89
Ертегі дискурсындағы ертегіші мен тыңдарманның арасындағы қарым-
қатынас стратегиясында бата-тілектермен қатар қарғыс мәнін білдіретін сөздер
мен сөз тіркестерінің кездесетіні байқалады. Қарғыстардың да шығу тарихы
алғыстар секілді көнеден келе жатқандығы ертегі дискурсында анық
байқалады. «Мұның себебін адам психологиясының қуану мен ренжу сияқты
көңіл-күйлері кезектесіп отыратындықтан, алғыс пен қарғыс, оң бата мен теріс
бата да жағдаятқа байланысты айтылып отырған» деп түсіндіреді ғалым
Г. Смағұлова [128, 21]. Қарғыс пен алғыстың шығу
тегінің өте ертеде екенін
айта келіп, Ә. Болғанбаев былай дейді: «Бұлардың негізгі идеялары көбіне діни
ұғымдармен тығыз байланысты. Кісінің аузынан шыққан алғысы мен қарғысы
арқылы адам баласының, жан-жануарлардың өмір тіршілігін оңайлатуға немесе
қиындатуға, ұзартуға болады деген теріс ұғымнан келіп туған» [129, 117-121].
Сөздердің мұндай тобы мазмұны жағынан этностың менталды дүниесіне тән
тілдік және тілден тысқары білімдер жүйесінің бар екенін көрсетеді. Бұған
дәлел ретінде ертегі дискурсында кездесетін қарғыс мәнді сөздерді айтуға
болады. Мысалы,
Кемпір Төстікті бұрынғыдан да жаман қарғап-сілейді:
- Қыршыныңнан қиылғыр, Төстік! Менің жалғыз балама әлің жеткенше,
айдалада тентіреп өлген сегіз ағаңның қураған сүйегін тауып алсаң болмай
ма? -дейді.
- «Алда ғана шешек-ай! Өрмегімді үзіп кеттің-ау! Ертеден қара кешке
дейін бүйтіп жар қуалап, торғай атқанша, тентіреп кеткен сегіз ағаңды
тауып алмайсың ба?» - деп қарғап-сілейді
(«Ер Төстік» ертегісі»),
Кешке
жақын өзеннен айдап өткізейін десе, сиырлар суға түспейді. Кендебай,
ашуланып кетіп, сиырларды сирағынан ұстап алып, бір-бірлеп лақтыра
бастайды. Лақтырған сиырлар өзеннің ортасындағы аралға томпылдап
түсіп жатады. Сол кезде ханның кіші қызы судың арғы жиегінде көріп тұр
екен.
- Ой, оңбаған-ау, қырасың ғой малды. Неге күндегідей: «Айрылғырдың
суы, айрыл!» деп айтпайсың?- деп айғай салады. Кендебай: «Айырылғырдың
суы, айырыл» - деп еді, өзеннің суы екіге айырылып, ортадан жол ашылады
(«Керқұла атты Кендебай» ертегісі). Мұндай сөздерді ұғыну үшін тек қана
белгілі бір дәрежедегі
аялық білімі ғана емес, қазақи ұғымы да болу керек.
Белгілі ғалым Н.Уәли: «Сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты көздемейді,
сонымен қатар толып жатқан тілдік амал-тәсілдердің ішінен мағына, стильдік
жағынан аса дәл, бедерлі, ұтымды түрін талғау дегенге саяды»,— деген пікір
айтады [130, 362]. Орыс ертегі дискурсында көңілі толмау мағынасын беруде
кемсіту, мұқату мәнді білдіретін теңеу сөздер қолданылады. Оларды төмендегі
мысалдан көреміз:
«
– Эх ты, старая хрычовка! «Экое диво! -подумал солдат.
Подходит к этой горе и видит – три черта дерутся, кровь с них так и
льется, клочья так и летят!
– Стойте, окаянные! За что вы деретесь?
– Да, вишь, третьего дня помер у нас отец, и остались после него три
чудные вещи: ковер-самолет, сапоги-скороходы да шапка-невидимка, так мы
поделить не можем.