С. Аррениустың электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары.
Электролиттік диссоциация – суда ерігенде немесе балқығанда заттардың иондарға (катиондарға – оң зарядталған иондар H +, K +, Ca2+...) және (аниондарға – теріс зарядталған иондар Cl –, OH –,...) ыдырау процесі.
Сулы ерітінділерде электролиттердің диссоциациялануы су молекуларымен әрекеттесуінен болады. Барлық электролиттер бірдей шамада диссоциацияланбайды және әр түрлі дәрежеде электр тогын өткізеді. Диссоциациялану дәрежесіне байланысты электролиттер күшті және әлсіз болып келеді.
Электролиттік диссоциация барлық әлсіз электролиттер үшін қайтымды процесс.
Оң зарядталған бөлшектер (катиондар) мен теріс зарядталған бөлшектер (аниондар) ток тасымалдаушылар. Иондық және ковалентті байланыспен байланысқан қосылыстар толығымен иондарға диссоциацияланады.
1887 ж. С. Аррениус электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын ұсынды.
Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары. Тоқты тасымалдағыш иондар – оң зарядталған (катиондар), теріс зарядталған (аниондар) болып бөлінеді. Электр токтың әсерінен иондар бағытталған қозғалысқа ие болады: оң зарядталған бөлшектер катодқа, теріс зарядталған анодқа тартылады. Сондықтан оң зарядталған бөлшектер катиондар, ал теріс зарядталған бөлшектер аниондар деп аталады.