Ксро-ғы дене шынықтыру Ресей империясында өмір сүрген халықтардың дене



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі256,44 Kb.
#124412
1   2
Байланысты:
Абдраш Әділхан ДШС 21-02

Олар кейін белгілі бір жыл сайын, кезеңдерге байланысты, жетілдіре берді. Одан 
басқа, аталмыш кешендерге қоса, кеңес халқы арасында «Ворошилов атқышы», 
«КСРО парашютисі», «КСРО альпинисі» т.б. түрлері зор беделге ие болып, 
жоғарыда аталған атақтарды жеңіп алу үшін, түрлі сайыстар 
ұйымдастырылатын. 1925 ж., 1927 ж., 1929 ж. өткен бүкілодақтық ғылыми 
конференциялар дене тәрбиесі мен спорттың кеңестік жүйесінің сәтті дамуын 
көрсетті. Бұл конференциялардағы мәліметтер мен баяндамалардың 
тақырыптары дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінің ғылыми мәселелеріне 
қызығушылығының кеңдігі мен әртүрлілігін көрсетті. Ғалымдардың назарында 
дене қимылы жаттығуларымен айналысушылардың дәрігерлік бақылауы 
мәселелері тұрды. Елде дене шынықтыру институттарына қаражат бөлу, 
оларды дәрігерлік бақылау мамандарын даярлау мен ғылыми жұмыстар 
орталығына айналдыру қарастырыла бастады. Осы жылдары бұлшық ет 
жұмысы кезінде ағзаның қызмет аясы, спорт-пен айналысу кезінде болатын 
шаршауды зерттеу, жүрек пен өкпенің функционалдық тексерулері (В.В. 
Гориневский, А.И. Крестовников, И.М. Саркизов-Серазини және т.б.) жасалынды. 
1930 жылдың басында дене тәрбиесі мен спорт саласындағы ғылыми-зерттеу 
жұмыстары ұйымдасқан түрде бола бастады.



ХХ ғасырдың 30-шы жылдары-ның ортасында гимнастика, бокс, жеңіл 
атлетика, жүзу, семсерлесу, спорттық ойындар жəне тағы басқа спорт 
түрлеріне арналған алғашқы кеңестік оқулықтар мен оқу-əдістемелік 
əдебиеттер шыға бастады. Бұқаралық спорттық жұмыстар жəне 
халықаралық спорттық байланыстар Бұқаралық спорттық жұмыстардың 
аясын көбейту дене шынықтыру қозғалысының материалдық базасының 
əжептəуір кеңейтуіне өз ықпалын жасады. Елдегі сол уақытқа дейін 
созылған жалпы кедейшіліктің зардаптары-нан, осы мақсаттарға арналған 
қажетті қаражатты бөлуіне мүмкіндік болма-ды. Бірақ, қанша үлкен 
қиыншылықтар болса да, Кеңес елінде біртіндеп ірі стадиондар, бассейндер
теннис жəне бадминтон корттары, спорттық залдар салына бастады. 1928 ж. 
Мəскеудің «Динамо», Ленинградта «Қызыл путиловшы», «Динамо» 
стадиондары іске қосылды. 1927 ж. қарашада Ленин-градта елде алғаш рет 
ұзындығы 25 метрден 4 жүзу жолы, жанкүйерлерге арналған орындары бар 
қысқы бассейн ашылды. Стадиондар, спорттық алаңдар, су жəне ескек есу 
станциялары, теннис жəне бадминтон корттары жəне басқа да спорттық 
ғимараттар Харьковте, Свердловскде, Дондағы Ростовта жəне елдің басқа да 
қалаларында салына бастады. Бұл жарыстардың көптеген түрлерін 
ұйымдастыруға жəне өткізуге мүмкіндік берді



Орындаған:Өтеубай Ерзат 

Тобы:21
-02

Қабылдаған:Омаров Бақытжан 

Тақырыбы:КСРО дағы дене шынықтыру мен спорттың қалыптасуы 
мен дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет