Күтілетін нәтиже: Оқушылар топта сыныптастарымен ынтымақтаса отырып, қарым –қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға,әртүрлі ұстанымдарымен алмасуға,барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Топ


Топпен жұмыс жасаудағы мұғалімнің қызметі



бет7/7
Дата24.12.2022
өлшемі36,02 Kb.
#164277
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Топтық жұмыс

Топпен жұмыс жасаудағы мұғалімнің қызметі: Мұғалім сабақты ұйымдастырушы және құрастырушысы. Ұжымдық іс әрекеттің мүшесі.
Өтілетін жұмыстың мақсатын түсіндіреді.
• Оқушыларды топқа бөледі.
• Топқа берген тапсырмаларға түсініктеме береді.
• Топтық жұмысты бақылайды.
• Олардың іс әрекетін белсендіреді.
• Оқушылардың топтық жұмысын бағалайды.
• Топтық жұмысқа қорытынды шығарады.
• Жіберілеген қателіктерге көңіл аударады.
Бірінші сабақтарда топтық жұмыс оқушылар тәжірибесінде жиі болмағандықтан олардың қиналысы көзге айқын көрінді. Осы кезде мұғалімнің көмегі керек болды. Мұғалім әрбір тапсырмаларға түсінік бере отырып жұмысқа ынталандырды.
Бақылау төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылды.
- Оқушы топ ережесін біледі ме?
- Сабақта еркіндік, ынтымақтастық аспектісі сақталды ма?
- Топ тапсырмалары оқушының сыни тұрғыдан ойлауына әсер етті ме?
- Топта оқушының белсенділігі көрініс берді ме?
- Қандай оқушылар белсенділігі жоғары болды?
- Мұғалім сабақ үрдісінде оқушының белсенділігін арттыру үшін қандай әдіс тәсілді тиімді қолдана алды?
- Берілген тапсырманың орындалуы шеңберден шыққан жағдайда мұғалім оны қолдап отырды ма?
- Мұғалім барлық оқушыға бірдей қарады ма?
Белгілі маман психологтардың мәлімдеуінше оқушының белсенділігі оның тапсырмаға деген көзқарасынан туындайды. Егер тапсырма қызықтыра білсе оқушы белсенділігінің де жоғары болуы мүмкін. Осы жерде тағы да айта кететін жағдай оқушының белсенділігіне әсер ететін нәрсе сабақтағы еркіндік атмосферасы.Білім деңгейі төмен оқушы үшін бұл ауадай қажет. Достық ынтымақтастық оқушының қорқынышын жояды, тығыз қарым қатынасты орнатады. Оқушы белсенділігін арттыру үшін мұғалім ашық сұрақтарды қою арқылы оның дұрыс шешімге келуіне бағыттайды, түзейді. Бұл жерде эмоция,түрткі басты рол атқаруы мүмкін. Ынтымақтастық дегеніміз тек көмек қана емес ол оқушының тәуелсіздігі мен белсенділігін қамтамасыз ететін атмосфера құру.
Оқу үрдісінде кейде дарынды және талантты оқушылар жағымсыз тәртіп көрсетуі мүмкін, бұл олардың ерекше қабілеттеріне тікелей байланысты, мәселен:
- Практикада қолданылатын, есте қалған кең ауқымды білімді талқылау кезінде басымдылық көрсетуі мүмкін;
- Зияткерлік ойнақылық, пайымдау мен қиялын көрсететін балалар үнемі тапсырмаға қызығушылық танытпауы, болмаса оны орындауға ниетінің жоқтығын білдіруі мүмкін;
- Проблемаларды нақты шешуге және есепті дұрыс шығаруға ұмтылатын балалар басқа оқушылар мен оқытушыларды жиі түзете беруі мүмкін;
- Нәзік әзілі басқа біреулерге жақпай, оның салдарынан түсініспеушілік орын алуы мүмкін;
- Өз бетімен жұмыс істегісі келетіндер басқалармен бірлесе жұмыс істеуге қызу қарсылық көрсетуі мүмкін.
- Оқыту үшін бағалау- бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
- \мұғалімге арналған нұсқаулық. 112 бет\. Сабақта табыс критерийлері жазылып және дескрипторлары көрсетілуі тиіс. Сол кезде ғана оқушылар өз топтарын және өзге топтарды бағалаған кезде нақты, шын баллдарды қояды. Балл қоюға, топты бағалаған кезде оқушылар белсенділігі жоғары болады. Топтар бірін бірі бағалаған кезде реніш болмайды себебі дескрипторлармен бағалау баллдың ақиқатты қойылғанын көрсетеді.
Қорыта келе, топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Топтық жұмыс оқушы белсенділігін арттыруда үлкен жетістікке жеткізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет