Зәрді жинау үшін қажетті заттарды дайындау:
Таза шыны түтік немесе ыдыс (флакон).
Тамызғыш.
Реактив Люголь ерітіндісі.
3 – 4 мл зәр.
Зәрден өт пигментін анықтауда зәрді жинау алгоритмі.
Таза шыны түтікке 3 – 4 мл зәрді құямыз.
Зәрдің үстіне тамызғышпен 0,5 – 1 мл люголь ерітіндісін құямыз.
Егерде байқау оң болса, зәр қабаты мен люголь ерітіндісінің арасында жасыл сақина пайда болады.
-32-
ТЫРЫСҚАҚТА МАТЕРИАЛДЫ ЖЕТКІЗУ
ЖӘНЕ ЖИНАУ АЛГОРИТМІ
1.Зарарсыздандырылған зертханалық ыдысқа науқастан бөлінген заттарды салу.
2.Ыдыстарды жақсылап тығынмен жабу (резеңке, әйнек тығына және т.б) немесе бұралып жабылатын ыдыстар қолданылады.
3.Әрбір ыдысты залалсыздандыру ерітіндісімен тазалау.
4.Әр ыдысты жеке полиэтиленге салып, таңбалап, аузын жабу.
5.Алынған зат бикске немесе арнайы жәшікке салынады.
6.Арнайы жәшікті немесе биксті жақсылап жабу, «жоғары», «төмен», «қауіпті» деген белгілер қою.
7.Жәшікке жіберу құжатын салу керек.
8.Құжатта төмендегі мәліметтерді көрсету керек:
- Науқастың аты - жөні;
- Науқастың жасы;
- Диагнозы;
- Ауырған күні;
- Материалды жинаған күн;
- Материалға сипаттама;
- Антибиотикті қолдану (күні,мөлшері);
- Материалды жинаған медицина қызметкерінің аты - жөні, атқаратын қызметі;
Материалды арнайы адам арнайы көлікпен жеткізеді.
\-33-
Достарыңызбен бөлісу: |