Кавказ, Орта Азия, орыстың оңтүстік овчаркалары, қара терьер, Москва күзет иті және сүңгуір ит тұқымдары күзет ісіне, мал бағуға пайдаланылуда. Шотланд овчаркасы, эрдельтерьер, ротвейлер, ризеншнауцер көбіне үй мүлкін күзетүге және спорттық мақсатта қолданылады. Шотланд овчаркасы мен эрдельтерьер зағиптарға бағдаршы ретінде, ал шотланд овчаркасы мал бағып-жаюға пайдаланылуда. Иттің боксер, дог, ньюфаундленд, сенбернар, доберман-пинчер тұқымдары қызметші-спорттық мақсаттағы иттерге жатады, бірақ бұлардың кейбіреулері қызметші-ит ролін де ат қара алады. Неміс (шығыс европалық) овчаркасын, колли, эрдельтерьер, қара терьер, сүңгуір, сенбернар және ризеншнауцерді үйде де, қора-жайда да ұстауға болады. Жүні тықыр иттерді (доберман, бөксер, дог) жылы жерде ұстайды. Аң нттері аңшылықтың әр түріне пайдаланылады. Бұларға: тазы (орыс төбеті, орыс дала иті, хортай), жүйрік иттер (орыс иті, орыстың ала иті, эстон иті), сақ иттер (орыс-европалық, батыс сібірлік, шығыс сібірле, карелофиндік иттер), жатаған иттер (неміс жатағаны, ирланд, ағылшын және шотланд сеттері, пойнтер), спаниел, інге салғыш иттер (фокстерьер, такса) жатады.
Ит таңдап алу үшін адам тиісті клубка барып, иттің тұқымына, жасына, жынысына байланысты күтіп-бағу және үйрету мәселелері жөнінде қажетті кеңес алады, ит өсіру әуесқойлары курсын бітіреді. Кейбір текті иттерге оның тараған тұқымы, туралы арнайы куәлік, көрмелер мен сынақтан алған медаль, дипломдары қоса беріледі. Ең жақсысы итті күшігінен асырал өсірген жөн. Барлық ит тұқымының арланы қаншығына қарағанда ірілеу, қарымдылау, қабаған келетінін ескеру қажет, қаншық ит адамға, үйге үйірсек келеді. Күшіктейтін иттерді қолда ұстағанды қолайсыз деп санау дұрыс емес. Қалада және басқа елді мекендерде ит ұстау одақтас республикаларда, өлкелер мен облыстарда қабылданған тиісті ережелерге сай болуға тиіс. Итті бір отбасы тұратын және пәтерде санитария-гигиеналық және малдәрігерлік-санитариялық ережелерді сақтаған жағдайда ғана ұстауға рұқсат етіледі. Коммуналдық пәтерлерде бұған қоса барлық көрші тұрғындардың келісімі қажет. Тұрғын үй және коммуналдық пәтерлерде итті тұрғындарға ортақ жерлерде (басқыш алаңында, үй шатыры астында, төледе, дәліздерде т. б.), сондай-ақ, балкон мен лоджияларда ұстауға болмайды. Ит несі өзінің тұрғын жеріне қарасты мал дәрігерлік мекемелерге міндетті түрде итін тіркетіп, оны жыл сайын тіркеуден қайта өткізіп отырады. Бұндай мекемелер тіркеу куәлігін және тіркеу белгісін беріп, ит иесін ит ұстау ережелерімен таныстырады. Итті сатып алуға, сатуға, басқа қалаға, ауданға алып жүруге (кез келген транспорт түрімен) итке соңғы 12 ай ішінде және алып жүруден кемінде 30 күн бұрын құтыру ауруына қарсы егілгені туралы малдәрігерлік куәлік болса ғана рұқсат етіледі. Итті үйден қысқа қарғы бау ілмек немесе тұмылдырық кигізіл, қарғысына нөмір белгісін тағып (үш айға дейінгі күшіктей басқасына) алып шығарылады да, әдейі тағайындалған алаңда, әдетте таңертең сағат 7 мен кешкі 23 сағат аралығында серуендетеді, ал бұдан ерте не кеш уақытта ит несі тыныштық сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Пәтер ішінде итке ешкімнің маазасын алмайтын әрі оған тыныш орын тағайындалады. Орын жел өті тиетін, үй жылытатын жүйелерге жақын және қараңғы жерде болмауы қажет. Оған бөлінген жерде ит астына төсеніш төселеді және оны күн сайын қағып, желдегіп, щетка не шаң сорғышпен тазалап, жуылып отырылады. Жылыны жақсы көретін кәнден иттің астына жұмсақ, жылы төсеніш төселеді. Қора-жайы бар ит иелері итті былай ұсгауына болады: қора айналасы қоршалған, бұған бөтен адам кіре алмайтын жалпит қашып шығып кете алмайтын болса, итті бос ұстауға болады. Ит жауын - шашыннан, суықтан паналауы үшін оған дөңестеу және құрғақ жерге (лапас астына) үйшік жасау керек. Суық аудандарда үйшіктің қабырғасын қос қабаттал жасап, оның екі арасын ағаш ұнтағы не басқа бір затпен толтыруға болады. Итті қорада немесе ауыз үйде ұстауға болады, итке үйшік қойылады немесе еденнен сәл көтеріңкі етіп ағаш тапшан жасалады. Төсенішті ит ысырып түсіріп тастамауы үшін таптай ның шетіне кенере жасалады. Қыста үйшіктің ішіне, тапшанғақалың ғыл пішен, сабан немесе ағаш жоңқасы төселеді, үйшіктің аузына қалың матадан перде ілінеді. Итті байлап ұстаған кезде шынжыры оралмас үшін белгілі бір жерге қапсырма шегелі немесе шығыршықты, биіктігі 8—10 см-ден аспайтын ағаш қазық қағылады. Шынжырдың ұзындығы 1,5—2 м болады. Итті жылжымалы байлауда ұстау үшін белгілі бір жерге шығыршықты сым немесе трос тартылады да, шығыршыққа ит шынжыры ілінеді. Сымпың биіктігі 1,5 м-ден төмен болмауы қажет. Иттің үйшігі тартылған сымпың ортасына немесе жанына орналасады. Итті үйшігі бар жеке қоршаула бос ұстаған жөн. Қоршаудың аумағы 300X300 см (неғұрлым кең болса, соғұрлым қолайлы), биіктігі 200 см-ден аласа болмауы керек. Бұны аула немесе үй, сарай қабырғасына жанастыра салған дұрыс. Қоршау ағаштан, құбырдан, темірден жасалады да, оған жуандығы 2,5— 3 мм сым тор тартыл ады. Қоршаудың есігі ішіне қарай ашылуы тиіс. Қоршау іші су тоқтамайтындай сәл еңістеу болғаны дұрыс. Иттің үйшігін қоршаудың кез келген жеріне қоюға болады, бірақ ит оның төбесіне шығып, қоршаудан секіріп шығып кетпейтіндей болуы керек. Қақпаға шарбақ ішінде ит бар екенін білдіретін ескерту жазылады. Пәтерде ит ұстағанда оны тәулігіне 2 рет, ал күшікті кемінде 4 рет далаға серуенге шығарады
394сөз