2.2 Ертегі дискурсының қарым-қатынас стратегиясы
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің екіншісін қарым-қатынас
стратегиясы деп анықтаймыз. Осы тараушада ертегі дискурсындағы қарым-
қатынас стратегиялары арқылы лингвомәдени және ұлттық ерекшеліктердің
бейнеленуін анықтауға тырысамыз. Ең алдымен «стратегия», «қарым-қатынас
стратегиясы»
ұғымдарына
тоқталмақпыз.
Аталған
терминдерді
коммуникативтік лингвистика бойынша жазылған еңбектердің барлығынан
кездестіруге болады. Бұл туралы Л. Карлсон [115, 55], Х. Паре [116, 99],
Ю. Эдмондсон [117, 81], Р. Зекхаузер [118,171] былай деп жазады: «Стратегия –
прагматиканың кез келген моделіндегі орталық
теориялық ұғым:
прагматикалық «терең грамматика» дәстүрлі тіл біліміне берілмейді, себебі
прагматикада стратегия әрекет етсе, ал формальды лингвистикада – ережеге
сүйенеді, сонымен қатар олар ауызша сөйлеу теориясының актісі ретінде
конвенция категориясы айналасына әдіснамалық тұрғыда құрылған».
Л.М. Макаров «Стратегия дегеніміз сөйлеушінің шешімдері, белгілі бір сөйлеу
әрекеттері мен тілдік құралдарды қарым-қатынас мақсатына сай таңдау тізбегі»
[119, 193] деп анықтайды. Тағы бір көзқарас стратегияны сөйлеу
мақсаттарының жиынтығын жүзеге асырумен байланыстырады. Берілген екі
көзқарас бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бір-бірін толықтыра отырып,
олар табиғи тілдік қарым-қатынастың көп деңгейлі және көп қызметті сипатын,
оның құрылымын толығырақ ашады. Әрбір айтылым, олардың бір-бірімен
байланысы көптеген қызметтерді атқарады және көптеген мақсаттарды
көздейді, сондықтан сөйлеушілер алға қойған мақсаттарына барынша сай
келетін тілдік құралдарды таңдайды. Стратегияны танымдық үдеріс деп айтуға
болады, онда сөйлеуші өзінің қарым-қатынас мақсатын белгілі бір тілдік
80
құралдармен сәйкестендіреді [120, 197]. Ю.С. Городова ертегі дискурсындағы
қарым-қатынас стратегияларын арнайы зерттей келе, стратегияны ертегі
дискурсының қарым-қатынас мақсаттарына тиімді қол жеткізуге бағытталған
мәтіннің ұйымдасуы деп анықтайды. Ертегі дискурсындағы ертегішінің қарым-
қатынас стратегиясының үш түрін ажыратады: 1. Ертегі дискурсының жанрлық
ұйымдасуы (ертегінің басы, ортасы және аяқталуына тән тұрақты клишелердің
қолданысы қазақ, орыс, араб ертегі дискурсына тән, бұл ертегінің барлық
халықтарда кездесетін, бастауы діни таным-түсініктерге негізделген, ауызша
пайда болып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған мәдени құндылық екендігімен
түсіндіріледі. Ертегі дискурсының жанрлық ұйымдасуында өзгешелік
байқалмайды). 2. Оқырманға әсер ету мақсатында нақты стилистикалық және
лексикалық құралдарды таңдауға бағытталған стратегия (зерттеу нысанына
алып отырған үш тілдің ертегі дискурсында аталған стратегия бар, олардың
қолданысы белгілі бір тілдің сөздік қорына, тіл байлығына, стилистикалық
құралдарының алуан түрлілігіне байланысты анықталады). 3. Ертегі мәтініндегі
жағдаят пен адресанттың ертегі мәтініндегі жағдаятқа деген қарым-қатынасын
және оның дүниетанымын анықтауға бағытталған стратегия (аталған стратегия
осы тараушада нақты мысалдармен дәлелденеді) [44, 57]. Қарым-қатынас
стратегиясын қарым-қатынас мақсаттарына жету жоспарымен анықталатын
және диалогтік қарым-қатынас жағдайындағы сөйлеушілердің бірінің мінез-
құлық түрі ретінде анықтауға болады [121, 103]. Қарым-қатынас стратегиясы
әрдайым икемділік пен динамикамен ерекшеленеді, өйткені қарым-қатынас
барысында ол үнемі түзетіліп отырады, сөйлеушінің сөйлеу әрекеттеріне және
дискурстың үнемі толықтырылып, өзгеріп отыратын мәнмәтініне тікелей
байланысты болады. Дәл қазір айтылып жатқан сөйлеумен оның алдында
болған сөйлеу әрекеттерінің арақатынасы динамикасы, сондай-ақ олардың
кейінгі айтылымдарға әсері стратегияның басты белгілерінің бірі болып
табылады. Стратегиялар нақты бір қарым-қатынас жағдайындағы іс-әрекеттің
мақсаты мен реттілігінің арақатынасына байланысты сөйлеу мінез-
құлықтарының жиі өзгеруіне ықпал етеді [122, 3]. Содан кейін белгілі бір
стратегиялар мен оған сай мақсаттар, іс-әрекеттер белгілі бір әлеуметтік
институттар мен рөлдерге бекітіледі [123, 59], бұл тілдік қарым-қатынасты
талдау үшін өте маңызды.
Ұлттық
тіл
белгілі
бір
этностың
қарым-қатынастағы
сөйлеу
айырмашылықтарын, артықшылықтарын көрсетеді, әдептің қалыпқа түскен
үлгісін, әрі ұлттық сөйлеу мәнерін айшықтайды. Ойды ауызша жеткізу,
әңгімелеу әрекеті кезінде адресант санасындағы ойлап тұрғанын кей кезде
ашық (эксплицитті), кей кезде жасырын түрде (имплицитті) түрде беруі
ықтимал. Барлық айтылғандарды ескерер болсақ, дискурстың ұлттық
ерекшеліктерге бағытталған күрделі құрылым екендігін көруге болады. Сол
тәріздес күрделі құрылымдар сапына ертегі дискурсын да қосамыз. Ертегі
дискурсынан белгілі бір ұлттық тілге қатысты лингвомәдени бірліктері мен
ерекше құралдарын кездестіреміз. Мысалы, «Керқұла атты Кендебай»
ертегісінде келесідей оқиғаға зер салайық:
|