СӨЖ текстін жазу тəртібі.
СӨЖ-ді жазу кезінде көшірмелерді өндеу қажет. Ең
алдымен жинақталған материалды оқып шығып СӨЖ
жоспарына сəйкес жинау керек. Көшірмелерді сұрақтар
бойынша жинақтағанда, Студент кейбір сұрақтардың
жауабы көп болғандықтан керек мəліметтерді алып, керек
еместерін қысқартады. Ондай жағдайда Студент ескі
мəліметтерді қысқартады. Содан соң СӨЖ-ді орындауға
календарлы жоспар құру қажет: СӨЖ-ге жоспарланған жəне
сұрақ бойынша бет саны. Қорытынды мен кіріспеге бірнеше
бет қалдырып, əрбір сұрақты жазуға уақытты үнемдеу
керек.
СӨЖ-ді жазу-бұл ғылыми еңбек. Ол студентден
тақырыпты терең оқуға, сұрақтарға ұзақ ойлануға,
сұрақтарды ғылыми өңдеуге, жəне СӨЖ ді күрделі жазуға
талап етеді. Студентдің СӨЖ жазудағы еңбегі -бұл оның
алғашқы ғылыми ізденісі. Ең басты бұл жұмыста жазуды
логикалық
қысқа
түрде
жазуға
үйретеді.
Кейбір
студентлердің көзқарасы текстке əр нəрсені жазуға болады
деп ойлайды, бірақ ол дұрыс емес.Себебі сұрақтың
мазмұнына байланысты ондағы дəлелденген құнды
ақпараттарды жəне бір-бірімен үйлескен қорытындыларды
жазу керек .
СӨЖ жазғанда кейбір авторлардың тырнақшаға
алынған ойларын міндетті түрде жазу керек. Көбнесе
қорытынды, кіріспе жазғанда пайдалану қажет.
СӨЖ-дегі пайдаланған сандар толық дəлелденген болу
тиісті. Сандарды жазған кезде салыстырмалы түрде
дэлелдену керек. СӨЖ-ді жазғанда сұрақтың бірінші, екінші
,үшінші жəне т.б сол сияқты бірізділікпен кейін кіріспені,
қорытындысын жазу қажет. Қорытындыда жоспар бойынша
жасалынған жұмысқа сипаттама беріледі. Кіріспені ең
соңында жазған ыңғайлы, себебі сұрақтар толық
айқындалған
əрі
ғылыми
зерттелінген.
Кіріспеде
тақырыптың актуальдығын негіздеп, əдеби деректерге жəне
тақырыпқа жалпы сипаттама беріп, зерттеудің мақсаты мен
міндетін көрсету қажет. СӨЖ жазылып біткен соң оқытушы
автор еңбегіне пікір білдіреді де қателіктері мен
жетістіктерін СӨЖ-да көрсетеді. Содан соң СӨЖ-ді қайта
өңдеп жазуға болады. Тексерілген СӨЖ-ді қайта дұрыстап
болған соң, Студент семинар немесе зертхана,теориялық
конференцияда баяндауға болады. Егер Студент əдебиеттер
мен материалды терең оқып, жақсы СӨЖ жазса, оны одан
əрі курстық жұмыс немесе диплом жұмысына жалғастыруға
болады.
Бөлімді қорытындылай келе, студентдің жұмыстарында
байқалатын өрескел қателіктерді байқауға болады:
1.Текст механикалық түрде ақпарат көздерінен
өзгеріссіз көшіріліп алынып, өңделмейді.
2.Текст жоспар бойынша сұрақтарға бөлінбей
жұмыстың құрылымдық логикасы қарастырылмайды.
3. Жаңа əдеби деректер пайдаланбайды.
4. СӨЖ көлемі жəне безендірілуі талаптарға сай емес.
5. Қолданылған əдебиеттер тізімінің қатары дұрыс
қойылмайды.
6. Автордың жеке қорытындылауы мен үсыныстары
жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |