Күтілетін нәтиже: Оқушылар топта сыныптастарымен ынтымақтаса отырып, қарым –қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға,әртүрлі ұстанымдарымен алмасуға,барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Топ



бет3/7
Дата24.12.2022
өлшемі36,02 Kb.
#164277
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Топтық жұмыс

Зерттеу жұмыстары нәтижесінде оқушылар өз бетінше білімді меңгеретінін түсіндім. Өз сыныбымда бірлескен топтық түрлерін ұйымдастырып сабақтар өткіздім. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріледі.Өз ойларымен бөлісіп, ақылдасады. Бір-бірінің жауабын толықтырып,берілген тақырып бойынша білімдерін ортаға салуынды. «Сұраққа жылдам жауап» әдісі. Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа аударып,ой-өрісін дамыту мақсатында төмен дәрежелі сұрақтарға толық жауап қайтаруды тапсыру. Мысалы, «Әдеміай, Амирдың жауабы дұрыс деп ойлайсың ба?» «Азиз, Әминаның жауабын қалай толықтыруға болады?» «Дарын, айтылған барлық жауаптарды қалай біріктіруге болады?» Бірлесе топта жұмыс жасағанда оқушылар пікір таластырады,басқалардан үйренеді. «Сұхбат алу» әдісі. Мұнда топтағы үш оқушы бір-бірімен тақырып бойынша сұхбат құрады.Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді. «Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі. Бұл әдіс бойынша топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады. Топтық жұмыс сауат ашу сабақтарында өте тиімді, себебі оқушылар өз ойларын жеткізе біледі. Топтық жұмыс өткізген барысымда мынадай өте қызықты сабақ өтетінін білген жоқпын. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын салуда. Дәстүрлі сабақтарымды салыстырып кететін болсам, оқушыларым жалығып отырушы еді. Ал топтық жұмыста жалығып отырған оқушылар қызығушылығы артып, жұмылдыра жұмыс жасай біледі. Орташа оқитын оқушы төмен оқитын оқушыларымен ойларын бөлісіп жатыр. Ал дарынды балалар орташа оқитын оқушыларға кеңес бағыт бере отыра көмектесті. Жаңа әдісті қолданып ұсынған тапсырмаларда оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындау жолдарын іздеу барысында топпен шешіп, бір-бірінің көмегіне жүгінді. Бұдан оқушыларды топтық жұмысқа итермелеу арқылы, әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген тапсырманы орындау барысында әркім өз идеяларын ортаға тастап, өзара рөлдерге бөліне отырып, берілген уақытты тиімді пайдалануға тырысып отырды. Ал түсінгендерін топпен қорғау барысында топтар бір-біріне сұрақ-жауап арқылы кеңінен талқылап отырды. әрбір тақырыпты өту барысында тиімді, нәтижелі топтық жұмыс формасын жиі қолдандым. Себебі, топтық жұмыс оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім араларындағы білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу алдында оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтап алдым, тексеру мен бағалаудың әділдік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен шәкірт ынтымақтастығы арқылы оқушының белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, шығармашылығына қол жеткізу біздің өтіп жатқан тәжірибеміздің болашағы деп ойлаймын.
Топпен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар күрделі емес және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай беріледі. Мысалы, сауат ашу сабағында элементтерден әріпті жинау,сандарды ретімен орналастыру арқылы сөздер құрастыру, әріптің баспа және жазба түрлерінің қатынасын табу, «Қатесін тап» деген сияқты тапсырмалар беріледі. Математика пәнінен «Кеңістік фигуралары», «Жазық фигуралар және олардың модельдері» тақырыбын өткен кезде жеке бөліктерден фигураны құрастыру арқылы фигуралар моделін құрастыру/мыс:пирамида,конус,тік бұрышты парллелепипед,текше.../ тапсырмасын беруге болады. «Жыл мезгілдері» тақырыбына байланысты сабақ барысында жеке бөліктерден бір жыл мезгілін құрастырып, аталған жыл мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеу тапсырылады. Оқушылар топтарға берілген тапсырмаларды орындай отырып, тақырыпты қызығушылықпен өздері аша алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет