дoбpый кoнь; cepый вoлк; кpacнaя
66
дeвицa; дoбpый мoлoдeц, сондай-ақ сөз тіркестері: пиp нa вecь миp; идти кудa
глaзa глядят; буйну гoлoву пoвecил; ни в cкaзкe cкaзaть, ни пepoм oпиcaть;
cкopo cкaзкa cкaзывaeтcя, дa нe cкopo дeлo дeлaeтcя; дoлгo ли, кopoткo ли…»
т.б.
Барлық ертегілердің бастауы болған
«
тридевять земель, в тридеcятом
царcтве»
тіркесі тек ертегінің басталуында қолданылады. Бұл тіркес шығу
тарихы бойынша өте ерте заманғы ертегілерде әдеттегідей барлық жұртқа
таныс ертегіге тән басталу түрінде пайдаланылады. Дегенмен бұл тіркестің
өзіндік мәні бар, яғни бұл тіркестің астарында ертегілік оқиғалар болатын
жерлердің арақашықтығын білдіруді меңзеу бар екендігіне аса назар
салынбайды. Дәлірек айтқанда, ертегідегі көрсетілген кеңістікке дейін жүруге
қанша мерзім қалғанын, қанша уақытта жететіндігін, айтарлықтай қашықтықты
астарлы түрде нұсқау бар. Үшті тоғызға көбейткенде (три *девять) – 27 саны
шығатыны белгілі. Олай болса, жиырма жеті күндей жол жүру дегенді
білдіреді. Ал уақыт аралығы байырғы күнтізбе бойынша бір ай мезгілді
көрсетеді екен. Демек, осынша уақыт жаяу жүру деген мағынаны білдіріп тұр.
Бұл тіркес қазақы танымдағы
айшылық алыс жер
дегенмен мәндес келеді.
Аталған тіркестен ертегілік категориясының хронотопын байқау қиын емес.
Араб ертегі дискурсы мәтіндерінің соңында қайталанатын, шағын
құрылымды тіркестер жиі қолданылады: «
Олардың ісі осылай болды, бізде де
солай болды» деп аяқталады». «Егер біз шындықты айтқан болсақ, онда
нағыз шыншыл—Аллаһ!». «Ооо, тыңдаушылар! Сіздерге Аллаһ жар болсын!»,
«Егер сізді шаршатсақ, кешірім өтінеміз. Сіз бізді сыйладыңыз
!», «
Осымен
ертегі де аяқталды, шынашақтағы жара да жазылды
». Араб ертегілерінде
«
эх, менде жүзім болса ғой, тыңдаушыларыма таратар едім
!», ناطلسلاِنباِجوزت"ِ
رمخلاِ برشوِ فافزلاِ مهعمِ تنكوِ ةاتف «
мен сұлтанның баласының үйлену тойында
болдым және шарап іштім
» немесе «осы ертегі сияқты, ұзақ та бақытты өмір
сүріңдер!» !نوعمتسملا مكل،اهيأ قيفوتلا لك т.б. деген грамматикалық құрылымдарды
кездестіруге болады [109, 18].
Ертегі дискурсында мәтіннен мәтінге көшіп жүретін грамматикалық
құрылымдар жиі кездеседі:
Клишелік суреттеулер – «Жалғыз көзді жалмауыз кемпір» «Бaбa-Ягa,
костяная нoгa» («Баба-Яга и жихарь» ертегісі ); арабтың «Аладдин» ертегісінде
алып жынды былайша бейнелейді.
ثمِهيعارذوِ،ِةبقلاِلثمِهسأرِناك.نيدلاِءلاعِمامأِةلئاهِةناكمِهلِبيهرِينجِرهظوِ،ِضرلأاِتدعتراِةأجف
ِل
لثمِهانيعوِ،ِفهكلاِلثمِهمفوِ،ِقيرطلاِبناجِىلعِةدمعأِلثمِهاقاسوِ،ِةارذم
ِ
ررشلا
(жер астынан
алып жын шықты. Кеудесі күмбездей, көздерінен от шашқан, ауызы үңгірдей...)
Тұрақты клишелік жөн сұрасу немесе астарлы түрде сұрақ қою – «кудa путь-
дopoгу дepжишь», «вcтaнь кo мнe лицoм, к лecу зaдoм» және т.б.(«Баба-Яга»
ертегісі); «
Кендебай жетіп келіп: Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен
жансың? - деп сұрапты» (
«Керқұла атты Кендебай» ертегісі
).
Әрекет пен әрекет орнын клишелік суреттеу: «Қаратудың қойнында,
Қарасудың бойында», «нa кaлинoвoм мocту, нa peкe cмopoдинoвoй»;
пepeмeщeниe гepoя нa «кoвpe-caмoлётe»; «Ұшқыш сандық» ертегісіндегі
.اياوزلاِىدحإِيفِلمهمِقودنصِىلعِسلجفِ،امومهمِرادلاِءانفِىلإِجرخِنزحلاِهيلعِىلوتساِاملو
67
ескі сандықтың ойламаған жерден ұшып, әдемі патшалыққа қонуы сияқты
оқиғалар кездеседі.
Ертегі
дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің грамматикалық
деңгейіне айтылымның типтік формаларының болуын, грамматикалық
құрылымдардың қайталанып келуін, ертегілік категорияның хронотоп
белгілерінің жиі кездесуін жатқызуға болады.
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің семантикалық белгілерін
анықтауда ертегі дискурсының астырт және үстірт құрылымына үңілген дұрыс.
Барлық халықтарда ертегінің композициялық құрылымы В.Я. Проппың
«Морфология сказки» еңбегінде атап көрсеткеніндей отыз бір түрлі функцияға
сәйкес болып келеді. Ертегі дискурсының дискурстық тәжірибесінде кездесетін
оқиғалар барша ұлттарда дерлік бірыңғай басталып, ертегідегі әрекет жасаушы
кейіпкерлердің іс-әрекетіне сәйкес, қызмет түрлері де ұқсас болып беріледі.
Айталық, бас кейіпкердің белгілі бір оқиғамен байланысты өмірге келуі,
болашақ жарын немесе ата-анасын, бауырларын іздеу мақсатында алыс сапарға
аттануы, оған қойылатын тыйым, сол тыйымға тоқтамай оны керісінше жасау
әрекеті – барлығы ертегі дискурсының үстірт құрылымынан көрінеді. Ал әр
этностың өзіне тән ұлттық сипатын ертегі дискурсының астырт құрылымы
арқылы көруге болады. Астырт құрылымынан түрлі елдердің халық ертегісінің
сюжетінен сол халықтың таным-түсінігін, өмірлік тәжірибесін беру мақсатында
қолданылған ұлттық кодты беретін тілдік бірліктерді, мәдени маркерлерді
көреміз. Осындай мәдени маркерлер арқылы этностың ерекшелігі, мәдениеті,
танымы, дүние бейнесі айқын көріне бастайды. Мұндай тілдік бірліктер нақты
бір тілге қатысты прецедентті ұғымдар, мәдени кодтар, жалпы есімдер немесе
сан есімдер түрінде берілуі ықтимал. Олар алынып отырған ертегінің құпия
кодталған элементі болуы да мүмкін. Осындай жайттарға орай, ертегі
дискурсының оқиғасының астырт құрылымындағы мәдени-танымдық мәлімет
әр ұлтта түрліше жеткізіліп жатады. Сөйтіп, ертегі дискурсында ұшырасатын
кісі аттары, жер-су, жан-жануар т.б. атаулар, прецедентті ұғымдар, сандарға
қатысты бірліктер және т.б. бөлек бір менталды құрылымды жүйелейді және
этностың ұлттық ерекшелігін нақтылай отырып, ертегі дискурсының астырт
құрылымында бекітіледі. Мәселен, қазақ ертегі дискурсында ұшырасатын
жалқы есімдер: «Төстік», «Кенжекей», «Керқұла ат», т.б. бұлайша аталу
себептері жоқ емес. Ер Төстіктің ата-анасы «керулі тұрған кер биенің төс етін
жегеннен кейін дүниеге келуімен» байланысты, әрі мифтік сенім бойынша
дүниеде барлық нәрсенің өз иесі болады деген түсінікке орай, төс етті жеуден
«Ер Төстік», піскен наннан пайда болған бала «Нан батыр» т.б. деп аталса,
қазақ халқында бірінші туған баласын «тұла бойы тұңғышым», соңғы дүниеге
келген баласын «кенже» деп атауына байланысты кенже қыздың есімін
«Кенжекей» деп атаған. Көшпелі қазақ халқы үшін жылқы малының орны
ерекше. Мал баққан елдің мал туралы тәжірибесі де, оған берер сипаттамасы
да мол. Соның бірі ретінде малын санына қарап емес, түсіне қарап түгендегенін
айтуға болады. Қазақ малды қызыл, сары, көк деп сипаттамаған, себебі малдың
түсі бірнеше түстің араласып келуінен пайда болады. Олар: қара ала, шұбар,
маңдайында ақ түс болса,
қасқа немесе құла, көк, ақ түстермен араласып келсе,
68
«бурыл», «шабдар», «баран», «қылаң», т.б. деген атаулармен берілген. Керқұла
деп атануының себебі осындай белгілеріне байланысты алынса керек
.
Орыс
ертегі дискурсында бас кейіпкердің Иван аталуы орыс танымы үшін қалыпты
жағдай. «Иван-царевич», «Иванушка», «Иванушка - дурачок». Иван деген
аттың байырғы еуропалық шығуына байланысты «
Достарыңызбен бөлісу: |