КСРО-ғы дене шынықтыру Ресей империясында өмір сүрген халықтардың дене
шынықтыруымен тығыз байланысты жəне оның өзіндік халықтық түптамыры бар.
Ежелгі дəуíрден бастап қарапайым халық мереке күндерінде жəне қол бос уақытында
əртурлı ойындармен, жүдырырықтасып төбелесу, күрес, жүзу, коньки жəне шаңғы
тебумен айналысқан. Мемлекеттік жүйенің бір бағыты ретінде дене шынықтыру І Петр
реформалары кезеңінде қалыптаса бастады жəнебұл тұрақты əскер мен флотты əскери-
физикалық тұрғыдан даярлау ісінде айқын көрінді. Патша тарапынан құрылған
Преображенск жəне Семеновск полкілерінде əскерлер садақ пен мушкет ату, оқу
бекіністеріне шабуыл жасау, су кедергілерімен күрес жүргізуді үйренді. Қарулану
ісінде найзаның пайда болуынан соң əскери дайындыққа найзамен күресу əдістерін
үйрету енгізілді. І Петр кезеңінде ашылған оқу орындарында дене шынықтыру ісі
енгізілді. Оқушылар семсерлесу, жүзу, атпен жүру, желкен мен еспелі кеме істерімен
шұғылданды. Бұл көңіл көтеру емес, саналы жəне арнайы түрде айналысқан дене
шынықтыру бойынша жаттығулардың алғашқы нышаны болып саналады. Айта кету
қажет, XVII ғ. дене шынықтыру тəрбиесі əскери мақсатгағы айларлықлай қолданбалы
сипатқа ие болды. Сонымен бірге дене шынықтыру жəне əскери тэрбиесшдеп
өзгерістер тек қана дворяндық топтарды қамтыды.
•
Ежелден бері спортпен, дене шынықгыру тәрбиесімен шұғылдану ісі
екіжақты сипатқа ие болды. Бір жағынан, қарапайым халық арасындағы
дене шынықтыру тәрбиесі физикалық еңбек жəне әртүрлі халықтық ойын
-
сауықпен, яғни өз бетімен дамитын халықтық дене шынықтыру
мәдениетімен, шектелді. Жұдырықтасып төбелесу, күрес, шаңғы тебу —
осының барлығы халықтық ойын
-
сауық сипатына ие болып, олардың қатаң
түрдегі жүйесі мен арнайы жаттығулары жəне жаттығу жүйесі болған жоқ.
Басқа сөзбен айтқанда, қарапайым халық арасындағы дене шынықтыру
тәрбиесі «стихиялық» сипатқа ие болды. Осыған қарамастан, халық
арасындағы негізгі іс — физикалық түріндегі еңбек болғандықтан, ал бұл, өз
кезегінде, мықты денсаулықтың жəне физикалық тұрғыдан
шыдамдылықтың бар болуын қажет еткендіктен, қарапайым халық
арасындағы дене шынықтыру тәрбиесі қажелтілік болып саналдыЕкінші
жағынан, зерттеушілер шайқасқа дайындық барысындағы әскерлердің
гимнаистикалық жаттығулары, ат жарыстары жəне яхт
-
клуб (суда жүзу
спортымен шұғылданушы ұйым) сияқты қоғамның ақсүйектері мен
элиталарына тəн əскери тəрбиелеу жүйесін атап көрсете бастады.
Ресейде дене шынықтыру тəрбиесі мəселелері ресейлік прогрессивті қайраткерлердің
еңбектерінде дамуын жалғастырды. ХҮІІІ ғ. II жартысындағы дене шынықтыру
тəрбиесінің теориясы мен тəжірибесіне Ресейдегі тəрбиелеу үйлерінің негізін қалаған И.И.
Бецкий (1704-1795) айтарлықтай ықпал етті.Ол кейбір физикалық ескертпелерді білдіре
отырып, «Балаларды туылғанынан бастап жастық шаққа дейінгі тəрбиелеудің қысқаша
бағытын» (1766) көрсетіп, онда баларардың физикалық дамуына ықпал ететін əртүрлі іс-
шараларды, шыңдау, жеке гигиена қағидаларын сақтауды ұсынып, тəрбиелеу үрдісінде
балалардың жастық ерекшеліктерін ескеруге үлкен мəн берген.
Н.И. Новиков (1744-1818) дене шынықтыру тəрбиесін жалпы тəрибелеудің құрамдас
бөлігі ретінде қарастырған. Ол өзінің мақаласында халыққа арналған дене шынықтыру
тəрбиесі жүйесінің негізгі принциптерін қарастырған.Оның пікірінше,балаларды
физикалық тұрғыдан тəрбиелеудің маңызды құралы ретінде іс-қимыл ойындарын (əсіресе
доппен), күресу, журу, бірқалыпты жүгіру, тамақтану мен дем алу тəртіптерін ұстану,
физикалық жаттығуларды белсенді түрде қолдануды атап көрсеткен. Сонымен бірге ғалым
дене шынықтыру тəрбиесін эстетикалық тəрбиемен байланыстыратын орыс халық
билеріне маңызды назар аударған.
•
КСРО Қорғанысына Еңбегіне Дайындық (ГТО) кешені болды. Оның
бастамасышы болып, жастар ұйымы (комсомол) 1930 ж. қолдады. Сөйтіп,
ДМБОК (Дене Мәдениетінің БүкілОдақтық Кеңесі) шешімімен 1931 ж.
наурыз айында ГТО 1сатысы
-
дене мәдениеті кешенін бекітті. Ол үшін әрбір
ерікті жүгіруден, секіруден, лақтырудан, белдемшеде тартылудан, арқанға
өрмелеуден, жүзуден, велосипед айдау, шаңғыда жүріп ату, ауыр зат көтеріп
жүгіруден белгілі бір нормативтерді орындау керек болды. Ал, оның
талаптарына
-
алғашқы медициналық жәрдем көрсету, санитарлық
минимумын білу т.б. жатты. Бұл кешен КСРО жастары арсында үлкен беделге
ие болды, тез арада қанат жайып, барлық жерге сіңіп кетті. Осындай дамуын
көрген соң, ДМБОК шешімімен 1933 ж. ГТО
-
ның 2
-
ші сатысы дүниеге келді.
Онда 22 норматив, 3 талап қойылды. Әскери
-
қолданбалы түрлері көбейді –
суға секіру, трамплиннен суға секіру, атпен семсерлесу, кедергілерден
жүгіріп өту т.б. түрлері енді. 1934 ж. БГТО (Еңбекке және Қорғанысқа Дайын
Бол) кешені қосылды. Онда Дене Тәрбиесінің Кеңестік Жүйесінің барлық
жағын қамтыды. Онда дене тәрбиесі мен спорттың кеңестік жүйесінің негізгі
қағидалары
-
қолдан
-
балылық, жан
-
жақтылық, сауықтандыру бағыттары
қамтылған. ГТО, БГТО кешендері Кеңес дене мәдениеті, дене тәрбиесі, спорт
жүйесінің дамуына орасан зор үлесін қосты.
•
Достарыңызбен бөлісу: |