ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖƏНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Омыртқасыздар зоологиясы пəнінен
Студенттің өзіндік жұмысын жазудың
əдістемелік нұсқауы
Тараз қаласы
СӨЖ жазудың əдістемелік нұсқауы
Дайындалған СӨЖ төмендегі дей талаптарға сай
болу қажет:
Тақырып бойынша студент терең білімдерді пайдалану
қажет. Терминдер мен анықтамаларды пайдалану; Теория
мен практиканың байланыстығы, ғылыми жаңалығы;
Материалды əдеби түрде нақты бірізділікпен жазу.
Тақырыпты таңдау, СӨЖ жоспарын құру жəне
əдебиеттермен жұмыс жасау
СӨЖ-бен жұмыс жасау бірнеше кезендерден тұрады,
соның ішінде бірінші тақырыпты таңдау болып табылады.
Студент СӨЖ тақырыбын өздігінше немесе оқытушы
көмегімен таңдайды. СӨЖ тақырыбы айқын ашылу үшін,
тақырып студентді қызықтыратындай күрделі əрі өзекті
болу қажет. СӨЖ тақырыбы «Биология» кафедрасында
талқыланып бекітіледі.
Студент тақырыпты өз мақсатына сай таңдауы қажет.
Студент тізімнен басқа тақырыпты ғылыми жетекші
көмегімен таңдауға болады. Студент тақырыпты нақты
таңдау
үшін
,
ең
алдымен
əдебиеттермен,
монографиялармен жəне журналдардағы мақалалармен
танысуы тиісті. Жұмыс барысында СӨЖ жоспарын кұру
керек.
Студент тақырыпқа сəйкес əдебиеттермен тандағаннан
бастап, алғашқы СӨЖ-дің жоспарын құру керек. Студентге
арналған пəннің жұмыс бағдарламасында, зертханалық
жұмыстарға арналған əдістемелік нұсқауларда негізгі жəне
қосымша əдебиеттер тізімі көрсетіледі. Бірақ бұл СӨЖ жазу
үшін жеткіліксіз. Қосыша ақпарат көздерін пайдалану
тиісті. Əдебиеттерді таңдауда қосымша ақпараттардың төрт
тобын атауға болады:
Ғылыми жураналдар (мақалалар жəне т.б), «Биология»
саласында
қорғаған
ғалымдардың
еңбектері;
монографиялар,
ғылыми
жинақтар,
анықтамалар;
периодикалық баспалар (журналдар, газеттер, мақалалар);
жеке өндірістердің құжаттары жəне ғылыми зерттеу
станцияларының жұмыстары жəне т.б..
Бірінші ақпарат көздерін пайдалануда тақырыпты
əдістемелік
негіздеуге
жəне
өсімдіктердің
дене
қүрылысының
жалпы
принциптерімен,
ботаникалық
терминдермен,
анатомилық
жəне
морфологиялық
зерттеулердің кең тараған түрлерімен танысады.
Екінші ақпарат көздерін пайдалануда, тақырыптың
мазмұны
мен
мəселесін
ашуға,
арнайы
ғылыми
ақпараттардың түжырымдаулары мен пайымдауларына көз
жеткізеді.
Үшінші ақпарат көздерін пайдалануда Жаршы, Ізденіс,
ТарМПУ жаршысы, «ТарМПУ хабаршысы», «Оңтүстік
Қазақстанның білім жəне ғылымы», «Зоология» жəне т.б
журнал -газеттердегі ғылыми мақалаларга ізденіс жасайды
Төртінші ақпарат көздерін пайдалануда студент,
болашақ мамандыгына байланысты ғылыми жетекшісінің
көмегімен ғылыми өндіріс жұмыстарының құжаттарын
сараптауға мүмкіндік береді.
Əрбір əдеби деректер өздігінше (монографиялар мен
мақалалар)
жетістіктер
мен
қателіктер
бар.
Монографияларда көбнесе туындаған жəне бекітілген
теориялық тұжырымдамалар жазылады. Онда туындаған
ғылыми мəселелерді барлық жағынан терең зерттейді
Бірақ ол ақпараттарда да кемшілік болады, себебі
олардың басылып шығуына көп уақыт өтеді де əрі ескіреді
Бұл уақытта көптеген ғылыми зерттеулер басылып шыгады.
Бұл уақытта газет пен журналдарға басылған ғылыми
мақалалардың мазмұны да жаңарады.
Əдебиеттерді жинақтауда «Биология» кафедрасынан,
университет кітапханасынан жəне басқа да кітапханалардан
іздеу тиісті. Оқытушылардың кеңесі мен кітапханашы
көмегімен каталогтарды іздеу студентге əдебиеттерді дұрыс
таңдауға жол береді.
Жоспар СӨЖ-ның негізгі құрамды бөлігі. Сұрақтарды
құруда логикалық түрде болу керек. Əрбір сұрақ логикалық
түрде бір -бірімен байланысты болу қажет.
Студент тақырыптың жоспарын мəселені айқын
ашатындай үш-төрт сұрақтан тұратын жəне əр сұрақта
қосымша сұрақтар болуы керек. Жалпы айтқанда, жоспар
кіріспеден, негізгі бөлімнен (мазмұны 3-4 сұрақ болу керек),
тəжірибе бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Аталган əдеби ақпарат көздерін оқуда қысқаша
конспект құру жəне зерттелінген құжаттарды, мақалаларды
жинақтау қажет. Конспектеу кезінде тексті толық оқып жəне
керек жерлерін белгілеп, содан соң бірізділікпен жазу қажет.
Мұндай методикалық əдіс оқығанды жақсы түсінуге əрі
тексті көшіріп алудан сақтайды. Ең бастысы ботаникадағы
заңдардың,
категориялардың
жəне
анықтамалардың
практика жəне теория жүзінде зерттелініп анықталгандыгын
көрсетеді.
Студент кең материалды өңдеуде көптеген кітаптардың
ішінен көп үзіндісін көшіргендіктен кейбір жерлерін өз
сөзімен қысқартуға тура келеді.Мұны өздігінше жазу десе
болады. Кейбір ботаникалық терминдермен анықтамалар,
зандылықтарды толық жазуға тура келеді. СӨЖ жазу
кезінде күрделі ойларды толығымен кезең-кезеңмен жазып
көрсетуге болады.
Көшірмені (конспект) жеке парақтарға жасаған дұрыс.
Көшірмені қағаздың бір бетіне жазып соңында кітаптың
авторын, атауын, шығу баспасын жəне бетін көрсеткен
дұрыс.Мұндай көшірме өте қолайлы, себебі сұрақтар
бойынша жинақтауға болады. Мұндай əдіс СӨЖ-ді жазуға
əрі ойды жинақтауға жеңілдетеді.
Кестелер мен суреттер СӨЖ-дің мазмұнын ғылыми
түрде одан əрі айқындай түседі.