Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет28/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

өзен жағалағанның өзегі талмайды
», «
сулы 
жер – нулы жер
» деген мақалдар тіршілік етуге қолайлы қонысты судың 
бойынан, өзен жағасынан іздеген. Бұған дәлел ретінде қазақ ертегі дискурсында 
кездесетін 
судың бойында, өзен жағасында
т.б. тіркестерді айтуға болады.
Фразеологиялық бірліктер
: ат басындай алтын (
Бай жалмауыз кемпірге: -
Ат басындай алтын берейін, қоя бер, – дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді

[92] («Алтын сақа ертегісі»), құралайды көзге атқан мерген («
Аң аулап, әкесіне 
жәрдемдесіпті, бара-бара құлан алыпты, құралайдың көзінен тигізген мерген 
болыпты, арқар мен киікті құлан мен маралды мая-мая үйіп тастапты
»), 
«көзді ашып, жұмғанша, алты қырдың ар жағы» [97] («
Кендебай Керқұланы 
құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша жөнелген құланды көзді 
ашып-жұмғанша қуып жетіп, құйрығынан ұстайтын болыпты
», аузымен құс 
тістеген («
Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен 
жүйрік болыпты
» [97] (Керқұла атты Кендебай), темір етіктен теңгедей, темір 
таяқтан тебендей қалу [91] («Ер Төстік» ертегісі), видом не видало, слыхом не 
слыхало («
Не знаю, голубчик! Видом ее не видала, слыхом про нее не слыхала» 
[96] (
«Заколдованная королевна» ертегісі)
,
три девять государство (
В 
некотором царстве, за тридевять земель – в тридесятом государстве жил-
был сильный, могучий царь [96] 
(«Жар-птица и Василиса-царевна» ертегісі), 
араб тілінде «Аладдин», «Әли баба және қырық қарақшы» ертегісінде
«темірді салқындай ұру» - «دراب ىف ديدح برض» 
«қатты қорқу» - «
ِىف
هدلج
تام» 
«із түзсіз жоғалу» - «
ِسمٔاك
رباد
بهذ» 
«ол ешқандай зиян келтірмейді» - «
ف
ت
يلا ودعلا
يرز
أ
لا» тәрізді тіркестерді [93] 
мысалға келтіруге болады.
Ертегі дискурсында мәдени айырым белгілерді білдірудің негізгі 
лингвистикалық құралдары 
мақал-мәтелдер
түрінде, сондай-ақ коннотациялық 
лексика түрінде беріліп отырады. Мәселен, «Бетегеден биік, жусаннан аласа» 

Кемпір алдана бергенде, мен бетегеден биік, жусаннан аласа бола берейін, 
сол кезде сен егеуді іліп ал да жөнел, артыңа қараушы болма, - дейді» [91] 
(«Ер 
Төстік» ертегісі), 
«Кедейдің бір тойғаны шала байығаны» – деп өмірлерінде 
тұңғыш рет бас қосып отырып, асты еркін бір ішісіпті»
[93] («Пиғылсыз 
байдың сазайы» ертегісі), «
Жамандықты тауып алды да, «Жақсылыққа – 


61 
жақсылық, жамандыққа – жамандық деген осы екен», – деп үшeyi оны жеп 
қойды
» [93] («Жақсылық пен жамандық жолдас болған» ертегісі), «
Баласы 
мен келінін көрген кемпір риза болып,
«
Әкесі жетпегенге баласы жетеді» 
дегеннің керін келтіріп, қуаныштан көздерінің жасын төгіп көріседі
» [93] 
(«Ұшар ханның баласы» ертегісі), «
Сонда жолдан кез болған адам айтыпты: 
«Тәуекел, қона берейік, осы сайдан болатын пәлені мен көтерейін», – депті. 
Мұны есіткен соң Махмұт та: «Үлкеннің тілін алған азбайды деген, қонсақ, 
қонайық!» – депті» [95] 
(«Арзы саудагер» ертегісі). 
 
«
Сказка ложь, да в ней намек добрым молодцам урок
», «
ни в сказке 
сказать, ни пером описать
» [104] («Иван царевич и серый волк» ертегісі), 
«Ложись с богом спать, утро вечера мудренее» 
«ни вздумать, ни взгадать, 
только в сказке сказать»
[96] («Мудрая дева» ертегісі), « ئش لك
ِ ًكدقفي اعامط 
لا
ِ
نكت »
[94] яғни, азға қанағат етпесең, көптен құр қаласың («Әли баба және қырық 
қарақшы» ертегісі).
Көнерген сөздер
:
асулы мосы
(қостарда арнайы қазан, шелек, т.б. іліп 
астына от жағатын темір ошақ түрі) [105, 599]., 
ілулі бақыр
(сыйымдылығы 1-2 
литр болатын темір шелек, ожау. Көне түркі тілінде мысты, жезді
 
ыдысты 
бақыр деп берген [105, 103]. Мысалы, «
Қосқа кірсе, асулы мосы, ілулі бақыр 
тұр. Бақырдың іші піскен етке толы екен» («Ер Төстік» ертегісі
), 
қыл бұрау
(асау малды жуасыту үшін немесе ен салып, емдеу үшін тұмсығын қатты бұрап, 
қимылдатпауға қолданылатын жылқының қылынан есілген құрал) [105, 555]. 
Мысалы, «
Биені жығып, төрт аяғын буады да, қыл бұрау салып, тақымын 
бұрайды. Тақымы бұралған соң, бие қатты шыңғырады» («Ер Төстік» 
ертегісі
), 
зындан -
نادنز, (парсы тілінде зындан деп аталатын жерасты түрмесі) 
[105, 348]. Мысалы, «
Баяғы қойшы баланың әке-шешесі де осы ханның 
қолында. Олар терең зынданда жатыр. Зынданның аузы құлыпты. Оның кілті 
қолға түспейді
» [97] («Керқұла атты Кендебай» ертегісі), 
діллә - ежелгі ақша 
бірлігі, шаһар - қаланың ескі атауы 
[105, 213 ].
Мысалы, «Мысыр шаһарының 
бер жағында бір шаһар бар. Киіктің тағын істесе, сонда істейді, баланың 
қолына мың діллә беріп, соған жібер, — дейді». Мысалы, «Ханға апара 
жатқанда, ханның үйінің жанында уәзір көреді де: – Мұныңды ханға апармай-
ақ қой, маған сыйлап кет, — дейді» [95] 
(«Күн астындағы Күнікей қыз» 
ертегісі)
, тақ - ханның отыратын орындығы 
[105, 775]
, кездік 
– мүйізбен 
сапталған жеті елі пышақ [105, 375]. Мысалы, «...қолыңдағы кездікпен түртіп 
қалсаң, лезде ет піседі,- дейді» [95] («Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісі)

қанжар -
 қару. Екі жүзі бар, кесу-түйреу арқылы жарақат салады. Қоладан, 
темірден, мыстан, болаттан соғылады [105, 472].
Мысалы, «Кендебай алмас 
қанжарымен биенің қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты», алтын 
кебіс. 
Мысалы, «
Аққулар ұша жөнеледі. Кендебайдың қолында біреуінің алтын 
кебісі қалып қояды
» [97] («Керқұла атты Кендебай» ертегісі), 
егеу
-
металл кесетін аспап [105, 126]. Мысалы, «
Менің қалтамда Төстіктің
садағының ұшын шығаратын егеуі бар. Төстік онсыз жүре алмайды» [91] («Ер 
Төстік» ертегісі
).


62 
Үй-жайға қатысты лексикалық бірліктер
: «
шаңырақтағы ілулі төстікті 
көреді». «Үлкен қоңыр үйдің тұсына келіп, мейман болатындығын білдіреді. 
Үйге кірсе, керегенің басында сегіз сырға ілулі тұр екен, соны көрген соң, 
Ерназар еңкілдеп жылай бастайды. Үйдің бәйбішесі Ерназардан: 
- Неге жыладың? — деп сұрайды. 
 - Жылаған себебім: тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп жүрген 
адаммын, тоғыз ұлымның бір әке-шешеден туғаны сияқты, тоғыз келінімнің 
де бір әке-шешеден туған болуын іздеп жүрген адаммын. Керегенің басындағы 
көп сырғаны көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім, санасам, 
біреуі кем екен, соған жылап отырмын, - дейді Ерназар. 
-
Ендеше жылама, тағы біреуі бар, әне тұр, - деп бәйбіше тұсбақаннан 
тағы бір сырғаны алып келеді» [
91,7
].
«
Всю ночь ткала и выткала ковер
какого в целом свете не видывали: на нем все царство расписано, с городами и 
деревнями, с лесами и нивами, и птицы в небе, и звери на горах, и рыбы в морях; 
кругом луна и солнце ходят
...» [98] («Поди туда – не знаю куда, принеси то – не 
знаю что» ертегісі), «
Царь дал ему и припасов, и напитков, и палатку с 
золотою маковкой» [96] (
«Жар-птица и Василиса- царевна» ертегісі). 
Реалий сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет