Батыс-Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Новопавлов ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Батыр Баян
Поэмасы
«Батырлық дегеніміз- жан дүниенің ұлы қасиеті”
Келмесе, қандыбалақ Батыр Баян,
Баянсыз қанатымды қалай жаям?
Абылай
(поэмадан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
Мағжан Жұмабаевтың
«Батыр Баян» поэмасындағы
тарихи оқиғаларды зерттеу арқылы
Баян,Абылай,Ноян, қалмақ қызы
бейнелерін ашу
Проблемалық сұрақ:
Поэмада қазақ халқы тарихындағы қай кезең суреттеледі?
Жауабы:
ХҮІІІ ғасыр қазақ халқының қиын – қыстау заманы болды. Жоңғар шапқыншылығы елді қатты күйзіліске ұшыратты. 1723 жылғы қайғылы да қасиретті “ Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама” оқиғасы елдің еңсесіне батты. Қазақ елі бытыраңқылыққа ұшырады.
1.Шығарманың композициясы:
Шығарманың басталуы
Шығарманың байланысы
Шығарманың дамуы
Шығарманың шиеленісуі
Шығарманың шешімі
Ноян да сол сұлуға-тәтті балдай
Мөлдіреп қараушы еді көзі талмай
Мас болып, дене түгіл, жаны елжіреп
Жұтқандай сол сәулені демін алмай
Жас Ноян қызды көріп от боп кетті
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті
Жер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті
Жас Баян жауды талай көрген еді,
Сорғалап сұңқардайын төнген еді.
Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап
Сан қолға аш бөрідей кірген еді.
Абылай хан
1711-1781 жж
Батыр Баян
1704-1757 жж
Мағжан Жұмабаев
Заманның дара тұлғалары
Өмірбаяны
Туған жері
Шығармашылық
жинақтары
Шығармашылығы
Қызметі
НОЯН
Қалмақ қызы
Пікірталас сұрақтары
1. Баянның інісін өлтіруіне не себепкер болды? Ноянның сатқындығы ма, әлде қалмақ қызына деген өзінің махаббаты ма?
2. Мағжан Жұмабаев өз поэмасында неге Баянға Ноянды өлтіртті? Ақын осы арқылы не көрсеткісі келді?
Не себептен Мағжан Жұмабаев өзінің поэмасында Баяның қолымен
інісі- Ноянды (Қыстаубай) өлтіреді?
Батыр Баянның інісін өлтіруі дұрыс па ? Бұрыс па ?
RAFT
Роль - Қалмақ қызы
Аудитория - Баян
Форма - хат
Тақырып – кешірім
RAFT
Роль - Батыр Баян
Аудитория - Ноян
Форма - әңгіме
Тақырып – өкінген іс
Ауқымды сұрақтар
1.Егер сіз Баянның орнында болсаңыз, не істейсіз?
2. Поэмада Баяннан кеткен қателік?
3.Егер екі жасты Баян өлтірмесе олардың өмірі қалай болар еді?
4.Шығармадағы ар-намыс мәселесі қалай көрініс табады?