Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
9.2 Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері
|
Мектеп: “Қашаған Күржіманұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп”
|
Күні: 18.09.2024
|
Мұғалімнің аты-жөні: Егеубаев Ержан Алимағанбетұлы
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару
|
Сабақ
мақсаттары
|
мәтіндік есептерді теңдеулер жүйелерін қолданып шығарады
|
Бағалау
критерийлері
|
Бірлесіп жұмыс істеуге берілген мәтіндік есептерді шығарады;
Бір мезгілде әртүрлі құбырлармен толтырылатын бассейндер туралы мәтіндік есептерді шығарады;
Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығарады;
Сандардың формуласы қолданылатын мәтіндік есептерді шығарады.
|
Тілдік
мақсаттар
|
Оқушылар:
- мәтінді есептерді теңдеулер жүйелерін қолданып шешу арқылы түсіндіреді.
Пәнге тән лексика мен терминология:
Теңдеу – уравнение – the equation
Жүйе – система – system
Тең – равно – equally
Коэффициент – коэффициент – coefficient
Бос мүше – свободный член – free member
Сызықтық теңдеу – линейное уравнение – linear equation
Квадраттық теңдеу – квадратное уравнение – quadratic equation
Мәтіндік есеп – текстовое задание – text task
Теңдеулер жүйесі – система уравнений – system of equations
Тәсіл – метод – method
Қосу тәсілі – метод сложения – addition method
Айнымалыларды ауыстыру тәсілі – метод замены переменных –
variable replacement method
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- бұл есеп жылдамдықты табуға берілген, сондықтан ...
- ... бірінші шүмектен аққан су жылдамдығын х деп белгілесек, ...
- .. бір сан екіншіден .. артық/кем болғандықтан, ... белгілеуге болады
- .. теңдеуін құрамыз
- ... шартқа сәйкес теңдеулер жүйесін аламыз
- жүйені шешіп, белгісіздерді табамын...
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Сабақтың бағалау критерийлері бойынша терминологияны қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін меңгеру барысында тиімді тәсілдерді қолдану арқылы топпен, жұппен жұмыс жасауда, өзара сыйластық пен бір-бірінің пікірлерін тыңдауға және жеке жұмыс істеуде ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
|
|