Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет40/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

айшылық жол екен. Құбахан жалғыз ұл көреді, ұлының атын Тотан қояды»
деп «Қаратау», «Қарасу», «Қазанқап», «Құбахан» деген секілді нақты жалқы 
есімдер көрінетін жерлері де кездесіп отырады. Осымен бірге 
«Ертеде бір бай 
болған екен, төрт түлігі сай болғн екен, бір перзентке зар болған екен»
немесе
 
«Ертегім ерте екен, ешкі жүні бөрте екен, ерте заманда бір аңшы болған 
екен» 
деген секілді уақыты мен оқиғаның өту орны нақты көрсетілмеген 
жағдайлар да жиі кездеседі. Араб ертегілерінде уақыт нақты көрсетілмесе де, 
оқиғаның өту орны нақты айтылады. Қадым заманда Парсының бір елінде –
ِ ِس ْر فلا دلاِب ِْنِم دَلَب يِف ، نام َّزلا ِِميِدَق ِ
يِف ناك 
Халық ертегілерінің уақыты ол да нақты емес: «аз жүрді ме, көп жүрді ме» 
– «долго ли, коротко ли», «қанша өзен тасыды, қаншама су ақты» – «много 
воды утекло», «много ли, мало ли» – «аз ба, көп пе», «жил да был» – «ерте, 
ерте, ертеде», « ما لأا َِنِم َِم ْوَي يف و » және т.б. Сондай-ақ, қиял-ғажайып ертегінің 
уақыты әртекті түрде дамып отырады. Мысалы, не өте баяу («лежит тридцать 
три года») немесе өте жылдам («не по дням, а по часам», алты күнде жүріпті, 
алпыс күнде сөйлепті).
Ертегі дискурсындағы қаһарманның әрекеті уақыт пен кеңістіктен тыс 
болып жатқандай елестейді. Айталық ертегі дискурсындағы белгісіз хронотоп 
ертегінің басталған беттен байқалады. Ертегінің бас қаһарманның белгісіз 
мерзімде, яғни «күндердің бір күнінде», «алты айшылық жерге» аттануынан 
басталып, «ай жүрді ме, күн жүрді ме белгісіз» мерзімде қиындықтарды жеңіп 
оралғанда қайтадан бәз баяғы жас күйіне келуімен аяқталады.
Айтылып отырған ертегі сюжетіндегі оқиғалардың бірізділігі мен баяндалу 
тәртібі бірден бір кеңістік пен уақытқа бағынады. Орыс ертегі дискурсындағы 
елеулі ерекшелік – ол ертегілік оқиғадан уақыт пен кеңістіктің қалыс қалуы. 
Онда ертегінің басталуының екі түрі байқалады: 
- ертегінің оқиғалық желісінде басталуы анық болмайды да, әрекет етуші 
тұлға бірден аталып кетеді («
Жили в одном селе старик да старуха», «Жил-был 
царь с царицею», «Жила в одной деревне крестьянка, вдова
»); 
-
Ертегі дискурсының кеңістігі нақты атпен берілмейді («
В некотором 
царстве, в некотором государстве», «За тридевять земель, в тридесятом 
государстве
»). 


78 
Орыс ертегісінде әрекет етудің уақыты мен орны өте сирек кездеседі. Ол 
орыс ертегілерінде жинақтық мәнге және жалпы сипатқа ие екендігіне тағы бір 
мысал келтірсек, «
Прошло срочное время», «отслужил солдат службу», «Ехал 
как-то», «В старые годы», «В стародавние времена
» - деп жалпылама сипат 
түрінде беріліп өтеді. Ертегі дискурсындағы тыңдаушысын қызықтыратын 
шытырман оқиға, ақиқат шындықтан алшақ қиялдың көрініс беруі ертегінің 
басынан аяғына дейін айқын түрде баяндалады. Ертегі дискурсындағы 
хронотоптың бұлайша белгісіз болуы, жоғарыда атап кеткеніміздей, ертегілік 
категориясына тән қасиет екендігінің белгісі. Ертегі дискурсындағы бұл 
өзгешелік уақыт пен кеңістіктен гөрі ертегі дискурсына қатысушы тілдік
тұлғаның, яғни бас қаһарманның, көмекшілері мен қарсыластарының 
әрекеттерін көрсету ертегі оқиғасының одан әрі дамуы үшін пайдалы екендігін 
байқауға болады.
Ертегіні зерттеуші ғалымдар В.Я. Пропп, Е.М. Мелетинский және басқа
зерттеушілердің анықтағанындай қиял-ғажайып ертегілердегі кеңістік анық 
түрде берілмеуіне орай, доминант лексемалар арқылы да жеткізілетіндігін 
жазады:
- «царство»: «
Тридесятое царство», «Неведомое царство», «Подводное 
царство», «Подземное царство», «Змеиное царство»

- «королевство»: «Тридесятое королевство», «Иноземное королевство»; 
- «государство»: «Тридевятое государство», «Подсолнечное государство» 
[114, 119]. 
Қазақ ертегі дискурсын алып қарастырсақ, онда оқиғаның орындалу 
кеңістігі ішінара болса да ұшырасып қалады. Оған жоғарыда келтірілген 
мысалдарымыз дәлел бола алады. Мысалы, 
«Ертеде, ерте-ертеде, ешкі 
құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір 
кедей болыпты».
«Ер Төстік» ертегісіндегі оқиғаның өту орындарының– «
Сорқұдық»
, жер 
асты патшалығы – «жылан 
Бапы хан елі»
, сияқты бірнеше топонимикалық 
атаулар сирек те болса ұшырасып, олар оқиғаның өту кеңістігі туралы мағлұмат 
таратады. 
Осы аталғандармен қатар ертегі дискурсындағы белгісіз хронотоптың 
тағы бір айырмашылығы ертегі кейіпкерлерінің қаншама уақытты араға сала 
отыра, уақыттың ағымына бағынбастан, жастық кейпіне қайта орала алуы. Бұл 
айрықшалық үш халықтың да ертегі дискурсында ұшырасады. Ертегінің соңы 
бақытты болып аяқталуы және ұзақ, әрі бақытты ғұмыр кешуі бейнеленеді. 
Бұндай құбылысты ертегі кейіпкерінің уақыт ағымынан мүлдем қатыссыз 
орналасуымен түсіндіруге негіз бар. Яғни, оқиғаға қатысушылар үшін (бас 
кейіпкер, адресант, адресат, басты кейіпкердің көмекшілері мен қарсыластары, 
т.б) дискурстық уақыт түрлі ағымда өтіп отырады. Ертегі дискурсындағы уақыт 
аралығы айтарлықтай ұзақ болады. Дегенмен, бұны елеместен кейіпкерлер 
жасында өзгеріс болмайды. Мысалы, «Иван-царевич и белый полянин» атты 
орыс ертегісінде «.... 
Долго ли, коротко ли, низко ли, высоко ли – скоро сказка 
сказывается, да не скоро дело делается – приехал он в царство змеиное, убил 
царя-змея, освободил из неволи прекрасную королевну и женился на ней; после 


79 
того воротился домой и стал с молодой женою жить-поживать да добра 
наживать
» деген тілдік бірліктер арқылы жеткізілсе, қазақ ертегі дискурсында 
«Ер Төстік» пен «Кенжекей сұлудың» ортаға қаншама уақыт өткеннен кейінгі 
кездескен жерінде «....
бәрі де баяғыдағы айырылған күндегі қалыптарына 
келіп, қайтадан жасарады. Ер Төстік жас жігіт, Кенжекей жаңа түскен 
келіншек, Шалқұйрық бесті ат қалпына келеді. Одан кейін ұзақ жылдар өмір 
сүріп, мақсаттарына жетеді
» деген жолдар айғақ. 
Ертегі дискурсындағы ертегілік категориясының кеңістік пен уақыттан 
көрінуі басқа көркем шығармаларға қарағанда айтарлықтай ерекшеліктері бар 
екендігін байқадық. Ол ерекшеліктер ертегі дискурсында белгісіз хронотоптың 
ақиқат болмыстағы географиялық кеңістік пен шынайы мерзімнен 
қашықтатылып көрсетілуінен, ертегідегі әрекет ету уақыты белгісіздігінен
нақты шегінің болмауынан, ал әрекет ету орны жинақтық, әрі жалпы сипатта 
болуынан хабар береді. 
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің семантикалық деңгейі 
мәдени кодтардан, мәдени маркерлерден, символдардан, олардың астырт және 
үстірт құрылымдарындағы мағыналарынан көрінетіні анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет