СТАНДАРТ
Мұзды мұйық қою
Әзірле: Мұзды мұйық, орамал.
Алгоритм әрекеті:
Мұзды мұйықты алып, оның тығынын аш.
Мұйықтың ішіне жартылай мұз салып тығынын жап.
Мұйықтың тығынын тексер.
Мұйықты орамалмен ора.
20 мин-қа ауырған жерге қой, 30мин. кейін ауыстыр.
Залалсыздандыру жұмысын жүргізіңіз.
-40-
СТАНДАРТ
Құсық кезіндегі науқасқа көрсететін көмек
Әзірле: леген, алжапқыш, сүлгі, лоток, стакан, су.
Алгоритм әрекеті:
1.Егер науқастың жағдайы көтерсе, оны отырғызып, алдына
клеенка алжапқыш кигізу керек.
2.Жанына леген болмаса шелек қояды.
3.Науқас құсқан кезде алақанымен басып маңдайын ұстау керек.
4.Құсып болғаннан кейін аузын сумен шайып, бетін орамалмен сүрту керек.
5.Дәрігер келгенше құсықты сақтау керек.
Ескерту:Егер науқас уланған болса, құсықты дәрігердің нұсқауы
бойынша таза банкаға жинап, жолдама толтырып,
лабораторияға тексеруге жібереді.
-41-
Достарыңызбен бөлісу: |