Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау жұмысы.
А деңгейі:
14. Бірінші кран бассейінді 8 сағатта, ал екіншісі 10 сағатта, үшіншісі 40 сағатта толтырады. Үш кран бірлесіп осы бассейінді қанша сағатта толтырады? Жауабы: 4.
9. Моторлы қайық өзен ағысымен 40 мин, ағынға қарсы 1 сағат жүзіп, осы уақытта барлығы 37 км жол жүрді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 1,5 км/сағ болса, онда қайықтың тынық судағы жылдамдығы қандай? Жауабы: 22,5 км/сағ.
6. Айырмасы 5-ке, квадраттарының қосындысы 53-ке тең екі санды табыңыз. Жауабы: (-2; -7), (7; 2).
В деңгейі:
4.
|
Екі бригада ағаш отырғызды. Әр күні бірінші бригада екіншіге қарағанда 40 ағаш артық отырғыза жүріп, барлығы 270 ағаш отырғызды. Екінші бригада біріншіге қарағанда 2 күн көп істеп барлығы 250 ағаш отырғызды. Әр бригада неше күн жұмыс істеді?
|
Жауабы: 3 күн; 5 күн.
5. Поезд жолда 6 мин-қа тоқтады да, өзінің кешігуін 20 км-лік жол кесіндісінде жойды. Ол үшін поездың қозғалыс кестесі бойынша жорамалданған жылдамдығынан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүруіне тура келді. Берілген жол кесіндісіндегі поездың кесте бойынша жорамалданған жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 40 км/сағ.
1. Егер екі еселенген бірінші мен үш еселенген екінші санның қосындысы 23, ал төрт еселенген екінші сан үш еселенген біріншісінен 8-ге артық болса, онда әрбір сан қаншаға тең?
Жауабы: 4; 5.
С деңгейі:
3.
|
Екі бригада орындықтар жасады, сонда бірінші бригада 65 орындық, ал екінші бригада 66 орындық жасады. Бірінші бригада 1 күнде екіншіден екі орындық артық, бірақ одан 1 күн кем жұмыс жасады. 2 бригада бірлесе отырып бір күнде қанша орындық жасады?
|
Жауабы: 24.
3.
|
Пойызға асыққан жолаушы бірінші сағатта 3,5 км жүргеннен кейін, осы жылдамдықпен жүре берсе пойызға 1 сағат кешігетінін есептеп білді. Ол қалған жолды 5 км/сағ жылдамдықпен жүре отырып, пойызға 30 минут ерте келді. Жолаушы қанша км жол жүрген?
|
Жауабы: 21 км.
4. Үш таңбалы сан 3 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрды солға, яғни басына апарып қойсақ, онда 3 еселенген бастапқы берілген үш таңбалы саннан 1-і артық болатындай жаңа сан пайда болады. Осы санды табыңыз. Жауабы: 103.
Топпен, жұппен және жеке жұмыстарға берілген тапсырмаларды орындау барысында мұғалім тарапынан құрылымдық түрдегі ауызша/ жабаша кері байланыстар болады.
|
TARSIA – кеспе қағаздары
2-Қосымша
Таныстырылым,
Флипчарттар
3-Қосымша
Дайындалған постерлер
Үлестірме материалдар
4-Қосымша
Үлестірме материалдар
Қасымбекова Н.Ж., Мәтіндік есептердің тест жинағы.
Үлестірме материалдар
5-Қосымша
|