15 минут
|
Тапсырма
|
1 тапсырма.
Электролиттік диссоциация теориясына сай мәтіндегі сөздерді толықтыр.
А заты электр тоғын өткізеді, демек ол сулы ерітіндіде электролиттік диссоциацияға ___________. Электролиттер арасында қозғалатын _________ аталған затта электр тоғын тасымалдаушылар болып табылады.
В заты электр тоғын өткізбейді, демек ол сулы ерітіндіде электролиттік дисоциацияға _______, себебі ерітіндіде электр тоғын тасымалдаушылар _________.
тірек сөздер: ұшырайды, иондар, ұшырамайды, болмайды
жауабы
А заты электр тогын өткізеді, демек ол сулы ерітіндіде электролиттік диссоциацияға ұшырайды. Электролиттер арасында қозғалатын иондар аталған затта электр тоғын тасымалдаушылар болып табылады. В заты электр тоғын өткізбейді, демек ол сулы ерітіндіде электролиттік дисоциацияға ұшырамайды, себебі ерітіндіде электр тоғын тасымалдаушылар болмайды.
2 тапсырма. Натрий хлоридінің диссоциациялану механизмін түсіндір
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
Дескриптор: Білім алушылар
-берілген тірек сөздерді дұрыс қолдана отырып, мәтіндегі сөздерді толықтырады
Дескриптор: Білім алушы
иондық байланысы бар заттардың электролиттік механизмін түсіндіред
|
|
5 минут
|
Бекіту
|
Сабағымызды қорытындылайық.
Оқу тапсырмасы:
Ас тұзының судағы ерітіндісі электр тогын өткізеді, ал құрғақ ас тұзы электр тогын өткізбейді.
Мұның себебі неде?
Бүгінгі сабақта:
электролиттік дисоциация теориясының негізгі қағидаларын білдім
иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік механизмін түсіндім
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
Жаңа тақырыпты меңгерудегі түзету жұмыстарын жүргізу.
|
|
|