94
сестра, она знает больше моего; может, она тебе скажет»
(«Заколдованная
королевна» ертегісі), «
Иван-царевич не знает, как ему быть; приходит к своим
сестрам и спрашивает:
– Любезные мои сестрицы!
Что мне делать? Все короли поднялись на меня войною.
– Ах ты, храбрый воин! Чего убоялся? Как же Белый Полянин воюет с
бабой-ягою золотой ногою, тридцать лет с коня не слезает, роздыху не
знает? А ты, ничего не видя, испугался
!» («Иван-царевич и Белый Полянин»
ертегісі). Орыс ертегі дискурсында қолданылатын
қаратпа сөздерге
эскпрессивті-эмоционалды реңк беретін, яғни еркелету, құрметтеу сияқты
сөздер қолданылады. Олар қазақ тілінде қарағым, шырағым, т.б. түрінде болса,
орыс тілінде голубчик, любезные сестрицы, добрый молодец, храбрый воин т.б.
сөздер болып келеді.
Араб тілінің грамматикалық заңдылығында сыпайылықты білдіретін
арнайы қосымшалардың орнына адамның мамандығы, кәсібі қосылып
айтылады. Мысалы, доктор Әли,
ұстаз Хасан, т.б. Сол сияқты араб ертегі
дискурсында да қаратпа мәнді беруде сиқыршы Мұстафа, Будур ханшайым,
тігінші Хасан, саудагер Ахмад т.б. атаулар қолданылады. Дискурсқа
қатысушылардың қарым-қатынас стратегиясындағы сөйлеу әдебін білдіреді.
Мысалы, («Аладдин» ертегісі)
:
ِِدْع َّرلاَك
ِ لاَع
ِ ت ْوَصِب
َِخ َرَص َو
، ِمْس ِجْلا
ِ لِئاَه
ٌِّيِ ن ِج
اَهَماَمَأ
َِرَهَظ
ىَّتَح
ِ لَّمَأَتَي
،اَهِدَيِب
َِحاَبْصِمْلا
ِِتَّكَح
ِْنِإ
اَم َو
؟ يِتَدِ يَسِاَي ، َنيِدي ِر ت اَذاَم ! (ِِك تْبَجَأ)
ِِكْيَّبَل
٬
ِِكْيَّبَل
ِ
لاَعِدْع َّرلاَك
Қиял-ғажайып ертегілердегі оқиға қандай да бір ғажайып құралдар
арқылы жасалып отырады. Қиял-ғажайып ертегінің сюжетінде таңғажайып
құралдар немесе сиқыр күшін қолдану арқылы барлық қиын тапсырмалардың
орындалатынын әңгімелейді. Ертегілер құрылымында міндетті түрде
қатысатын екі буын өкілдері бар. Қартайған ата-ана немесе ерекше болып
туылған бас қаһарман. Олар әдеттегідей сол үлкен буын өкілдерін
іздеп жолға
шығуынан басталып, еліне оралғанға дейінгі аралықтағы уақыт, кеңістік,
ертегілік қиял, оқиғалар – барлығы ертегіге тән әмбебап құрылым бойынша
кезекпен орындалып отырады.
Орыс ертегі дискурсында «в нeкoтopoм цapcтвe», «в нeкoтopoм
гocудapcтвe» тіркестері арқылы ерекшелеуге болады. Орыс халқының қиял-
ғажайып ертегілерінің оқиғалары орыс елінде орындалғанымен, оқиға өткен
жерге назар аударылмайды. Бұған орыс ертегілерінде мүлдем
кеңістік атауы
кездеспейтіндігі дәлел бола алады. Ертегі дискурсының астырт құрылымы –
бұл адамзаттың адамгершілік кейпі, олардың өмірлік, тұрмыстық идеалы
саналатын тұлға жауларымен қоса, жер бетіндегі барша жамандықпен
айқасуынан көрінеді. Жамандықтың образы ретінде жалмауыз кемпір, айдаһар,
Кощей және шынайы образдар патшалар, помещиктер мен поптар беріледі.
Араб ертегі дискурсында
Ібіліс, шайтан, жын, Әзірейіл, Жәбірейл
тәрізді кейіпкерлердің болуы ислам дінінің келуімен тікелей қатысты. Араб-
мұсылман елдеріне түсінікті діни тілдік бірліктер. Әрқайсысының
жасайтын өз
қызметі бар. Ібіліс (дьявол) – адамзатты аздырушы. Сөйтсе де ертегіде оны
95
жеңетін ақылды жандар табылады. Теңдессіз күші бар жынды қарапайым
айласы артқан балықшы құмыраға салып, шығармай қояды. Яғни, айла мен
ақыл бәрін жеңеді деген оймен қорытады. Шығыстық мифологиялық дәстүрде
жынның жасырынған мекені қандай да материалдық мәдени зат болып келеді.
Мысалы, «май шам», «амфора», «құмыра» және т.б. Араб ертегі дискурсы
бойынша мифологиялық жаратылыс иесі – жын зат иесінің елгезек, әрі бар
тілегін
орындайтын
бағыныштысы
болып
табылады.
В.Я.Проптың
«Морфология сказки» атты еңбегінде аталғандай,
ертегілерде кейіпкерлерінің
аттары өзгергенімен қызмет түрлерінде айтарлықтай өзгешелік болмайды [131,
234].
«Ертегі мәтінінде небір сөз шұрайы, троптың түрлері, теңеулер, қисынды
сөз оралымдарын байқаймыз. Бұл дегеніңіз қазақ халқының сөз өнеріне деген
құрметі, жалпы ұлттың дүниетанымын, әлемдік бейнесін, қоршаған ортаға,
тарихи құбылыстарға деген танымын аңғартады. Осындай ертегілер арқылы
және олардың сюжетін аңғара отырып, біз түрлі елдердің өмір сүру салтын,
халықтарының тұрмыс-тіршілігін танимыз, түрлі халықтардың тұрмысы мен
мәдениетіндегі айырмашылықтарды байқаймыз. Сондықтан да әлем
халықтарының кез келгенінің ертегілер жинағы
тек қызықты әдеби шығарма
ғана емес, сонымен қатар өзіндік ерекшелігі бар әлемдік энциклопедия, елдер
мен халықтардың мәдениеті туралы да қажетті білім беретін қайнар көз» деп
жазады С.Қасқабасов [132, 269].
Қорытындылай келе, ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемінің
қарым-қатынас стратегиясы сөйлеушілердің сөйлеу мәнерінің ерекшелігінен,
ұлттық сөйлеу әдебінен, сөйлеудегі сыпайылық пен сөз мәдениетінен, сөйлеуде
қалыптасқан стереотипті формалардан көрінеді. Сөйлеуші мен тыңдаушы
арасындағы дискурс орын алу үшін ұлттық сөйлеу әдебі ерекшеліктеріне назар
аударудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: