125
Қазақ, орыс араб ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерін
салғастырмалы талдау аталған лингвомәдени қауымдастықтарға
тән бірқатар
айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Қазақ, орыс және араб ертегі
дискурсына тән айырым белгілер (Сурет 6, 7, 8) төменде беріледі.
128
Жүргізілген
зерттеу қазақ, орыс және араб ертегі дискурсының ұлттық-
мәдени әлеуетке ие екендігін көрсетеді.
Онда халық жасаған рухани,
әлеуметтік, мәдени т.б. ұлттық ерекшеліктер көрінеді. Ертегі дискурсының
міндеті тұрмыстық мәдениетті қайта құру емес, онда кең таралған ұлттық салт-
дәстүр бейнеленеді. Сондықтан
ертегі дискурсын ұлттың
қалыптасуының
алғашқы кезеңдеріндегі адамдардың күнделікті өмірі туралы ақпарат көзі
ретінде қарауға болады. Қазақ, орыс және
араб ертегі дискурсының
айырмашылығын біз анықтаған лингвомәдени өлшемдерден,
яғни тілдік,
когнитивтік-коммуникативтік, қарым-қатынас стратегиясынан анық көруге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: