Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет31/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

«Ерте-ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, 
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен, деп немесе 
 Бар екен де, жоқ екен, аш екен де тоқ екен
....» 
[91] 
- деп тақпақ түрінде 
бастайтын болған. Осыдан кейін барып негізгі ертегілік оқиғаға ойысады. 
Осындай ертегі мәтінінде кездесетін грамматикалық құрылымдар тек қазақ 
ертегі дискурсына ғана тән емес, сонымен қатар орыс ертегі дискурсында да
көптеп кездеседі. Мысалы,
 
• «жили-были»; 
• «в некотором царстве, в некотором государстве»; 
• «скоро сказка сказывается, да не скоро дело делается»; 
• «и я там был, мед-пиво пил, по усам текло, да в рот не попало»; 
• «повели под венец, тут и сказке конец»; 
• «тут и сказке конец, а кто слушал – молодец» [96].


65 
Кейде ертегішілер бұлайша тақпақтап отырмай, бірден айтатын оқиға 
мазмұнына кіріседі, ертегіге қатысатын басты кейіпкерлерімен бірден 
таныстырады. Мысалы, 
«Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы 
болыпты немесе баяғыда бір бай болыпты, бір перзентке зар болыпты»[91]. 
Ертегілерде 
айтылатын 
оқиғаларды 
бұлайша 
баяндау 
– 
ертегінің 
лингвокомпозициялық тәсілі, әрі ертегінің құрылымына тән басты ерекшелігі 
болып есептеледі. Бұл грамматикалық құрылымдар ертегілік әсерді беруде 
үлкен рөл атқарады. Осы тәріздес грамматикалық құрылымдар басқа бірде-бір 
дискурс түрінде кездеспейді. 
Ертегінің басты кейіпкерлерінің халыққа көмектесетін жерін: «
Ол, 
мейлінше қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты, қысылғанға 
жәрдем беріпті, өзімдікі дегенді білмепті, жатсынуды сүймепті, табысына 
бүкіл ел ортақ болыпты
» [97] («Керқұла атты Кендебай» ертегісі) деп 
сипаттайды. Мұндай грамматикалық құрылымдар ертегіде жиі кездеседі. 
Ертегілік батырды осылай ерекше етіп суреттеу салыстырылып отырған орыс 
ертегілерінде де жиі кездеседі. Мәселен, «
В некоем королевстве служил у 
короля солдат в конной гвардии, прослужил двадцать пять лет верою и 
правдою; за его честное поведение приказал король отпустить его в чистую 
отставку и отдать ему в награду ту самую лошадь, на которой в полку ездил, 
с седлом и со всею сбруею
» [96] («Заколдованная королевна» ертегісі). 
Сондай-ақ ертегі дискурсына тән тағы бір грамматикалық ерекшелік 
ертегілік эпизодтардың қайталанып отыруы. Мысалы, «... 
оған разы болмасаң, 
Тоғай толған қойым бар. Жіберші мені, шешетай», «...оған разы болмасаң,
Желі толған түйем бар. Жіберші мені, шешетай», «... оған разы болмасаң,
өріс толған жылқым бар. Жіберші мені, шешетай»[91] («
Ер Төстік
» 
ертегісі)
 , 
«..Я ж тебе говорил: не бери пера, горе узнаешь! Ну, да не бойся, не печалься: 
это еще не беда, беда впереди, «Не плачь, не тужи; это еще не беда, беда 
впереди! Ступай к царю, попроси палатку с золотою маковкой да разных 
припасов и напитков на дорогу. «Не бойся, не плачь, жив будешь!» [96](
«Жар-
птица и Василиса-царевна» ертегісі)
немесе қазақ мәтінінде кездесетін «аз 
жүрді ме, белгісіз, көп жүрді ме»[91]
(«Ер Төстік» ертегісі
) деген тіркес орыс 
тілінде «Долго ли, коротко ли – приезжает он на край света, где красное 
солнышко из синя моря восходит
», «
Ах ты, храбрый воин! Чего убоялся? Как 
же Белый Полянин воюет с бабой-ягою золотой ногою, тридцать лет с коня 
не слезает, роздыху не знает? А ты, ничего не видя, испугался!» [104] («
Иван-
царевич и Белый Полянин» ертегісі

деген сөйлемдермен беріліп отырады.
Арабтың «Әли-Баба және қырық қарақшы» ертегісінде айтылатын «Сим-сим, 
есік ашыл!» деген тіркесті бірнеше адам қайталауы көрінеді. Әрі бұл тіркес 
барлық халықтарға дерлік тарап, түрлі мақсатта қоланылып жүр деуге болады. 
Мысалы, орыстың заманауи мультфильмдерінде, ән мәтінінде «сим-сим 
откройся, сим-сим не бойся» тіркесі түрінде қайталану бар. 
. « ِ
مِسْمِسِاي ِْحَتْفا» : لاق َو اباب يلَع. «ِ مِسْمِسِاي ِْحَتْفا» : لاق َو ،ِلَبَجْلا يف ِ ة َريِبَك ِ ة َرْخَص َِمامَأ 
Орыс халқының ертегі дискурсының дискурстық тәжірибесінде көп 
кездесетін қайталамалы тілдік бірліктер: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет