9
ертегілік категориясының хронотоп белгілерінің жиі кездесуін айтуға болады.
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің семантикалық деңгейі мәдени
кодтардан, мәдени маркерлерден, символдардан, олардың астырт және үстірт
құрылымдарындағы мағыналарынан көрінеді.
6. Ертегі
дискурсының
лингвомәдени
өлшемдерін
анықтаудың
маңыздылығы ондағы мәдени код, мәдени маркерлер, символдардың астырт
құрылымдарын түсіндірумен анықталады. Ертегі дискурсының астырт
құрылымдарындағы мағыналар әр ұлттың дүние туралы кодталған білімдер
жүйесін құрайды. Осындай дүниелік білімдер ертегі тыңдарманының
санасында болғанда дискурс орын алады. Сондықтан ертегіші я болмаса
тыңдаушының сөз стратегиясында мәдени мәнді сезіне алатынын немесе
сезіне алмайтынын анықтаудың ертегі дискурсы үшін мәні ерекше.
7. Ертегі дискурсы лингвомәдени өлшемдерін салғастырмалы талдау
әдіснамасы, принциптері анықталып, оны зерттеудің дискурстық-лингвомәдени
салғастырмалы талдау үлгісі ұсынылды. Аталған үлгі үш деңгейден тұрады, әр
деңгейдің өзіне тән зерттеу үлгілері жасалынды. Зерттеу үлгісін жасау
барысында концептуалдық талдау, салғастырмалы әдіс, салғастырмалы
лингвомәдени талдау әдістері, дискурс талдау бойынша жазылған әдіснамалық
принциптер басшылыққа алынды. Ұсынылған зерттеу үлгісін осы бағыттағы
болашақ зерттеулерде қолдануға болады.
8. Қазақ, орыс және араб ертегі дискурсын салғастырмалы талдау ертегі
дискурсының жанрына тән әмбебап белгілер (бір типті кейіпкерлер, ғажайып
заттар, магиялық тапсырмалар, ғажайып көмекшілер, тірек концептілер,
ертегінің басталуы, ортасы және соңында қолданылатын тұрақты клишелер,
«үш» және «жеті» сандарының символдық мәні, тілдік бірліктердің таңдап
қолданылуы, қайталаулардың стилдік қызметі, айтылымның нақты бір
адресатқа
бағытталуы,
дискурстық
тәжірибенің
болуы,
ертегілік
категориясының болуы) мен ұлттық ерекшеліктерді (атақ-лауазым, киім, тағам,
аң-құс, кәсіп атаулары, оқиғалардың өту орны, фразеологизмдер мен мақал-
мәтелдердің қолданысы, мәдени код, мәдени маркер, сөйлеу әдебі формалары,
әдеп нормалары, сөйлеу актісіне қатысушылардың ішкі жан-дүниесі, ұлттық
сөйлеу мінез-құлқы) анықтады. Ертегі дискурсын салғастырмалы талдау
нәтижесі кез келген мәдениеттегі кодталған білімдер жүйесінің кілтін ашу
дискурс орын алуының маңызды алғышарты деген тұжырым жасауға мүмкіндік
берді.
Достарыңызбен бөлісу: