардың жауабы негізінде түзету жұмыстары жүргізіледі және жауаптарын жақсарту үшін ұсыныстар беріледі.Үйге тапсырма,игерілген оқу материалының деңгейі бойынша беріледі.

ОРТАША

Мұғалім сабақ мақсатын үстүртін қояды ,оқушылар мұғалімнің өздерінен нені күтетінін барлық уақытта нақты түсіне бермейді.Тапсырмаларды барлығы орындамайды.Барлық оқушылар өздерінің жауаптарын түсіндіре алмайды.

ТӨМЕН

Мұғалім сабақ мақсатын дұрыс қоя алмайды.Оқушылар мұғалімнің олардан нені талап ететінін білмейді.Тапсырманы дұрыс емес немесе уақытында орындамайды.Оқушылардың жауаптарына қарап,мұғалім озінің жұмыстарына түзетулер енгізбейді.Оқушылармен үй тапсырмаларында игерілген оқу материалдардың деңгейін ескермейді.

Оқу процесін басқаруы

ҮЛГІЛІ

Сабақты жоспарлау тиімді ұйымдастырылған.Оқушыларды білім алуға үгіттей біледі .Оқу процесі әдістемелік тұрғыдан сауатты жүргізіледі.Сабақ кезеңдері логикалық тізбектелген.Уақытты тиімді пайдалана біледі.Бағалау мен оқушылардың өзін-өзі бағалау әдістерін сауатты қолдана алады.

ЖАҚСЫ

Сабақты жоспарлау тиімді ұйымдастырылған .Оқушыларды білім алуға үгіттей біледі.Оқу процесі әдістемелік тұрғыдан+ сауатты жұргізіледі.Сабақ кезеңдері логикалық тізбектелген.Сабақ кезеңдерін уақытқа бөлгенде қиындықтарға кездеседі. Бағалау мен оқушылардың өзін-өзі бағалау әдістерін сауатты қолдана алады.

ОРТАША

Сабақты жоспарлау жақсы ұйымдастырылған .Сабақ мақсатын құруда қиындықтар кездеседі.Оқу процесі әдістемелік тұрғыдан сауатты жүргізіледі.Сабақ кезеңдерілогикалық тізбектелмеген.Уақытты тиімді пайдалана алмайды .Сабақты қолданатын бағалау мен оқушылардың озін-озі бағалау әдістері сабақтың мақсатына жетуіне қамтамасыз ете алмайды.

ТӨМЕН

Оқу процесі әдістемелік тұрғыдан сауатсыз құрылған.Сабақты игеру кезеңдері көрінбейді .Оқушылардың оқу әрекеті бетімен кеткен.Оқушылардың әрекетіне бағалау әдістерін білмейді.

Зейінді және объективті түрде бағалау дәйектілігі

ҮЛГІЛІ

Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлерін нақты түсінеді.Оқушылардың жетістіктерін бағалау бүкіл сабақ бойы жүреді.Үнемі оқушылардың үлгеріміне талдау және мониторинг жүргізеді.Игерілген материалдардан ақпарат жинаудың әр түрлі тәсілдерін қолданады.

ЖАҚСЫ

Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлерін түсінеді.Оқушылардың жетістіктерін бағалау бүкіл сабақ бойы жүреді. Үнемі оқушылардың үлгеріміне талдау және мониторинг жүргізеді.Игерілген материалдардан ақпарат жинаудың әр түрлі тәсілдерін қолданады.

ОРТАША

Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлерін білмейді.Оқушылардың жетістіктерін бағалау сабақ соңында жүргізіледі.Оқушылардың үлгерімін талдамайды және мониторинг жүргізбейді.Текғана орындалған бір тапсырма бойынша , бағалау жүргізіледі.

ТӨМЕН

Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлерін білмейді.Оқушылардың жетістіктерін бағалау жүргізілмейді.Оқушылардың үлгерімін талдамайды және мониторинг жүргізбейді.Бағалау субьективті және формалды.

Сұрақты беріп білуі

ҮЛГІЛІ

Сұрақтар нақты қойылған .Сабақтың мақсаты мен міндетіне қарай әр түрлі (ашық және жабық )сұрақтар қоя алады .Оқушылардың жеке қабілетіне қарай ,түрлі күрделі деңгейдегі сұрақтар қоя алады.

ЖАҚСЫ

Сұрақтар нақты қойылған.Сабақтың мақсаты мен міндетіне қарай әр түрлі сұрақтар қоя алады.Оқушылардың жеке қабілетіне қарай ,түрлі күрделі деңгейдегі сұрақтар қоя алады.

ОРТАША

Сұрақтар нақты қойылмаған .Оқушылардың жеке қабілетін ескермейді.Бірізді сұрақтар қояды.Сабақтың мақсаты мен міндетіне қарай әр түрлі сұрақтар қоя алмайды.

ТӨМЕН

Сұрақтар нақты қойылмаған .Оқушылардың жеке қабілетін ескермейді.

Оқушылардың ОЖ қойылатын талаптың болжамның деңгейі

ҮЛГІЛІ

Мұғалім үнемі сабақты игеруге байланысты оқушыларға жоғары талап қояды.Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындайды.Қосымша материалды қолдануды талап етеді.Оқушының жетістіктер серпінін байқайды.

ЖАҚСЫ

Мұғалім сабақты игеруге байланысты оқушыларға жоғары талап қояды,бірақ үнемі емес.Түрлі күрделі деңгейдегі тапсырманы дайындайды.Қосымша материалды қолданғанын көтермелейді.Оқушының жетістіктер серпінін байқайды.

ОРТАША

Мұғалім сабақты игеруге байланысты оқушыларға жоғары талап қоймайды.Түрлі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды ашық сабақтар немесе тексеру кезінде ғана дайындайды.Қосымша материалды қолданғанын көтермелейді.Оқушының жетістіктер серпінін байқамайды.

ТӨМЕН

Мұғалім игерілген материалга байланысты оқушылар талап қоймайды.Тапсырмалар оқушылардың қабілетілігі ескерілмейді.Тапсырмаларды құру барысында тек қана оқулықтан қолданылады.Оқушының жетістіктер серпінін байқамайды.

Білім ресурстарын

сауатты қолдануы

ҮЛГІЛІ

Білім ресурстарын сауатты қолдану оқушылардың бойында іс-әрекетінің құнды,мотивациялық компоненттерін қалыптастырады,мониторинг тиімді жүргізу,түзету,сонымен бірге оқушылардың оқу материалдарын игерудің әр кезеңінде бағалай білу.

ЖАҚСЫ

Білім ресурстарын сауатты қолдану оқушылардың бойында іс-әрекетінің құнды,мотивациялық компоненттерін қалыптастырады,оқушылардың сабақты игерудің әр кезеңінде бағалай алады.

ОРТАША

Білім ресурстарын сауатты қолдану оқушылардың бойында іс-әрекетінің құнды,мотивациялық компоненттерін қалыптастырады ,мониторинг жүргізуге ынталандырмайды,түзету,сонымен бірге оқушылардың оқу материалдарын игерудің әр кезеңінде бағалай алмайды.

ТӨМЕН

Білім ресурстарын сауатты қолдану оқушылардың бойында іс-әрекетінің құнды,мотивациялық компоненттерін қалыптастырмайды,мониторинг жүргізуге ынталандырмайды,оқушылардың сабақты игеруін әр кезеңінде бағалай алмайды.

Уақытты тиімді

пайдалануы

ҮЛГІЛІ

Сабақтың әр бір кезеңінде уақытты тиімді пайдалануы .Жасалатын жұмыстың көлемі мен уақытын есептеп білу.Мұғалім жоспарлаған уақыт регламентін сақтайды.Мұғалімнің сабақ жүргізу жоспарына керек жерінде түзетулер енгізе білуі.Уақытты тиімді пайдалану мақсатында оқыту әдістемесін дұрыс таңдау.

ЖАҚСЫ

Сабақтық әрбір кезеңінде уақытты тиімді пайдалану.Мұғалім жасалатын жұмыстың көлемі мен уақытын есептеуде қиындықтарға ұшырайды.Мұғалім жоспарлаған уақыт регламентін барлық кезде сақтай алмайды.Мұғалімнің сабақ барысында керек жерінде түзетулер енгізу. Уақытты тиімді пайдалану мақсатында оқыту әдістемесін дұрыс пайдалану.

ОРТАША

Сабақтың әрбір кезеңінде уақытты пайдалану тиімсіз жоспарлаған.Мұғалім жасалатын жұмыстың көлемі мен уақытын есептеуде қиындықтарға ұшырайды.Мұғалім жоспарлаған уақыт регламентін барлық кезде сақтай алмайды.Мұғалімнің сабақты жүргізу жоспарына түзетулер енгізбеуі.Уақытты тиімді пайдалану мақсатында оқыту әдістемесін дұрыс таңдамау.

ТӨМЕН

Уақытты тиімсіз пайдалану жоспарланған. Мұғалім жасалатын жұмыстың көлемі мен уақытын есептей алмайды.Мұғалім жоспарланған уақыт регламентін сақтамайды.Мұгалім сабақтың жүргізу жоспарына түзетулер енгізбейді.

Вербалды және вербалды

емес коммуникативтік дағдылары

ҮЛГІЛІ

Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті жоғары,ашық дикция,байсалды сарын,үйлесімді шапшаңдық,сөзі эмоциялы.Ыммен және қимылмен басқара алады.Оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескереді.Киімінің стилі-іскер

ЖАҚСЫ

Ашық дикция,байсалды сарын,үйлесімді шапшаңдық,сөзі эмоциялы.Ыммен және қимылмен басқара алады.Оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескереді.Киімінің стилі-іскер

ОРТАША

Дикция анық емес,байсалды сарын,үйлесімді шапшаңдық,сөзі эмоциялы емес.Ыммен және қимылмен басқара алмайды.Мұғалім сыртқы қелбетіне назар аудармайды.

ТӨМЕН

Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті томен,беріп отырған ақпараты түсініксіз/жеткізе алмайды/,дикция анық емес,көтеріңкі (немесе төмендетілген) сарын,шапшаң тым жай қарқын ,сөзі эмоциялы емес.Ыммен және қимылмен басқара алмайды.Мұғалімнің сыртқы келбеті нашар (салақ).

Үй тапсырмасы

ҮЛГІЛІ

Мұғалім нұсқаулық жүргізеді,орындалудың алгоритімін береді;ұй тапсырмасын тексерілуін жазады,уақыт пен көлемін ескереді.Тапсырмалар барлық оқушыларға түсінікті;өзбастақ шешім қабылдауға іздену және алған білімі мен білігіне бағытталған ;сараптап ойлау әрекетінің дамуына бағытталған;шығармашыл мінезі бар;күрделілігі әртүрлі.

ЖАҚСЫ

Мұғалім нұсқаулық жүргізеді,орындалудың алгоритімін береді;ұй тапсырмасын тексерілуін жазады,уақыт пен көлемін ескереді.Тапсырмалар барлық оқушыларға түсінікті;өзбастақ шешім қабылдауға іздену және алған білімі мен білігіне бағытталған;сындарлы мінезі бар;күрделілігі әртүрлі;сараптап ойлау әрекетінің дамуына бағытталмаған.

ОРТАША

Мұғалім:нұсқаулық жүргізеді,орындалудың алгоритімін бермейді,үй тапсырмасының тексерілуін жазбайды;уақыт пен көлемін ескермейді.Тапсырмалар:барлық оқушыларға түсінікті;алған білімі мен білігіне бағытталмаған;жалпы мінезі бар ;күрделілігі әр түрлі емес;сараптап ойлау әрекетінің дамуына бағытталмаған.



ТӨМЕН

Мұғалім:нұсқаулықты өз деңгейінде жүргізбейді,орындалудың алгоритімін бермейді,үй тапсырмасының тексерілуін жазбайды;уақыт пен көлемін ескермейді.Тапсырмалар:оқушыларға түсінікті емес;алған білімі мен білігіне бағытталмаған;жалпы мінезі бар ;күрделілігі әр түрлі емес;сараптап ойлау әрекетінің дамуына бағытталмаған.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет