Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет50/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

«Сол арада қараңғылық серпіліп жүре бергенде
сыландаған бір сұлу қыз шыға келеді. Кендебай атынан түсіп қызға қарсы 
жүреді. Қыз мұның бетіне ұзақ қарайды да: 
- Ұзақ жүріп шаршаған шығарсыз, ордама жүріп, тынығып кетіңіз, - дейді. 
Жәдігөй кемпірдің қыз болып қарсы алатынын, оның ордасына кірген кісі 
кері 
шықпайтынын 
Керқұла 
ат 
айтқан 
болатын. 
- Шаршағаным рас. Демалуға қарсы емеспін, бастаңыз, - дейді Кендебай»
(«Керқұла атты Кендебай» ертегісі), 
«- Оны да жасап көрдік, балам. Жауыз 
удан өлмеді. Жұртымызды жұтып тауысатын болды. Қолыңнан келсе, 
көпшілік үшін аянба, шырағым! – дейді шал өтініп. 
— Жарайды! – деп, Бұлдырмерген сауыт-сайманын сайлап, алтын мүйізді 
шалға ілеседі. Олар жердің үсті мен астын жалғастыратын үңгірден өтіп, 
қарттың қаласына барады» 
(«Алтын мүйізді киік» ертегісі), 
«- Айт, айт, 
балам! - дейді хан. 
- Бұдан бірнеше жыл бұрын сіздің жорықшыларыңыз елімізді шауып 
кетіпті, малымызды айдап, қолға түскен батырымызды байлап алып 
кетіпті. Міне, сол батырды босатып әкетпек болып келдім. Бұл - бірінші. 
Екінші жоғым мынау: бір күні малда жүргенімде аспандап ұшқан алты 
аққудың алтын кебісі менің қолымда қалды. Сол алтын кебіс сіздің елдікі 
дейді. Соны табыс еткелі келдім, - деп, Кендебай алтын кебісті ханға 
ұсынады. Хан: 
- Дұрыс, балам! Сіздің елдің малын айдатып, батырын байлатып 
алдырғаным рас. Мергенбай батыр әйелімен екеуі біздің қолда. Зынданда 
жатқан Мергенбай батырға: «Маған қызмет етсең босатам», - деп елші 
жіберіп едім, қарысқан батыр екен. «Жауыма қызмет істемеймін. Бірақ
қол-аяғымды босатсаң, содан кейін сөйлесем», - деп, қарысып жатып алды. 
Босатуға қорықтық. Ондағы мақсат: сені қолға түсіру еді. Сенің атағың 
бізге де мәлім еді. Сені алдыртып, құлынымды қоймайтын қара құсқа 
жұмсамақ едім. Өзім іздеп таба алмаған соң, намысы болса, іздеп келер деп 
еліңді шаптырып, батырыңды байлатып алдыртқан едім. Одан кейін де екі 
жылдай келмедің, содан соң алты қызым сені іздеп барған болатын. Бұл 
менің кіші қызымның кебісі. Енді сенің алдыңа қоятын тағы бір шартым 
бар. Ол мынау: дүниеде жеті басты дәу бар, ақырған арыстан бар
жалмауыз кемпір бар. Осы үшеуін өлтіріп, бастарын алып кел. Осыны 
орындасаң, батырыңды босатып, беремін, малынды өзіңе қайтарамын. Кіші 
қызымды беріп күйеу етемін, - деді» 
(«Керқұла атты Кендебай» ертегісі); 


92 
серттесу: «Төстік жүрерде, Кенжекей Құба інгенге бура шөгереді: 
"Не 
Төстік өлді деген күні, не Төстік келді деген күні шешіл", - деп серт қылады» 
(«Ер Төстік» ертегісі). 
Ертегі дискурсының қарым-қатынас стратегиясында адамның қуану, риза 
болумен қатар ренжу, өкіну, қайғыру сияқты жағымсыз көңіл-күйін 
сипаттайтын жағдаяттардың кездесуін адам табиғатындағы өмір мен өлім, 
жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, қайғы мен қуаныш т.б. оппозициялық 
ұғымдармен түсіндіруге болады. Мысалы, жалыну: «
- Ағарған сақал, шашым 
бар! Қартайып келген жасым бар! Тоғыз келінімді жаңа ғана түсіріп, жаңа 
ғана қызығын көрейін деп отырмын. Қоя бер мені, шешежан, - дейді. 
- Жоқ, - деп кемпір қысып қояды. Ерназардың жаны шығып барады. 
- Тоғыз келін түсіріп, Елдей көшіп келемін. Толып жатқан жасаудан 
Тойғаныңша беремін. Босат мені, шешетай! - дейді. 
- Жоқ, - деп кемпір қысып қояды. Ерназардың жаны шығып барады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет