Кульбаева Бакит Сагиндыковна


Kulbaeva Bakit Sagindykovna



бет2/5
Дата08.06.2020
өлшемі45,21 Kb.
#72652
1   2   3   4   5
Байланысты:
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Kulbaeva Bakit Sagindykovna

Candidate of pedagogical science, Associate Professor of Baishev university

Baishev university

Aktobe city

Kulbaeva_1972@mail.ru
Komarova Dinara Tursunkhanovna

Master, senior teacher of the department of pedagogy and psychology.

Baishev university

Aktobe city

kdt2009@mail.ru
POSSIBILITIES OF ORGANIZATION OF INDIVIDUAL WORK DISTANCE LEARNING TECHNOLOGY IN EDUCATION SYSTEM
Annotation. The article considers the possibilities and the ways of organization, features and rationality of distance learning technology in the education system. In addition, the advantages and disadvantages of the organization of distance learning are analyzed .The requirements for the teacher in the formation and organization of independent work and the quality and consistency of the process depend on the quality and availability of networks, computers, electronic textbooks and audio-visual aids, telecommunications.

Keywords: education system, distance learning, new technologies, independent work, video lessons, video conferences (webinars), electronic textbooks

Қазір білім мен техниканың, ғылым мен жаңа технологиялардың көз ілеспес жылдамдықта қарқынды дамып жатқан уақытында қашықтықтан оқытудың да маңыздылығы артып отыр. Білім беру жүйесіндегі қашықтықтан білім беру технологиясының ең негізгі мақсаттарының бірі –бекітілген оқу бағдарламасы бойынша, білім берудің ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушыларға, студенттерге, мүмкіндігі шектеулі және жұмыс бабымен жұмыстан шығуға мүмкіндігі болмайтын тұлғаларға білім алуға, білім деңгейінің дәрежесін жоғарылату мен жағдай туғызу. Қашықтан оқытудың алғы шарттары және Жастарға білім берудегі орны туралы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында анық көрсетіліп отыр [1].

Қазіргі білім алушылар жаһандану заманындағы ақпараттық ұрпақ, яғни интернет желісін, телекоммуникацияны, компьютерді пайдалану арқылы электрондық оқулықтарды, бағдарламаларды игеру, тапсырмаларды орындау күнделікті әдетке айналған тіршілік белгісі болды. Қашықтықтан оқыту- қазіргі технологияның дамуы барысында тез ақпарат алудың негізгі құралы болып отыр.

Қашықтықтан оқыту оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыруда он жылдықтан бастап қолдануға ене бастады. Дегенмен пайда болу тарихына үңілсек, 1700 жылдарға барады. 1728 жылы ағылшын Калеб Филипс стенографияны үйретуде елдің студенттерді хат алмасу арқылы оқытатындығын Бостон газетінде жариялаған. Бұдан біз қашықтықтан оқытудың алғашқы түрлерінің ертекте қолданысқа енгендігін көреміз. 1840 жылы Иссак Питман өзінің сабағын хатпен оқушыларға салып отырған. Ал, Ч. Тусен мен Г. Ланченштейдт 1856 жылы Берлинде хат арқылы студенттерге оқу тапсырмаларын, бақылау жұмыстарын жіберіп оқытатын сырттай оқу формасы қолданылатын институт ашты. 1874 жылы Айзек Питман хат арқылы оқыту бағдарламасын ұсынды. 1892 жылы АҚШ алғашқы болып Чикаго университеті қашықтықтан оқыту бағдарламасын пайдаланып оқытты. 1906 жылы Балтиморда бастауыш мектептер қашықтықтан оқытуды бастады. Уақыт өте келе, 1922- 1934 жылдар аралығында радионы пайдаланып оқыту Пенсильвания мемлекеттік университетінен бастау алып, Айова мемлекеттік университетінде жалғасын тапты. Телекоммуникация дами келе, АҚШ және Европа университеттерінде теледидар, телефон арқылы оқыту түрлері де қолға алынды. 1969 жылы Англияда Ашық университет (Open University) ашылып, қазіргі таңда 200 000-нан астам студеттер елдің түкпір- түкпірінен қашықтықтан оқыту бағдарламасы негізінде білім алуда [2]. Тарихы тереңде жатқан оқытудың бұл түріне қазіргі таңда сұраныс күн сайын артып тұр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет