Кульбаева Бакит Сагиндыковна


Қашықтықтан оқыту дегеніміз



бет3/5
Дата08.06.2020
өлшемі45,21 Kb.
#72652
1   2   3   4   5
Байланысты:
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Қашықтықтан оқыту дегеніміз – оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыруда компьютерлік және ақпараттық технологияларға негізделіп, инновациялық және дәстүрлі оқыту әдіс- тәсілдерін қолдану арқылы, үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп, білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін, күндізгі және сырттай білім алудың негізгі түрі.

Білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқытудың жұмыстары ҚР Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 25 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына» негізделеді [3].

Қазіргі таңда бүкіл әлем халықтарына қатерлі індеттің қауіп төндіруі, елде төтенше жағдай жарияланып, барлық деңгейдегі білім алушыларға оқыту түрлері қашықтықтан оқыту түріне көшірілді. Аталмыш оқыту түріне көшу үшін оқу орны, әр студенттің және оқытушының сапалы желіге қосылуы және телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтарының, оқу- әдістемелік және оқу- әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет- порталының және оқыту контентін басқару жүйелерінің болуы қажет. Сонымен қатар тиісті дайындықтан өткен профессор- оқытушы, оқу- көмекші және техникалық персоналдар, мультимедиялық сыныптар, электрондық оқу залдарымен қамтамасыз етілуі қашықтықтан оқыту процесін жүргізуде маңызды.

Қашықтықтан білім алудың тиімділігі:



  • оқу орында отыру міндетті емес, кез- келген жерде, ыңғайлы уақытта қызметте жүріп, қалаған білімін алуға;

  • жаңа технологияларды пайдалануды дағдыға айналдыра отырып, жер шарының кез- келген жерінен ақпарат алуға, әріптестерімен сұхбаттасып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді;

  • білім алушылар әлеуметтік, физиологиялық даму және материалдық жағдайларына қарамастан тең дәрежеде білім алуға болады;

  • оқылған материалдарды меңгеру барысында білім алушылардың өз бетімен ізденуіне, шешім қабылдауына, білімді игеріп, қорытындылауына және өздік дамуына мүмкіндік туғызады.

  • шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігі бар.

Орта және жоғары оқу орындарының негізгі мақсаты студенттердің өз бетімен жұмыс жасау, яғни мәселе туғызу, ойлау, оның шешімін табу, әдебиет көздерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және іскерліктерін, ізденімпаздықтары мен танымдық қабілеттерін дамыту. Жалпы жоғары білім беру стандартында кредиттік жүйе бойынша аудиторияда өткізілетін сабақтармен қатар өзіндік жұмыстарға бөлінген арнайы сағаттар бар екені белгілі. Бұл уақытта орындалған тапсырмалар оқытушымен бетпе – бет тексеріліп, ескертулер айтылады. Ал, қашықтықтан оқыту барысында алған теориялық, практикалық білімдеріне және өзіндік тапсырмалардың орындалуы мен сапасына тікелей білім алушы өзі жауапты.

Жоғарыда айтып кеткендей, қашықтықтан оқыту кезінде тыңдаушылар қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темпте өз бетінше жұмыс негізінде білім алады [4]. Осы жағдайды ескере отырып, тыңдаушылар өзіндік жұмыстың технологиясын меңгеру арқылы қашықтықтықтан оқытудың негізгі үш технологиясы бойынша білімін өз бетімен толықтыру жүзеге асырылады. Олар: желілік технология, кейс- технологиялар және ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет