Копрологиялық зерттеуге нәжісті жинау әдістемесі
Копрология – жедел ішек ауруларында қолданылатын қосымша зерттеу әдісі болып табылады.
Іс - әрекет алгоритмі:
1.Нәжісті жинар алдында келесі дәрілерді қолдануға болмайды: танин, карболен, атропин, кофейн, балауыз қоюға, костер майын, бояғыш заттарды да қолдануға болмайды. Себебі, ол заттар нәжістің түрін, құрамын өзгертеді.
2.Нәжісі бар ыдысқа зәрдің, қанның жыныс ағзаларының сұйықтығы араласпауы керек.
3. Нәжісті шыны ыдысқа(5-10г) қалақшамен(шпательмен) сырқат отырған нәжістің әр жерінен алып саламыз.
4.Шыны ыдысты таңбалап, науқастың аты жөнін, бөлімше және бөлме нөмірін, алған күнін жазып зертханаға жеткіземіз.
5.Дизентерияда нәжістен эритроциттерді, лейкоциттерді( нейтрофилдері көбірек), кілегейлі-эпителияларды, ақ зат талшығын анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |