Ертегілік ғажайып көмекшілер мен қарсыластар:
«Таусоғар»,
«Көлтаусар»,
«Желаяқ»,
«Саққұлақ»,
«Богатырский
конь», «мыстан»,
«айдаһар», «қарақшылар», «ұрылар», «дию», «Ібіліс», «шайтан», «жын»,
«Әзірейіл», «Жәбірейл», т.б. Қазақ ертегісіндегі Төстікке немесе Күнікейді
іздеуге шыққан жетім балаға жолдас болатын «Таусоғар», «Саққұлақ»,
«Желаяқ», «Көлтаусар» сияқты ғажайып көмекшілердің тотемдік таным
бойынша табиғат құбылыстарының немесе жаратылыстың иелері ретінде
беріліп отырады. Ғажайып көмекшілердің барлығы ерекше жаратылыс иелері.
Олар әрқашанда жақсы істердің басынан табылады, жауыз, зұлым күштермен
айқасады, үнемі жеңіске жететін жеңімпаздар. Мысалы, «...
– О, неғып жүрген
адамсың?
-
десе, Төстікке жолдас болайын деп едім», дейді.
–Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар?
-
дейді Төстік.
–Жұрттан асқан алыппын, тауларды көтеріп ермек қыламын. Таусоғар
деген ермін,
-
дейді кісі»
(«Ер Төстік» ертегісі).
Сиқырлы заттар
: «лезде ет пісіретін кездік», «ковёр-самолёт», «құмыра»,
«сиқырлы шам», «ұшқыш сандық». Мысалы, «...
Бала тағы да алтын ағашты
іздеп кетеді. Бірнеше күн жол жүріп, бір жерлерге келсе, алдынан бір ақ
сақалды шал шығады. Бала өзінің іздеп келе жатқан жұмысының мән-жайын
әлгі шалға айтады». Ақ сақалды шал:
– «Осы бетіңмен жүре бер. Бір жерлерге барғанда биік тауларға
кездесесің. Таудың бауырынан бір қоян қашар, сен сол қоянды қуа бер, ол қоян
барып бір жердің үңгіріне кірер. Сонда ол сол жақтағы үңгірге кірер, сен оң
жақтағы үңгірге кір. Сонда қырық ұрыға кездесерсің, олар сені «өлтіреміз»
дер, сонда сен: «Мен әп-сәттің ішінде ет пісіре аламын», — де. Сол уақытта
қырық ұры саған ет пісіртіп, қарап тұрар. Сен етті қазанға салып, мына
кездікпен түртіп калсаң, ет өзінен-өзі пісіп шығады», — деп балаға бір күміс
сапты кездік береді» [95](«Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісі).
«
Подходит к этой горе и видит – три черта дерутся, кровь с них так и
льется, клочья так и летят!
– Стойте, окаянные! За что вы деретесь?
– Да, вишь, третьего дня помер у нас отец, и остались после него три
чудные вещи: ковер-самолет, сапоги-скороходы да шапка-невидимка, так мы
поделить не можем
» («Заколдованная королевна» ертегісі).
.اياوزلاِىدحإِيفِلمهمِقودنصِىلعِسلجفِ،امومهمِرادلاِءانفِىلإِجرخِنزحلاِهيلعِىلوتساِاملو
(«رئاطلاِقودنص» Ұшқыш сандық ертегісі).
77
Уақыт пен кеңістікке қатысты бірліктер
. «Адам баласының ақпараттық
өрісінің маңызды элементінің бірі – уақыт. Ол – адам санасы кеңістігінің ең
маңызды қаруы. Адам санасының әрбір микроқұрылымы сол құрылымға ғана
тән уақыт пен кеңістікке ие болады» [113, 29] деп көрсетеді Н.Н. Аитова.
Қиял-ғажайып ертегінің кеңістігі үнемі шартты түрде белгіленген болып
келеді. Бұған мысал ретінде орыс ертегілерінің мәтінінде жиі кездесетін мына
тіркестерді атауға болады: «за тридевять земель»,
волшебный и дремучий лес
,
избушка на курьих ножках
және т.б. Мысалы, орыс халық ертегілеріндегі
әрекет ету орны «
тридесятое государство
», «
некоторое царство, некоторое
государство
» [96], т.б. болып келсе, қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде
«Ертеде, ерте-ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында,
Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты», «Ерте, ерте, ертеде
Құбахан деген хан екен. Малының саны жоқ екен. Хандығының көлемі жеті
Достарыңызбен бөлісу: |